1. Географияны оқыту методикасы


Тақырыбы: География сабағын әдістемелік тұрғыдан талдау



бет12/13
Дата18.05.2022
өлшемі106,72 Kb.
#143756
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1.география
511136
16 Тақырыбы: География сабағын әдістемелік тұрғыдан талдау
1. Сабақтың құрылымдық бөлімдеріне талдау.
2. Сабақтың өту барысына талдау. 
3. Сабақтың бағалануына талдау.

Сабақтарға дайындалу барысындағы қажетті жәйттер:
1. Ұғымдар мен басқа білімдердің мазмұнына анализ жасау керек, ол үшін:
Ұғымдардың негізгі белгілерін (мысалы, таудың негізгі белгілерін: басы, беткейлері, табан және басқалары) айқындау. Ұғымның түрлемелі белгілерін (сырт көрінісіне, биіктігіне, беткейлерінің тіктігіне, төбелерінің формасына және басқаларына қарап таулардың өзгешеліктерін) анықтау;
Құбылыстардың, заттардың мәнін ашатын себеп-салдар байланыстарын (таулардың өзгешеліктері жасына, тауларды құрайтын жыныстардың құрамына, қирату жұмыстарын жүргізетін қазіргі мұздықтардың қозғалысына, үгілу процестеріне және басқаларға байланыстылығын) айқындау. Оқулықтан ұғымның анықтамасын табу және оның мазмұнына сәйкес келуі (онда мәнді белгілер мен байланыстар көрсетілгендігі) туралы қорытынды жасау;
Ұғым мазмұнын анализдеу негізінде, оның ішінен мағыналық бірліктерді ажыратып, түсіндірме дайындау. Мәселен, «таулар» деген жалпы түсінік (V класс) әр түрлі жастағы таулардың сыртқы көрінісін сипаттауды, жалпы және ерекше белгілерін айқындауды, бұл айырмашылықтарды тудырушы себептерді анықтауды қамтиды.
2. Жаңа білімді қалыптастыруға негіз болатын сүйеніш білімді есепке алу, яғни өткен курстардың бағдарламалары және оқулықтары бойынша оқушылардың осы ұғымды қабылдауға мүмкіншілік тудырарлық дайындылығын айқындау. Сонымен: объектілердің, құбылыстардың айрықша белгілерін анықтау үшін қандай сүйеніш білімдерді қатыстыру қажет екендігін белгілеп, яғни оқушылар өзінің бақылауы мен өмір тәжірибесі арқасында олар туралы нені білуі мүмкін екендігін есепке алу. Оқушылар карталармен, графиктер, оқулық текстімен, суреттермен және т.б. қандай әрекеттер жасай білетіндігін, жаңа ұғымды қалыптастырумен байланысты оларды алғашқы рет қандай әрекеттер жасауға үйрету керектігін есепке алу.
3. Білім мен іскерлкіті игеруді қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды анықтау, ол үшін: ұғымдардың мазмұны және оқушылардың даму дәрежесіне сәйкес, олармен (карталармен, суреттермен, оқу фильмдерінің фрагменттерімен, диапозитивтермен коллекциялармен және т.б.) жұмыс істегенде, оқушылар ұғымдарды меңгеріп алуына қажетті оқыту құралдарын іріктеп алу. Ұғымдардың белгілерін дәл анықтауды, сондай-ақ себеп-салдарлы байланыстарды анықтау үшін сүйеніш білімді қатыстыруды және оқушыларды білімнің әр түрлі көздерімен жұмыс істеу әдістеріне үйретуді қамтамасыз етуге тиісті білімді ауызша баяндау методтарын таңдап алу, сонымен бірге практикалық және дербес істейтін жұмыстардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, осында – бағдарламалық және проблемалық оқытудың элементтерін пайдалануына болады.
4. Осы сабақтың оқу материалының (логикалық құрылуын) құрылым және ұғымдардың күрделілігі мен оқушылардың жұмысқа дайындығына байланысты оқушылардың білімді игеру жүйелілігін анықтау.
5. Орындаған жұмыстың негізінде мұғалімнің білімді ауызша баяндау әдістері мен оқушылардың дербес жұмыс істеуінің үйлесімін анықтау. 
Үлесімді таңдап алу мыналарға байланысты: 
- Материалдың мазмұнына (фактіге негізделген, суреттеме, немесе өте - мөте ғылыми материал сабақтың басты мазмұнын құрайды); 
- Оқушыларда сол немесе басқа ойлағыштық операция жасау (анализдеу, дәлелдеу, салыстыру, талдап қорыту және т.б.) іскерлігін дамытуды қажеттігіне;
- Осы сабақта қандай да болсын дағдылар мен іскерлікті оқушылардың алу мүмкіншілігіне;
- Материалдың оқушыларға қатысты дәрежесіне;
- Оқушылардың дайындық дәрежесіне байланысты. 
Егер оқуға жататын материал оқушыларға белгісіз немесе күрделі жаңа ғылыми ұғымдар болса, мұғалім оны толығынан баяндауы керек. Түсіндіру жүйелі, дәлелді, түсінуге оңай болып құрылуы керек. Түсіндіру барысында көрнекі құралдарды кең пайдалану керек. Мұндай сабақтарда материалдың күрделілігіне қарай түсіндіру, 20-дан 30 минутқа дейін уақыт алады, қалған уақыт мұғалімнің қанша түсіндіру және оқушылардың сұрауына, дербес істейтін жұмыстарына бөлінеді. Тапсырма бойынша оқушылар карталарды оқу негізінде анықтамаларға немесе мұғалімнің баяндауындағы кейбір ережелерді растайтын, әсіресе себеп-салдар байланыстарын анықтағанда, нақты мысалдар таңдап алады.
Дербес істейтін жұмыстар және сұрақтарға берілген жауаптар мұғалімнің түсіндіруін қорыта алады. Бұл жағдайда жаңа материалды түсіндіргеннен кейін оқушылар мәтінмен жұмыс істейді де, ол бойынша таблицалар, кескіндер, немесе түсіндіру кезінде қолданылмаған оқулықтағы иллюстрация материалын өз бетімен анализдейді.
Жұмыс методтарының басқа үйлестіктері және оларға сай келетін ойланғыштық операциялар, белгісізді белгімен табиғи біріктірген материалды, мәселен 8 сыныпта Қазақстанның ірі территорияларын оқығанда қолданылады. Осы сияқты сабақтарда дербес істейтін жұмыстар әлде қайда көп орын алады да, бірінші планға шығады.
Егер сабақтың мазмұнында көп суреттеме материал (ауа райын, өзендерді, өсімдік зоналарын сипаттау) болса, қосымша үзінділерді оқумен, оқу фильмдерін қараумен, суреттерді, фотографияларды көрсетумен мұғалімнің әңгімесі басым орын алады. Алайда, құралдарды қараудың, олардың мазмұнын оқушылардың өз бетімен анализдеуін міндеттейді. Бұл көпшілік жағдайда жаппай әңгімелесу процесіне өтеді.
Жаңа білімді қалыптастыруда мұғалумнің сұрақтары бойынша әңгімелесу үлкен роль атқарады. Баяндау сұрақтары мазмұны мен методтарына байланысты әр сабақта әр түрлі орын алады. Мәселен ұзақ түсіндіруді талап ететін мектеп лекциясы методын қолданғанда, сұрақтар әдетте сабақтың бас кезінде проблема ретінде қойылады. 
Егер баяндалатын материал оқушыларға жарым-жартылай таныс болса, сұрақтарды баяндау барысында қоюға болады. Бұл жағдайда олар оқушылардың назарын карталарды оқуға, оларды салыстыру үшін дербес жұмыстар істеуге, бұрынғы білім мен мен өмір тәжірибесін қатыстыруға бағыттайды.
Сұрақтарды қоюда мұғалім қандай дидактикалық мақсаттарды көздесе де, оқушыдан қандай ақыл ой әрекетінің түрі қажет екендігі, жауаптың қанша уақыт алатындығы, берілген сұрақтың жауабы жауабы қысқа немесе тыңғылықты болуының ерекшелігі туралы ол әр уақытта ойланып отыруы керек.
Сұрыпталған материалды сабаққа дайындағанда оны жеке бөліктерге бөле отырып, олардың ішінен қайсысы мұғалімнің түсіндіруін немесе суреттеме әңгімесін керек ететіндігін, қайсылары жаппай әңгімелесу кезінде, немесе дербес істейтін жұмыстарды орындау процесінде шешіле алатындығын анықтау керек.
6. Білімді игеру процесінде оқушылардың таным әрекетін дамытуға бағытталған мұғалімнің жұмысының әдістерін ойлау.
Ақыл-ой және практикалық әрекеттерінің әдістерін оқушылардың қаншалықты меңгергендігін анықтауға мүмкіндік беретін келесі критерийлерді студенттер анықтап алуға тиісті. Оқушы осы, не басқа тапсырманы орындауға керекті әрекеттің тәсілін, оны пайдалана алуды және өзінің әрекетін ауызша түсіндіре білуі керек. Мәселен, климаттың типін, климаттық картаны және температуралар мен жауын-шашынның диаграммаларының негізінде анықтау керектігін білуі керек. Кез келген аймақтың климат типін анықтағанда оқушы осы тәсілді қолдана білуге тиісті: климаттық карталардың климаттық сандық көрсеткіштерін (қаңтар мен шілде изотермаларын, олардың амплитудасы, жауын-шашынның жылдық мөлшері , диаграммаларға қарап, жауын-шашынның жыл маусымында таралуын және т.б. алынған мәліметтерді әр түрлі климат типтерінің белгілі көрсеткіштерімен) салыстыра отырып, осының негізінде, не басқа аймақтың климат типін анықтай білу.
7. Келесі сабақта қайталау және оқушылардың білімін тексеру үшін, сұрақтар дайындағанда мыналар ескерілуі керек:
Қайталау оқушылардың білімін айқындап қана қоймай, оларды кеңейтіп, қорытындылар шығару іскерлігін, карталарды білімнің дербес көзі ретінде қарап, олармен саналы жұмыс істей алатындығын айқындауы тиіс. Сондықтан, сұрақтарды тұжырымдауды «неге», «қалай», «немен түсіндіріледі» деген сұраулы сөздерден бастау керек.
Қайталау материалды саналы түрде игеруге, онда еркін бағыт-бағдар ала білуі керек, сондықтан сұрақтарды оқушылардың ой-өрісін дамытатын салыстыруларды кеңінен қолдану қажет. 
Сұрақтар бұрын өтілген материалдың негізінде құрастырылумен бірге, пәнге деген қызығуды арттыруға әсерін тигізуі керек, ол үшін мазмұны әр алуан карталарды, суреттерді, гербарийлерді, пайдалы қазбалар мен тау жыныстарының коллекцияларын кеңінен пайдалану қажет.
Сұрақтар бұрын өтілген материалдың негізінде құрастырылумен бірге, өтіп жатқан сабақ тақырыбы мен логикалық үйлесімде болуы керек.
1. Сабақтың бас кезінде оқушыларды ұйымдастыру. 
Оқушыларды сабақтың бас кезінде ұйымдастырудағы мұғалімнің әдісін бағалау: сабақты жабдықтаудың даярлығы мен оқушылардың жұмыс орнын, сабаққа келмей қалған оқушыларды тексерудегі жылдамдығы, алдағы жұмысқа оқушылардың зейінін аудару, сабақтың бас кезінде оқушылардың сабаққа қатысуы.
2. Оқушылардың білімін тексеру және қайталаудағы әдістер мен формалар.
1. Оқушылардың ырықты зейінін ұйымдастыру мен қайталау, тақырыпты қайталау сипаты жөніндегі мұғалімнің қызметіне баға беру (тапсырмалар мен сұрақтарды проблемалы қоя білу, жауап беруші мен оны тыңдаушының міндеттерін жеке және жалпылама берілетін тапсырмаларды түсіндіруі). 
2. Сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнының сипаты.
3. Сабақты сұрау формалары (жалпылама, жеке).
4. Оқушылардың біліміне баға қоя білуі, оны не үшін қойғанына мұғалімнің мотиві.
3. Жаңа материалды оқып үйрену.
1. Оқушылардың жаңа білімді оқып үйренуін ұйымдастырудағы мұғалімнің жұмыс әдісін анықтау.
2. Мұғалім баяндап берген жаңа білімнің мазмұнын бағалау: білімдік- тәрбиелік құндылығы, идеялық бағыты, білімді бағалау үстіндегі мұғалімнің сенімінің күштілігі, негізгі дидактикалық принциптерді ұштастыра білуі, ғылымилық пен терең білімділікті түсініктілікпен және көрнекілікпен ұштастыруы оқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы, пән аралық байланыстың болуы, жаңа материалды оқып үйренумен байланыстыра отырып, география бойынша, басқа пәндер бойынша алған тірек білімдерін анықтай білу.
3. Білімді ауызша баяндаудағы методтар мен әдістерді анықтау және олардың мақсаты, мазмұны жағынан оқушылардың сабаққа даярлығы мен баяндау әдісінің әр түрлілігі жағынан бағалау (сұрақтардың сипатына қарай, олар ойлау қызметін бағыттауы фактілі білімдерді оқушылардың қалай білетінін анықтауда, жалпы ұғым мен заңдылықты, себеп – байланысты т.б. айқындауда қалай бағытталған)
4. Жаңа материалды пысықтау.
Жаңа сабақты пысықтау кезіндегі анықталатындар: материал сабақтың қай бөлімінде пысықталды, қай материал қандай мақсатпен қайталанды, сұрақтар – оқылған білім ойша не жай елестетуге немесе оқыған жаңа білімді жаңа жағдайға қолдануға бағытталынуы керек. Картамен, таблицамен және т.б. жұмыс істеу кезінде қандай жаңа іскерліктер қалыптасты, оқушылардың ойын дамытатын, оның байқағыштығын арттыратын қызықты сұрақттар болды ма .
5. Үйге тапсырма.
Үйге тапсырмалар бергенде не істеулері керек, үйге берілген материалдың көлемі қандай, өздігінен оқитын материал тапсырылды ма, үй тапсырмасы қандай формада берілді деген мәселелерді анықтау керек.
Қай жолдармен мәтінді оқып қайталауы керектігі, нені және қалай дәптеріне жазып, кескін карталарына т.б. түсіруі тиіс екендігі туралы мұғалім түсіндіріп, нақты нұсқау бере алды ма, үй тапсырмасын беруге уақыт жеткілікті түрде бөлінді ме, оны оқушылардың бәрі бірдей түсінді ме және күнделіктеріне жазып үлгерді ме, -- деген мәселелерді анықтау. 
6. Сабақтың барлық кезеңінде оқушылардың жұмысын бағалау:
1. Ұқыптылығы мен жинақылығы, саналылығы мен белсенділігі туралы жалпы пікір, сонымен бірге мұғалімнің сұрағына сыныптың әсер жылдамдығы және орнында тұрып бірден жауап беруі. 
2. Тақта алдындағы жауап берушінің жұмысын бағалау: жауап беру кезінде материалды толық және анық айту ептілігі, жауабын картадан үйлестіре отырып көрсету, өзінің әрекетін түсіндіріп, материалды бір жүйелілікпен баяндау ептілігі ол оқулықта қалай берілген. 
3. Оқушылардың жұмысының қорытынды бағасын шығару; қайталау уақыты мен білім есебінен, мұғалімнің жаңа білімді түсіндіруінің, сабақтың қорытынды бөлімінің қорытындысын шығаруы керек.
7. Сабаққа мынандай көрсеткіштер бойынша жалпы баға беру.
Оқушылардың дамуы мен тәрбиесінде, оқытуында сабақтың тапсырмасы орындалды ма? Мұғалімнің іс-әрекеті осы сабақ үстінде мақсатпен, міндетпен және оқыту әдісімен үйлесті ме? Сыныпты және өзін басқаруда мұғалімнің іскерлігі неден көрінеді? Қандай қызық формалар мен жаңа методикалық әдістермен танысты. Неге үйренді? Жас мұғалімдер үшін мұғалімнің жеке өз басының құрметтейтін және еліктеуге тұрарлық қандай қасиеті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет