25.Кескін картаға Еуразияның тауларын белгіле. Қателерді тауып, өз жауабыңды негізде.
А)Еуразияның кескін картасында B, C, E әріптерімен таулар дұрыс белгіленген, A және D әріптерінде қателіктер жіберілген. D әрпімен Пиреней таулары, A әрпімен әлемнің ең биік таулары болып табылатын Гималай таулары белгіленуі керек.
В)Еуразияның кескін картасында C, D, E әріптерімен таулар дұрыс белгіленген, A және B әріптерінде қателіктер жіберілген. A әрпімен әлемнің ең биік таулары болып табылатын Гималай таулары, B әрпімен Еуропа мен Азия арасындағы табиғи шекара болып табылатын Орал таулары белгіленуі керек.
С)Еуразияның кескін картасында A, B, C әріптерімен таулар дұрыс белгіленген, D және E әріптерінде қателіктер жіберілген. D әрпімен Пиреней таулары, E әрпімен Альпі таулары белгіленуі керек. Альпі таулары Батыс Еуропада орналасқан және бұл – аймақтың биік таулары.
Д)Еуразияның кескін картасында B, C, E әріптерімен таулар дұрыс белгіленген, A және D әріптерінде қателіктер жіберілген. A әрпімен ең үлкен биік таулы қырат Тибет, ал D әрпімен Карпат таулары белгіленуі керек.
26.Компьютердің көмегімен жиналған, өңделген және сақталатын географиялық нысандар, құбылыстар және үдерістер туралы өзара байланысты барлық деректі қалай атайды? А)Географиялық зерттеу әдістері
В)Географиялық дереккөздер
С)Географиялық деректер базасы
Д)Географиялық құралдар
27.Кестелерді құрастыруда сақталатын жалпы ережелер тізіміндегі дұрыс емес бір жауапты анықта. А)Кесте атауы қысқа және мазмұнға сай болуы керек
В)Бағана атаулары бас әріппен және атау септікте жазылады
С)Кестеде берілген ақпарат шолуға оңай болуы керек
Д)Әрбір кесте «№» белгісі арқылы нөмірленуі тиіс
28........... географиялық нысандарды берілген бағыт бойынша тігінен көрсететін сурет.
А)Карта
В)Сызба
С)Профиль
Д)Картасызба
29Дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр.Ұқсас немесе бір-біріне тәуелді географиялық нысандарды немесе олардың қасиеттерін топтарға біріктіруді ..........деп атайды.