1. Гигиена пәні. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері, басқа ғылымдармен байланыс



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата31.01.2023
өлшемі325,43 Kb.
#167012
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гигиена дифка Шпор (Банда-2 курс)

Жылыландыру
дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені 
біркелкі температурамен қамтамасыз ету. Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір 
жағдайлармен анықталады: жылыландыру жүйесі, отынның сапасы, жылыландырудың 
жеткіліктілігі және реттілігі. 
Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 18
0
-29
0
С аралығында болу керек. Бөлмеде 
тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек. Адам өзін жақсы сезіну үшін, егер 
ауаның температурасының айырмашылығы бөлменің әр нүктесінде еденнен 10 см 
биіктікте және 1,5 м биіктікте 3
0
С көп емес, ал сыртқы қабырғадан 25 см қашықтықта 
температура айырмашылығы 5
0
С – ден көп болмау керек. 
Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылыландыру жүйесі ғана қамтамасыз 
ете алады, сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен 


қамтамасыз етілгені дұрыс. Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерде 
орталықтандырылған жылыту жүйесінің сулы түрі кеңінен қолданылады. 
Орталықтандырылған сулы жылыту жүйесі қазандықтан, құбырлардан және қыздырғыш 
құралдан тұрады. Оны іске қосар алдын жүйені суға толтырады. Қазандықта су қажет 
температураға дейін қыздырылады да трубалар арқылы қыздыру құралдарына жеткізіледі. 
Қызған су қыздырғыш құралдарында салқындап, кері қайтаратын құбырлармен 
айналымға түседі. Су қызған кезде оның көлемі ұлғаяды, сондықтан жүйеде кеңейткіш 
ыдыстар орнатылады, ол жерде судың артық мөлшері сақталады. Орталықтандырылған 
сулы жылыландыру жүйесінің жоғарғы және төменгі таралу түрлері болады. Жоғарғы 
таралу түрінде қыздырылған су жоғары жаққа беріледі, магистральді құбырлар бұл 
жағдайда үйдің төбесінде орналасады, магистральді құбырлардан төмен қарай су тіреулер 
арқылы түседі. Ал қайтарма құбырлар төменге шығады. 
Төменгі тарату түрінде тіреулер, ыстық суды тарататын құбырлар жертөледе орналасады. 
Гигиеналық көзқарастан екі жүйе де бірдей. 
Бөлмелерде қыздырғыш құралдар сыртқы қабырғаның төменгі жағында, терезенің 
астында орнатылады. Ол терезеден кірген суық ауаның ағынын жылытады. Ол оңай 
жуылып, оңай тазаланатын болу керек. Жылыту қондырғыларының температурасы 80
0
С - 
ден көп болмау керек, температура одан жоғарыласа, адам күйіп қалу қаупі туады және 
жылыту қондырғысына қонған шаңның жануы мүмкін. Осы себептен тұрғын үйлерде 
булы жылыландыру қолданылмайды, өйткені қыздыру құралдарында булы жылыландыру 
кезінде температура 100
0
С және одан да жоғары болады. 
Гигиеналық көзқарастан орталықтандырылған сулы жылыландырудың артықшылықтары 
көп: тәуліктің әр кезінде бөлмеде біркелкі температура сақталады, өрт шығу және 
түтінмен улану қаупі жоқ, адамның от жағуға, күл шығаруға уақыты кетпейді, үйді 
ластамайды. Жылыту қондырғыларынан жылу конвекция жолымен беріледі. 
Қазіргі кезде тұрғын үйлерде жылыландырудың сәулелі түрі кеңінен қолданылып жүр. 
Жылыландырудың бұл түрінде қызған су қабырғалардың арасына орнатылған трубалар 
арқылы жүріп, бөлмені жылытады. Үйдің төбесінде орнатылған жылыландыру 
қондырғысының температурасы 28-30
0
С, қабырғалардікі - 40-45
0
С, жертөленікі – 25-27
0
С. 
Сәулелі жылыландырудың орталықтандырылған сулы жылыландырудан 
артықшылықтары да бар: адам ағзасы өзінің бойынан жылу шығаруы төмендейді, 
бөлменің көлденең және тік бағыттарында температура біркелкі болады. Жылыту 
құралдары қабырға арасында орналасқандықтан, оларға шаң жиналмайды. Үлкен көп 
қабатты үйлерді жылумен қамтамсыз ету казандықтардан немесе жылу орталықтарынан 
жүргізіледі. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту да қарастырылған. 
Сулы, булы жылыландырумен қатар қазіргі кезде ауамен жылыту кеңінен қолданылып 
жүр. Мұндай жүйеде сыртқы ауа жылу қабылдағыш арқылы жылыту камерасына, яғни 
жылыту құралы - калориферге түседі, ол жерде жылыған ауа каналдар арқылы бөлмелерге 
беріледі, ал бөлмедегі салқындатылған ауа сору каналдары және сору шахталары арқылы 
сыртқа шығарылады. Бұл жүйеде таза ауа бөлмелерге ұйымдастырылған күйде түседі, ол 
бөлмеде ауа алмасуға жақсы әсер етеді. Бұл жүйені қолданғанда бөлмеге түсетін ауа 
ластанған болмау керек, ол үшін ауа соратын шахтаны шаңның, газдардың түсуінен 
қорғау керек. Каналдың ішкі қабырғасы тегіс болу керек. Тұрғын үйлерде ауамен 
жылытуды қолдану тиімді емес, өйткені мұндай жүйеде бөлмеге қатты қыздырылған ауа 
беріледі, ол адам ағзасында болатын жылу алмасу процесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. 
Орталықтандырылған инженерлік жүйе жоқ жерлерде (орталықтандырылған жылыту 


жүйесі) құрылыс нормасы мен ережесіне сай бір және екі қабаттық тұрғын үйлер салып, 
жылыландырудың жергілікті түрін орнатуға болады. Жылыландырудың бұл түрі көбіне 
ауылды жерлерде қолданылады. 
Жергілікті жылыландыру түріне – 
пеш
жатады. Онымен бір немесе бірнеше бөлмені 
жылытуға болады. Пештің сыртқы қабырғасының температурасы 80
0
С жоғары болмау 
керек. Сыртқы қабырғасы тегіс, шаң жиналмайтын болу керек. 
Пештің кемшіліктеріне мыналар жатады: бөлменің күлмен ластануы, бөлмедегі тәуліктік 
температураның тәулік бойы ауытқуы, отынның толық жанбауынан бөлменің ішіне 
түтіннің шығуы, соның салдарынан адамдарда улану қаупінің болуы, өрт шығу қаупінің 
болуы, күл шығарғанда бөлменің ластануы, от жағуға адамдардың уақытының кетуі 
жатады. 
Адам түтінмен уланған кезде мынадай белгілер байқалады: бас айналу, бастың ауыруы, 
жүрек айнып, адамның құсуы, қалтырау. Егер улану ауыр түрде болса, адам өліп кетуі де 
мүмкін. 
Қазіргі кезде жеке тұрғын үйлерде жергілікті, пәтерлі жылыландыру кеңінен қолданылып 
жүр, бұл кезде орталықтандырылған сумен жылыту жүйесінің принциптері мен 
элементтері қолданылады. Бұл кезде қазандықтан қыздырылған су жылыту 
қондырғыларына жеткізіледі, ал пештің өзі көмекші бөлмеде жеке орналасады және оның 
кіретін есігі бөлек болады. Гигиеналық жағынан мұндай жүйе тиімді болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет