1. Гүлдің құрылысы, қызметі және шығу тегі. Жемістер анықтамасы, пайда болуы мен түрлері. Андроцей. Гинецей. Жалпы сипаттама


-сурет. Тұқым бүршігінің дамуы, мегаспорогенез және аналық гаметофит — ұрық қалтасының дамуы



бет6/6
Дата03.02.2017
өлшемі1,99 Mb.
#8737
1   2   3   4   5   6

10-сурет. Тұқым бүршігінің дамуы, мегаспорогенез және аналық гаметофит — ұрық қалтасының дамуы:

А, Б, В, Г, Д - тұқым бүршігінің дамуы, бір археспориальды жасушаның пайда болуы; Е - археспориальды жасуша; Ж - археспориальды жасушаның редукциялық жолмен екіге бөлінуі; З — төрт жасушаға бөлінуі (төрт мегаспора) И - үш мегаспораның дегенерациялануы және бір мегаспораның қарқынды дамуы. К – мегаспораның өсе бастауы, оның ядросы екіге бөлінеді; Л,М — екі ядроның бірінен кейін бірі екі рет бөлініп, сегіз ядроның пайда болуы (полюсте төрт ядродан); Н- дамың жетілген ұрық қалтасы (аналық өскінше).

 

Мегас­пора жасушасы көлемін ұлғайтады, оның ядросы митоз жолы­мен кезектесіп үш peт бөлінеді. Бірінші бөліну кезінде екі ядроның ортасындағы ірі вакуоль ұзарған жасушаның екі полюсіне ығысады. Бұдан кейін бұл ядролардың әрқайсысы екіден бөлініп, әр полюсте төрттен ядро қалыптасады. Бұл — ұрық қалтасы дамуының сегіз ядролық кезеңі. Одан әрі әр полюстен бір ядро бөлініп (полюстік ядролар), ұрық қалтасының ортасына қарай жылжиды. Бұлар ұрықтануға дейін, кейде одан кейін қосылады. Қосылу нәтижесінде ұрық қалтасының диплоид хромосомалы орталығы немесе соңғы ядросы пайда болады. Полюстерде қалған ядролар цитоплазмамен қоршалып, жасушаларға айналады да, бір-біріне жанаса тығыз орналасады. Микропиле полюсіндегі көлемінің үлкеңдігімен ерекшеленетін жасушаның біреуі аналық гаметаға — жұмыртқа жасушасына ай­налады. Оның жанындағы көлемдері шамалас екі жасуша синергидтер деп аталады. Жұмыртқа жасушасы мен оның синергидтері жұмыртқа аппаратын түзеді. Халаза полюсіндегі үш ядро дараланып дербес жасушаларға айналады. Бұл жасушалар антиподтар деп аталады.



Сөйтіп жабық тұқымды өсімдіктің жалғыз мегаспорасы тұқым бүршігінің (мегеспорангияның) ішінде өсіп жетіліп, жеті жасушалы аналық гаметофитті өмірге әкеледі. Жабық тұқымдылардың аналық гаметофиті өте қатты редукцияланған. Сырттай қарағанда аналық гаметофит қапшыққа ұқсайды. Оның ұрық қалтасы деп аталуы да осыдан. Ұрықтанудан кейін жұмыртқа жасушасынан (аналық гамета) ұрық, орталық жасушадан эндос­перм жетіледі.

Бал арасының үш тобы

Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.

Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.

Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.

Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады.

Еркек араның бірден – бір міндеті – ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйықтығы, балы дәрілікке жасалады.

Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады.

Ара балының бөлінуі

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал — өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондайақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Балдың емдік қасиеті

Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:

1. Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.

2. Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.

3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатып, самасын тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.

4. Ыстық, суықтан тіс қақсағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.

5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.

6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.

7. Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.

8. Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.

9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.

10. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.

11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотыр-ға жағады.

12. Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.

13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.

14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.

15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.

16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.

17. Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды.

Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.

18. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уа-қытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді.

Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады.

Қан аздықтан болатын ұйқы-сыздыққа ыстық су құйған жы-лытқышты аяққа басу керек.

Бір жағдайларға мазасыз-данғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады.

Ал қан қысымы жоғары адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар.

19. Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына

қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Оңдайда адам жөтеле береді. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Немесе, бір литр суға ұнтақтал-ған 500 гр. пиязды, 400 грамм қантты және 50 грамм балды қосып, әлсіз отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып, аузын мық-тап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне ас қасықпен төрт-алты рет ішуі керек. Онымен қызарып ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай – ақ, шәйнекте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.

20. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұрын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.

21. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен кү-ніне бес – алты рет ішуі керек.

22. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.

Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.

23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.

24. Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәру-менді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.

Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондайақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.

25. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.



Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.

Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.



26. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құрамында майды ыдырататын элементтер болса, бал жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.

Балдың құрамы мен қуаты Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

ЛЕКЦИЯ-11. Оқытуды ұйымдастырудың формалары 1. Оқытуды ұйымдастыру формалары, даму тарихы 2. Сабақ – оқытудың негізгі формасы 3. Сабақтарды жіктеу 4. Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру, мұғалімнің сабаққа дайындығы 5. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтың түрлері 6. Сабаққа қойылатын талаптар 1. Оқыту формалары мен даму тарихы Форма деген ұғым латын тілінен аударғанда "forma" сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық - белгілі орныққан тәртіп. Философия пәніңде «форма» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Демек, оқыту формасы – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту формасы: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінің белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты. Педагогика тарихында педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты (1-сурет). Сурет-1. Оқыту формаларын жіктеудің өлшемдері Осыған қарап оқытудың формалары төмендегідей бөлінеді: - жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді); - жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады); - жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған); - өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-Бел-Ланкастер жүйесі); - саралап оқыту, оқушылардың қабілетіне қарай оқыту (мангейм жүйесі); - бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыпыпта 5–6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир (оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән); - Американдық «Винетка – жоспар», «Трамп – жоспар», т.б. - Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс, т.б.). Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары пайда болды, нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады. Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепте, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды (2-сурет). Сурет-2. Оқыту формаларының дамуы Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйінде орындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. Баланы жекелеп оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан. Жекелеп оқытудың жақсы жақтары: • Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды. • Оқушының қатесін уақытында түзетеді. • Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Кемшіліктері: • Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі. • Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды. • Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады. Балаларды жекелеп-топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар оқуға жылдың кез келген уақытында келді. Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті. Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді. Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады. Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау. Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырды. Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады. Сондықтан дальтон жоспарымен оқыту мүмкін болмады. Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән бойынша 5-сыныпта оқиды. Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар. X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украина мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский. 2. Сабақ – оқытудың негізгі формасы Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Мұндағы сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда– атақты чех педагогі Ял Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныптық – сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді камтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік приниптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар: оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау; оқушыларды сыныптарға бөлу; әр сыныпқа бір бөлме беру; күніне 4 сабақ өткізу; әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; қоңыраудың соғылуы; тәртіп; бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек; сабақты күзде бастау; Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты үш бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді,мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский «Мұғалім-сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер, экскурсияны кең қолдануға баса назар аударған. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі, яғни сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте таланты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі. Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде. Сыныптық-сабақ жүйесінің жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді (3-сурет). Сурет-3. Сыныптық сабақ жүйесінің ерекшеліктері Сыныптық-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың маңызы ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға бағытталған жұмысы, нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе жинақталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды. Сыныл-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері. • Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді. • Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді. • Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады. • Жұмыстың негізгі түрі – сабақ. • Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі. • Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды. • Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі; • Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды. Сабақ құрылымы - сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы. Олар мынандай болып келеді: Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау). Сабақта үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу). Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 3. Сабақтарды жіктеу Сабақты жіктеудің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеу (Огородников И.Т., Казанцев И.Н.), сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай (Иванов С.В.), дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты. Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді. И.Н.Казанцев бойынша: Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ. Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы. Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары. С. В. Иванов бойынша: Кіріспе сабақтар. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы. Жаңа білімді меңгеру сабағы. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы. Дағдылану сабағы. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары. Бақылау сабағы. Б. П. Есипов бойынша: Аралас сабақтар. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы. Пысықтау сабағы. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. Білім сынау сабағы. Шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы. Жаттығу сабағы. Қорыту сабағы. Қайталау, білім сынау сабағы. Аралас сабақ. М.И.Махмутов сабақты мақсатына қарай, детерменді жалпы-дидактикалық мақсатына қатысты, меңгеруге тиісті материал мазмұныңа байланысты және оқушының қабылдауына орай жіктейді. Ол сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталады: 1) Жаңа оқу материалын өту сабағы; 2) Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; 3) Жинақтау және жүйелеу сабағы; 4) Аралас сабақ; 5) Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы (4-сурет). Сурет-4. Сабақтың түрлері Сабақ жіктемесінің әр түрлілігі: дидактикалық пайым мен тұжырымдардың болуы, тәжірибеде тұрақталған сабақ түрлерінің негізгі дидактикалық міндеттері мен оның кешендеріне байланысты. Атап айтқанда: 1) Кіріспе сабақ; 2) Жаңа сабақты өту; 3) Білімді бекіту сабағы; 4) Жинақтау сабағы; 5) Есепті-бақылау, аралас сабақ; 6) Диспут, КВН сабақтары. Сабақтың басқа түрлері өздігінен сабақ (репродуктивті түр - ауызша және жазбаша; жаттығу); зертхана сабағы; тәжірибе сабағы; экскурсия сабағы; семинар сабағы. Қорыту және пысықтау сабақтары негізгі екі дидактикалық міндетті шешуге бағытталған: 1) Оқушылардың теориялық білім деңгейлерін көрсетеді; 2) Бағдарламаның өзекті мәселелерін меңгеруде танымдық қызметке қатысты әдістерді қолдануын бұрынғы меңгерген білімнің маңызын ашу амалдарын, барлық бағдарлама бойынша өткен материалдарды оқушылардың игерудегі біліктілік, икем және қабілеттілігін тексеру. Мұның өзі тоқсандық, жарты жылдық және оқу жылында жүргізіледі. Аралас сабақтың жіктемемен берген кіші құрылымының әдістемелік бөліктері оқыту ситуаңиясының жағдайына бағынышты болып келеді және мұғалімнің педагогтік шеберлігі әсер етіп, көбінесе бірінен-біріне тәжірибесі ауысып отырады, сабақтың кейбір рет тәртібін өзгертеді, мұның өзі әр мұғалімнің танымдық үрдісін ұйымдастыру тәсіліне тәуелді. Мұндай жағдайда сабақ құрылымы оңтайлы, жеңіл болып мұғалім өз жұмысын жауапты қарайды (5-сурет). Сурет-5. Сабақтарды жіктеу XX ғасырдың 70-жылдарында отандық мектептерде оқушылардың сабаққа енжарлығы байқалып, оқуға деген қызығушылық құлшынысы төмендеді. Бұл өзекті де өткір мәселеге тәжірибелі мұғалімдер назар аударып, сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізуді жөн көрді, мұндағы басты мақсат оқушылардың білімге деген құлшыныстығын тұрақтандыру. 4. Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру, мұғалімнің сабаққа дайындығы Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру - бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі. Бағыттары: фронтальды – мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өздік жұмысын басқаруы, жеке – өздік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу кызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде тузетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу. Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өздік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энңиклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады; жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-катынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық-оқу-іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс карқының белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өздік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады: - оқу міндетін анықтау үшін сынып екі топқа бөлінеді; - әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді; - топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі; - топтың құрамы сабақтың мазмұныңа қарай өзгереді; - ең жоғары деңғейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады; - топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке орай оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзі оқушыларға байланысты. Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны көбейеді және жеке жұмыс барысында оқушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр). Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде, ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі. Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бір сабақты жоспарлау-мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұның терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу. Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз-тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сүрақтары, жауаптары, пайымдаулары – оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық протесте солғұрлым аз болады. Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық параллель сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады. 5. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтың түрлері Дәстүрлі сабақтың түрлері: Жаңа оқу материалын оқу сабағы. Іскерлік, дағдыны қалыптастыру Қайталау сабағы Бекіту. Білім, білік, дағдыларды қолдану. Қорытынды жинақ. Аралас сабақ. Практикалық сабақ. Білім, білік, дағдыны дамыту. Білімді тексеру Қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: Кіріспе сабағы. Жаңа білімді хабарлау сабағы. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы. Жаттығу және тәжірибе сабақтары. Зертханалық сабақ. Қайталау-қорыту сабағы. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы. Аралас сабақ Өздігінен білім алу сабағы. Дәстүрлі емес сабақтың түрлері: Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады. Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары. Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі. Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды. Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі. Сабақ құрылымы: үйге берілген тапсырманы тексеру 10 минут; жаңа сабақ; бекіту; үйге тапсырма. Пәндік үйірмелер, шеберханалар, зертханалар. Сабақта пәнді оқу бағдарламасынан да көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады. Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылық ететін пән мұғалімі. Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын тереңдетіп оқып, атақты ғалым, жазушылардың, басқада қайраткерлердің өмірі және қызметімен, ғылым және техниканық жаңа жетістіктерімен танысып, ғалымдардың мерейтойларына, ғылыми жаңалықтарға арналған кештер өткізеді, техникалық модельдер жасап, биологиядан тәжірибе жұмыстарын жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырады. Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар ұйымдастырылады, олар үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар, байқаулар және олимпиадалар өткізеді. Кеңестер оқушыларға жеке тақырыптарды, бөлімдерді түсіну үшін беріледі. Кеңес кезінде оқушылар сұрақтар береді, өздері жауап беруге тырысады, мұғалімнің не шақырылған мамандардың берген түсініктерін тыңдайды. Ол сыныпқа, топқа, оқушыға беріледі. Олимпиадалар және байқаулар. Олимпиадалар аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар алдында өткізіледі. Қазір алуан түрлі олимпиадалар мен байқаулар интернет желісінің көмегімен өткізіледі. Балалардың техникалық шығармашылығына арналған көрмелерде оқушылардың ең жақсы жұмыстары көрсетіледі. Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді. Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады. Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес береді. Конференцияның ұзақтығы 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оқылады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар еңгізеді. Конференцияның соңында мұғалім қорытындылап, баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады. Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін айтады. Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі. Факультатив. Ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады. Факультатив сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарды байланыстырады, пәнді оқудан оған сәйкес келетін ғылымды оқу басталады. Білімдік міндеттер бойынша факультативтерде негізгі оқу пәндері терең оқылып, риторика, логика, шет тілі сияқты қосымша пәндер оқылады, мамандық беріледі. Факультативтер теориялық және тәжірибелік түрде де өте алады. Оқушылар факультативтерді өздері таңдап алады, сондықтан олардың іс-әрекеті белсенді. Факультативтерге қызықтыру үшін мұғалім көкейтесті тақырыптарды, оқушыларға ыңғайлы іс-әрекет түрлерін таңдап, олардың ақыл-ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін дамытатын құралдарды қолдану керек. 6. Сабаққа қойылатын талаптар I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: • білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау; • оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру; • оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру; • оқыту принциптерін қолдану; • оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау. II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: • оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау; • оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу; • оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы; • білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру: • жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау; • оларға жеке тапсырмалар беру; • әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау. III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар: • қалыпты температуранық болуы; • ауаны тазартып түру; • жарықтың болуы; • балаларды шаршатпау; • іс-әрекетті түрлендіріп отыру. • сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу; • оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары; • сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы. IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар: • сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы; • сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі; • мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру; • мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс. Тәрбиелік талаптар: • оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою; • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер қою; • оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу; • балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу' • ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу. Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы: • балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау; • оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы сапалы, жаңа өзгерістерді қуаттау. Барлық сабақтар талданады және талдаудың мақсаты: • Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау. • Мұғалімге нұсқаулар беру. • Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу. • Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу. • Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу. Сабақтарды өткізу деңгейлеріне қарай төмендегідей бағалар беріледі: а) жақсы: мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі; ә) өте жақсы: мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі; б) орташа: оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы; в) төменгі: оқушылардан өткен тақырыпты сұрау, жаңа материалды жоспармен түсіндіру жүзеге асады. Бұл деңгейде оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен белсенділіктері төмен болады. Тақырып бойынша шығармашылық тапсырмалар Оқытудың негізгі формаларына тән сипаттама беріңіз. Педагогикалық практика кезінде байқалған сыныптық сабақ жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз. Дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің жоспарын құрыңыз: КТК, ролдік ойындар, Таңғажайып алаң, Сырттай саяхат жасау сабақтары, т.б. ЛЕКЦИЯ-12. Заманауи педагогикалық технологиялар 1. Заманауи педагогикалық технологиялар, сипаттамасы 2. Дамыта және бағдарламалап оқыту 3. Проблемалық және модульдік оқыту 4. Қашықтан және тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары 5. Білім берудегі инновация 6. Новаторлар, олардың еңбектері 1. Заманауи педагогикалык технологиялар, сипаттамасы Технология - Tehne - искусство, ремесло, мастерство, учение - деген мағынаны білдіретін грек сөзі. «Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы», - деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайданылатын барлық дара, инструментальдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. (Кларин М.В) Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан - жақты ойластырылған үлгісі (Монахов В.М) Технология - дидактикалық жүйенің прецессуалды бөлігі ( Чошанов М) Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. ( Беспалько Б.П) Ал, педагогткалық жүйе дегеніміз - белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған дедагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. ол оқыту процнсінде нақты жүйе қызметін атқарады. (Г.Селевко). Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады Жалпы педагогикалық педагогикалык жүйе ұғымының синонимы. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субьектілері мен обьектілерінің әрекет алгоритмдік кіреді. Салалық - бәр пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы. Локальдік - жеке әрекет технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; қайталау және бақылауды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Педагогикалық технология құрылымы: Концептуалдық негізі. Мазмұндық бөлігі: жалпы оқыту мақсаты; нақты оқыту материалдық мазмұны. Процессуалды бөлігі - технологиялық процесс: оқыту процесін ұйымдастыру; оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; ұстаздың оқу материалын меңгеру процесін басқару әрекеті; оқу процесін диагностикалау. Сонымен бәрге, кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруыы керек. Методологиялық талаптар: Концептуалдық негізінін болуы. Қандай технология болса да философиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі тиіс. Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық боліктерінің логикалық байланыста болуы шарт. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс - тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек. Тиімділігі. Білім беру стандартын қанағаттандыруы тиіс. Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктін болуы. Біз алдымен "техника" , "технология", "оқыту технологиясы", "білім беру технологиясы", " педагогикалык технология", " жаңа педагогикалық технология", "жаңаша педагогикалық технология" терминдерінің мағынасын түсініп, теріңінде не жатыр, соны ажыратуымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірбиеде "технология" ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. "Техника" терминінің екі мағынасыбар екені айқын: біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы; екіншісі - бір істі орындағанда қолданатын тәсілдер жиынтығы. Білім беру саласындағы технологиялық идеялар жаңадан пайда болған жоқ. Оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400жыл бұрын Я.Коменский айтқан болатын. Шетел мамандарын оқытуды технологиясының үш кезеңде мұғалім бірде - бір көмекші құрал - жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. "Бұл кезде - оқыту технологиясының функциясын адамдар тәжірбиесі атқарған" дейді А.Талызина. Екінші кезеңде - кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді. Қазіргі кезде де оқыту технологиясы улкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдары мен қоса оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) жәрдемге келді. Қазір және болашақта білім беру саласына ғылыми - техникалық революция толық еніп, оқытудың мазмұнына және технологиясына зор ықпалын тигізетіні дауыссыз. 2. Дамыта және бағдарламалап оқыту Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс- тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, танып - білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б. Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептәуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде "Дамыта оқыту" халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша "дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп - білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқудын педагогикалық не балалық психалогиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру" Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер - жерлерде ынталы жүргізіп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санк-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В. Занковтін дамыта оқыту жүйесі оқу - тәрбие үрдісінде қолданып жүр. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім - сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады.Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінін нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірбесін қорытындылауға үйренеді. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту. Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін–өзі тексеруге, оқытудан өзін–өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылды. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады. Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест–сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді. Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс–әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді. Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады. 3.Проблемалық және модульдік оқыту. Модульдік оқытудың өзегі оқу модулі. Ол: ақпараттардың аяқталған блогынан; оқушы іс - әрекеті бағдарламасынан; бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады. Модульдік оқытудың басқа жүйелерінен ерекшелігі мен айырмашылығы: Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгері деігейі де анықталады. Соны мен қатар оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілгенде жазбаша нұсқау алады. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол модуль арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым қатынас процесі арқылы жүзеге асады. Оқушы көп уақыи өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, ұйымдастыыруға, өзін бағалауға үйренеді. Модульдік оқытудың ерекшеліктері: Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндіігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену. Модульдік оқыту іс - әрекет принципіне негізделген; оқушының кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс - әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген: егер оқушының тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалык функциясын жетілуіне септігін тигізеді. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған. Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері: іс - әрекетттегі нақтылық логика, белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды), өзін - өзі бақылау мен өзара бақылау - модульдік оқытуға да тән. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жқмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді. Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана–сезіміне қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі. Келесі кезеңде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. “Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерге дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды. Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі. Проблемалық оқытудың күшті жақтары: – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады; – оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады; – оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді; – берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді. Проблемалық оқытудың кемшіліктері: – оқушылардың танымдық іс–әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету; – мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау. 4. Қашықтан және тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары. Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды. Қашықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие: - Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі; - Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша); - Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі; - Оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту; - Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен); - Жаңа технологияларды қолдану; - Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан); - Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі; - Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы; - Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету. 5. Білім берудегі инновация Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайыңдық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады. Инновация (латын сөзі in-в, novis-жаңа) — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады. Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрыңғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс. Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда. 6. Новаторлар, олардың еңбектері. Қ.М.Нұрғалиев "Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстаз бен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі" - деп оқу-тәрбие процесін, ізгілендіру идеясын қолдаған. Архимед Мыңбайұлы Ысқақов: Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсатты - заманына сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты азамат болып өсуді талап етеді. Нұртазина Рафиха Бекенқызы. Идеясы: педагогика ғылымының жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйреніп, диалектикалық жолмен қорытынды шығара білу; адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеру; әр балаға бақыт сыйлау; педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде шығармашылықпен Оқыту; сабақта енжарлыққа жол бермеу; әрбір сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуанышы көзіне айналдыру; ана тілінде білім алу. Сабақ қаншама қайталанса да, жаңалығымен мұғалімнің өзін де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс. Ол орыс тілін ұлт мектептерінде оқытудың тәжірибелеріне талдау жасады. Ұстаздың өзіндік шеберлігі – оқыту процесінде оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды өздігінен іс-әрекет жасауға ынталандыру, орыс тілін еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету мақсатында оқу материалына байланысты дидактикалық құралдар дайындау. Григорий Максимович Кубраков. Ол жас ұрпақ бойына еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыруда өте құнды тәжірибені жинақтады. Кубраковтың қаламынан ғылыми педагогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірибесі бірнеше кітаптар болып жарық көрді. Мәселен: Г.М.Кубраков По заветом Макаренко "По пути Макаренко" (-Алматы: Мектеп, 1982), (- М., Просвещение,1987). Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. Қ.Бітібаева әдебиетті "өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы" – деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу тәрбие процесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім.Қанипа Бітібаева – оқыту процесінде баланың рухани жан-дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз. Еңбектері: 1. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары. 2. Әуезов шығармашылығын оқыту. 3. Сабақ түрлері мен үлгілері. 4. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту. 5. Әдебиетті оқыту әдістемесі (оқулық). 6. Әдебиеттану. 7. Абайды таныту. 8. М.Әуезов – мектепте. 9. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. 10. Әдебиет оқулығы. 11. 7-сынып әдебиетін оқыту әдістемесі. 12. 5-9 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту. 13. 10-11 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту. Шалва Александрович Амонашвили. ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик. Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзі қате жіберіп балаларға түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін қолданады. – украин педагогы. Оның В.Ф. Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрады. 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп. 2-кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп. 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп. 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптерлеріне жазып. 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Екінші ерекшелігі – бағдарламаның бір-бірімен байланысты немесе қарама қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту. С.Н. Лысенкова – Ресей педагогы. Әдістемесінің негізі – бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, "оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабақ барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп "кері байланыс" – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды. 3.Қазіргі кездегі жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселелері. Жаңа тұрпатты мұғалімдерді дайындау үшін педагогикалық жоғары оқу орындары жаңаша жұмыс жасауы тиіс: оқу–тәрбие процесін жаңа талаптарға сай жетілдіру; жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкестендіру; білім беру жүйесін толықтай ақпараттандыру, «е-learning» электрондық оқыту жүйесіне көшу; білім берудің сапа менеджмент жүйесіне көшу; үш тілде оқытатын педагогтарды даярлау және т.б. Тұрақты дамудың даңғыл жолына түскен отанымызға заманауи инновациялық ілімдерді игерген әлемдік бәсекеге қабілетті білікті мамандар, оқу-тәрбие процесін жаңаша ұйымдастыра алатын жаңа тұрпатты мұғалімдер қажет. Жаңа тұрпатты мұғалім - заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, инновациялық технологиямен қаруланған, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын, рухани дамыған, шығармашыл, креативті, интеллектуалды тұлға, білікті маман. Другие работы Тема: РЕЛЬЕФ ЗЕМЛИ Цели: познакомить учащихся с понятием рельеф Земли изучить рельеф России его главными.,. Какая часть слова самая главная Корень 2., ИЗ ЖИЗНИ ЗАМЕЧАТЕЛЬНЫХ ДЕТЕЙ Воспитывающие цели Создать условия для формирования у детей ответст.,Деревья и кустарники По горизонтали: 1.,по теме: Создание условий для творческой самореализации ребенка в процессе формирования экологической ., Нередко воспитатели слышат от огорченных родителей жалобы на то что их ребёнок не умеет или не желает сл.,имачеха подорожник крапиву и др.,Знатоки правил дорожного движения материал для доступного использования Цель: Создание уголка Дорож,ста одежек совершенно лишняя., загрузка... Обращение к пользователям

Источник: http://5fan.info/rnapolotratyjgeaty.html

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет