Сөздік
Мәдениетті Көркемделген
Ресми құжат Бекініс
Әшекей Мұражай
Мазар Мамандар
Қолжазба Дәреже
Өлке тану
Жаттығу жұмыстары:
1. Берілген сөйлемдерден тәуелдік жалғауын табыңыздар.
Семей - Қазақстанның ірі, мәдениетті қалаларының бірі. Ол патша үкіметінің ресми құжаттарыңда 'Тас мешіт" деген атпен бел-гілі. Жеті шатыр сарайларының биіктігі мен әшекейлері Бұхар ма-зарларының стилімен салынған. Әр сарайдың ішкі қабырғалары ғажайып суреттермен көмкерілген.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз, талдаңыз.
Суреттер, балалық, әңгіме, жолы, халі, орын, ауыл, бақыты, өмірі, сыйлық.
3. Мәтіннен берілген сұрақтарға жауап жазыңыз, талдаңыз.
Семей қаласы патша үкіметінің ресми құжаттарында қалай
аталған?
Жеті шатыр сарайларының стилі қандай стильге жатады?
Семей мәдени-экономикалық орталық ретінде қашаннан
белгілі?
Семейде қандай оқу орындары болған?
4. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемдерден тәуелдік жалғауын тауып, талдаңыз.
Экономика, мәдени, орталық, жеңіл өнеркәсіп, кә-сіпорындарында, мамандар, әдеби-мемориалдық мұражайлар.
13,14,15-Сабақ. 5. Тәуелдік жалғауы. Жіктік жалғауы. Септік жалғауы. Көптік жалғауы.
Мәтін: Қазақтың билері. Төле би. Қазыбек би. Әйтеке би.
Жіктік жалғау
(Формы спряжения)
Жіктік жалғау — іс-әрекеттің кімге қатысты екенін білдіретін грамматикалық категория.
Қазақ тілінде есімдер де, етістіктер де жақ бойынша түрлене алады. Жіктік жалғаулары жақтық мағына берумен қатар, жекеше, көпше мағыналарды да бере алады. Қазақ тілінде жіктік жалғаудың төрт түрі бар.
Жалғаулардың орын тәртібі
(Порядок расположения окончаний)
Қазақ тілінде қосымшалардың өзіндік жалғану тәртібі бар. Сөзге жұрнақ, сонан кейін көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғаулары бірінен соң бірі жалғанады.
Көптікжалғау
(Аффиксы множественности)
Көптік жалғауы сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғаулары арқылы жасалады: -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер.
Тәуелдік жалғау
(Притяжательные аффиксы)
Тәуелдік жалғау заттың белгілі біреуге тән екендігін білдіреді. Орыс тіліңде мұндай қосымша жоқ: дәптер+ім (моя тетрадь), дәптер+ің (твоя тетрадь).
Септік категориясы (Категория склонения)
Септік жалғауы сөз бен создің арасын байланыстырып, оларды өзара карым-қатынасқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар.
Образование падежных форм имен существительных осуществляется с помощью падежных окончаний. В казахском языке имеется 7 падежных форм.
Септіктер
(Падежи)
|
Сұрақтары
(Вопросы)
|
Жалғаулары
(Окончания)
|
1. Атау
(Именительный)
|
кім? не? (кто? что?)
|
|
2. Ілік
(Родительный)
|
кімнін? ненің? (чей? чья? чье? кого? чего?)
|
-нып, -нің, -дың
-ДІҢ, -ТЬЩ, -ТІҢ
|
3. Барыс
(Датедьно-направит-й)
|
кімге? неге? қайда? (кому? чему? куда)
|
-ға, -ге, -ка, -ке
-а, - е, - на, - не
|
4. Табыс (Винительный)
|
кімді? нені? (кого? что?)
|
-ны, -ні, -ды,
-ДІ, -ТЫ, -ТІ, -H
|
5. Жатые
(Местный)
|
кімде? неде? қайда? кашан?
(у кого? в ком? у чего?
в чем? на чем? где? когда?)
|
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде
|
6. Шыгыс
(Исходный)
|
кімнен? неден? қайдан? (от кого? у кого? от чего? из чего? откуда?)
|
-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
|
кіммен? немен? қалай? (с кем? с чем? как?)
|
-мен (менен), -бен (бенен), -пен (пенен)
|
7. Көмектес
(Творительный)
|
ТӘУКЕ ХАН (1680-1718) ЖӘНЕ ОНЫҢ БИЛЕРІ
Тәуке хан – Жәңгір ханның баласы. Ол атақты Төле биге, Қаз дауысты Қазбек би мен Әйтеке билерге арқа сүйеп, феодалдық ақсүйектер сұлтандары әлсіретіп,хандық өкіметтің үстем болуын жақтады. Ол жоғарыда аталған бас билермен кеңесе отырып Жеті жарғы әдет зандарын шығарды.Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенмен, жинақ феодалдық құрылысты нығайтуға бағытталған еді.Тәуке ханның хандықты нығайту әрекетінен нәтиже шықпады:қазақ хандықтары бытыраңқы күйде қала берді. Тәуке хан ендіРесеймендипломатиялықжәнесаудабайланыстарынорнатабастады. 1716 жылыТәуке хан жоңғарларғақарсышығуүшінРесейденәскерикөмексұрауғамәжбүрболды. Өйткені1690 жылдардыңаяғындабасталған ойрат жәнеқазақхандарыныңарасындағықарулықақтығыстаржиілеп, жаубасымболыптұрды.
Тәуке хан ел басқарудабеделізорбилер мен батырлардыңтобынасүйеніп, феодалдықбытыраңқылыққабейімтұрғанхандар мен сұлтандардыңрөлінтежеугетырысты. Олтұрақты хан кеңесі, билеркеңесінқұрып, жылсайынҚұлтөбеде (Ташкент түбінде) Үшжүздіңшонжарларыншақырып съезд өткізіптұрды. БилертобыныңқатысуыменҮшжүздіңарасындағымаңыздымәселелершешілетінболды. Олархалықтыбасқаруғаарналғанзаңшығару мен сот істерінеараласты. Бірте-біртежергіліктібасқаруістерін де қолдарынаалды.
Төле би туралы. Төле би шамамен 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгер ауданы (1991 жылдан Төле би ауданы) Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақын, жекжатөжұрағат, тіпті алты алаштың арасындағы қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары, биік болған.
Қаз дауысты Қазбек би туралы (1667-1764 ж.). Қазбек би – Отра жүздің “Төле биі” атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында “Жеті жарғы” әдет-гұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға.
Қазбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, оның мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешуде парасатты елші, дипломат екенін бағалап, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
Қаз дауысты Қазбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен, әділ қазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.
Қазбек би 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ажмет Иасауи сағанасына жерленген.
Әйтеке би туралы. Әйтеке Бәйбекұлы (1683-1767ж.) – артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан Тәуке ханның кеңесші, қөмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға ат салысқан, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.
16,17,18-Сабақ. 6. Сөз таптары. Сөз тұлғасы.
Мәтін: Қансонарда бүркітші шығады аңға. Саятшылық құру.
Аралық бақылау жұмысы
Сөздің негізгі мағынасын білдіретін бөлшегін түбір дейміз. Түбір сөздің құрамы әртүрлі болады.
Қазақ тіліндегі сөздердің түбір тұлғасы 5 түрге бөлінеді:
1. Негізгі түбір
2. Туынды түбір
3. Біріккен түбір
4. Қосарлы сөз
5. Қысқарған түбір
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
Құсбегі
Құсбегі – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды аңға, адал құстарға салу үшін үйрететін бапкер адам. Ол қыран құстарды тор құрып ұстап алады, немесе балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Одан кейін құсты ұшырып, қайыруы (үйретуі) жеткен соң, семіртіп түлетеді. Жеңіл ұшып жеңіл қонатын күйге келтіру үшін оны «ақ жеммен» асырап, бос керілген арқанға қонақтатып ұйқысын алып, қайта арытады.
Құсбегілердің аса жоғары бағалайтын құсы – бүркіт. Аққу мен бүркіт қасиетті, киелі құстар болып есептеледі. Бұл екеуі екі жұмыртқадан артық жұмыртқаламайды.
Бүркіт ұясын ең биік ағаштың басына, не тау шыңдарының ең биік құз жартасына, жел мен аяздың нағыз суық өтіне салады. Онысы – бүркіт өз ұрпағын жұмыртқа кезінен балапан болып, одан ұядан ұшып шыққанға дейін табиғаттың қатал ортасында шынықтырып шығару.
Құсбегілер бүркіт балапанын алу үшін неше түрліқиындықты бастан кешіреді. Олар үшін әсіресе тау бүркіті бағалырақ. Өйткені олар алғыр, өжет, қырағы болады. Қоян, борсық, түлкі, қарсақ сияқты ұсақ аңдарды оңай, тез алады. Ең алғыр, өжет, қырағы тау бүркіттері «таудың ақ иығы» деп аталады. Бұлар қасқыр, аю, бұғы сияқты ірі аңдарды да алады дейді. Құсбегілердің айтуынша, бүркіт ірі аңдарға түсіп, тоқтатуға шамасы келмей бара жатса, бір аяғын аңға, екінші аяғын кез келген затқа не ағашқа қадайды екен. Мұндай жағдайда күшті аңдар бүркіттің денесін екіге бөліп әкететін жағдай да болатын көрінеді.
Бүркіт те өзге құстардай жыл сайын ескі жүнін тастап түлейді. Осы кезде құсбегілер «ақ жем» беріп арықтатып, олардың тез түлеуіне көмектеседі.
Құсбегі бүркітке жаңа ғана алған аңның жүрегін жұтқызады. Оны «тоят» дейді. Кейде бүркіт иесі жеткенше алған аңын жүн-мүнімен жұтып жиберіп, «қоя» деген ентікпе ауруына ұшырайды екен. Сондықтан құсбегілер жүйрік атпен бүркіттің артынан іле-шала жетуі керек екенін айтады.
Орта Азияда бүркіт ұстайтын құсбегілер қазақ пен қырғызда ғана көрінеді. Өзге халықтардың ұстайтындары – тұйғын, лашын, қаршыға, ителгі, тұрымтай, қырғи, жағалтай сияқты майда құстар.
Мәтін бойынша тапсырмалар.
1-тапсырма: Мәтіннен негізгі түбір және туынды түбірлерді тауып жазыңыздар.
2-тапсырма: Ысқыш, малшы, Қазақстан, мақтаншақ, оқушы, білім сөздерінің қай түбірге жататынын анықтаңыздар.
3-тапсырма: "Шанақ" "ен", "перне" "тиек", "ширатылу" сөздерін түсіндірме сөздіктен қарап келіңіздер.
4-тапсырма: Негізгі және туынды түбірлерге бірнеше мысал келтіріп, сөйлем құраңыздар.
5-тапсырма: Мәтінде айтылмаған тағы қандай аспаптарды білесіндер, олар туралы мағлұмат жинап, сабақта айтып беріңіздер.
Аңшылық ұсақ құстар
Ителгі-жүні сары шұбар,қанаты ұзын , мойыны ақжал,көзі қап-қара құс. Ителгінің қайырыуы (үйретуі) өте қиын болады. Ал үйретіліп болса,ол-өте өжет және алғыр құс. Ителгінің мөлдіреген қара көзі өте әдемі әрі сүйкімді.
Алдырған томағасын ителгідей,
Көзіңнен айналайын жаутандаған,- деп келетін халық өлені мұны растай түседі.
Лашын-қанат,құйрығы ұзын, тұмсығы имек, сарғыштау құс. Үйректі оңай алғанымен,қазды алу оған қиынға түседі. Бұл да ауыз әдебиетінде әлденше рет теңеу ретінде жұмсалған:
Лашын құстай шүйілген,
Жеңсіз берен киінген,
Жалғыз қара көрінді.
(«Батырлар жыры»)
Қаршыға- тұмсыға иілген, шағын денеді алғыр құс. Мұның да сұлулығы әнге қосылып, әсем теңеуге баланған:
Қаршығы төс, қаз мойын Ғалияжан,
Әлде нендей болады заманымыз?
(Балуан Шолақ)
Қаршығалыға қоян кездеспейді,
Жарақтыға жау жалықпайды (мақал)
Тұрымтай – Лашын тұқымдас, қанатының ұшы қызыл, түрі күйкентайға ұқсас құс. Ауыз әдибиетінде көбінесе «кішкентай» сөзіне синоним ретінде жұмсалады. Мысалы, «Тұрымтайдай бала едің сен » - сен кішкентай ғана бала едің.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1-тапсырма: Мәтіннен біріккен сөздерді табыңыздар.
2-тапсырма: Ән, күй, халық сөздерінен туынды түбір жасаңызздар.
3-тапсырма: Ақын, жырау, термеші, өлеңші, әнші сөздерін түсіндірме сөздіктен қарап келіңіздер.
4-тапсырма: Көңіл-күй, жыр-дастан, аңыз-әңгіме, сан-салалы, бірде-бір сөздері қай түбірге жатады?
5-тапсырма: Мәтіннен бірікксн сөздер мен қос сөздер тауып жазып, жазылу емлесін түсіндіріңіздер.
19,20,21-Сабақ. 8. Зат есім.Сын есім.
Мәтін: Қазақ даласының батыр қыздары. Томирис патшайым туралы аңыз. Ұмай ана. Айша бибі. Әлия Молдағұлова.
Зат есім (Имя существительное)
Заттық ұғымды білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз абын зат есім деп атайды.
Бибігүл Төлегенова
Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы Семей қаласында туған. Өлең айтуды әкесі Ахмет, шешесі Майнұрдан үйренген.
Бибігүлге бала кезінен қиындық кешуге тура келді. Отан соғысы басталды. Әкеден айырылып, шешесінің көмекшісі болды. Жанұясына қалай да болсын көмек беру үшін Бибігүл жұмысқа ор-наласады. Басында кинотеатрда киномеханиктің көмекшісі болып, кейін ет комбинатына жұмысқа кіреді.
Бибігүлдің жұмыс кезінде ән айтқанын естіген цех бастығы Лебедев қасына келіп: "Сенде талант бар, саған оқу керек", -деді. Көп ұзамай Семей қалалық комитеті Бибігүлді Алматыға жібереді. Бұл жолы жолы болмайды. 1948 жылы Семейде бүкіл облыстық көркем өнер көрінісі болады. Ет комбинатынан Бибігүл қатысып, Латиф Хамидидің "Қазақ вальсін" орындап, әділ қазылардың жоғарғы бағасын алады. Концерттен кейін Совет одағының жазушысы Серебряковпен кездеседі. Сол жолы оның таланты бағаланып, мақтау қағазын алады.
1951 жылы студенттік кезінде Бибігүлді қазақ радиосына солистік жұмыска шақырады. Оқуды бітіргеннен кейін Қазақ фи-лармониясының әншісі болып, Қазақтың опера және балет теат-рында еңбек етті.
Әнші өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жетеді. Ол бұл тұрғыда қазақ бұлбұлы атанады. Өнерінің арқасында республикада ғана емес, бүкіл дүние жүзіне де танылады.
Жаттығу жұмыстары:
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын койып жазып, қай септік екенін айтыңыз.
Жазғытұрым қалмайды қыс... сызы,
Масатыдай кұлпырар жер... жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күн... көзі.
Жаз... көркі енеді жыл құсы...,
Жайрандасып жас күлер құрбысы...
Көр... жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысы...
(Абай)
2-тапсырма: Мәтінді оқып шығып, септік жалғаулы сөздерді табыңыздар. Жай септеулі сөздер мен тәуелдік жалғаулы сөздердің септелуіне назар аударыңыздар, ерекшеліктерін айтыңыздар.
Бала дүрбісін бағыттап алып, мұржасы қисайған сұрықсыз жаман үйден көз алмайды. Маңдайшасында жұқа тақтайға қолмен жазылған "Мектеп" деген сөз бар. Бала әлі хат танымаса да, осыдан басқа сөз жазылмағанына іштей сенеді. Бұл дүрбінің ғажабы - тыр-накшай дүниенің өзін айдан анық көрсетеді. Ол мектепке қалай ба-ратынын, сол есіктен қалай кіретінін көзіне елестетті.
(Ш.Айтматов.)
3-тапсырма: Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздерді табыңыздар. Қай септікте тұрғанын айтыңыздар.
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
Толқын мен толқын жарысады,
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен.
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралып,
Жарға жетер ентелеп.
(М.Жұмабаев.)
4-тапсырма: Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңіздер, ол жалғаулардың неліктен түрліше болғандығын түсіндіріңіздер.
Қала. Әкем. Атасы. Күрек. Сағат. Үй. Інісі. Апам.
5-тапсырма: Бірнеше көмекші есімдерді септеңіз.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
2. Берілген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктің
көмегімен түсіндіріңіз.
Шалқар, көңіл, шағала, меншіктеу, қалықтау, саф (таза).
Берілген мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді теріп жазыңыз.
"Еділ мен Жайық" әнін жаттап алыңыз.
22,23,24-Сабақ. 9. Сын есім.
Мәтін: Адамның мінез-құлқы мен сыртқы бейнесі.
Сын есім (Имя прилагательное)
Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдер Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есімдер көбінесе анықтауыш болып келеді.
Тұлғасына қарай: негізгі сын есім, туынды сын есім.
Құрамына қарай: дара және күрделі сын есім.
Мағынасына қарай: Сапалық және қатыстық сын есім.
Сын есімнің шырайлары
Жай шырай
Мысалы: биік, жақсы, тәтті, қызыл т.б.
Салыстырмалы шырай
Мысалы: ауырырақ, кішірек, үлкендеу, жылылау, ақшыл, көгілдір, сарғыш, қызғылтым
Күшейтпелі шырай
Мысалы: сап-сары, жап-жарық, аппақ, көкпеңбек.
Асырмалы шырай
Мысалы: өте жарық, тым ауыр, аса маңызды, ең әдемі.
Әйгілі ән қалай туды?
Толқыны тулай аққан айдыны кең екі өзеннің шалқар келбетін көз алдымнан да, жүрегімнен де кетірмей жанымды тумаған жаңа бір саздың қуаты кернеп, бірде қуанып, бірде мұңайып жүрсем, "Советтік Қазақстанның картасы" дейтін тұсқа, ілетін картаға көзім түсе кеткені. Қарап өз көзіме өзім сенбедім. Менің меншіктеп, не бір сұлу суретке теңеп, жүрегімді тербеп жүрген қос өзенімнің бірі - "Волга" атаныпты (Еділ емес). Бірі - "Урал" атаныпты (Жайық емес). Құдайдың құдіреті, бұл не сұмдық... Жүрегім сыздап ауырсын. Екі өзеннің жарыса акқан айдынын, кең панорамасын көкірегімде күй ғып тербеп, қиялдағы сұлулыққа сүйсіне, іштен түртіне маза бермей жүрген бір сазыңда шалқып жүргенімде, мынасы несі деймін. Қараптан қарап екі ұдай ойда қалдым.
1981 жылдың күзі. Үлкен баламыз Бауыржан үйленіп мәре-сәреміз. Бір дәрігер досымыз қонаққа шақырды. Көңіл көтеріңкі. Со бойда төрде тұрған күй сандыққа мені бір күш жетеледі. Жетке-німше "Құлпырады дала ..." көңіліме орала кетті. Асыға күй сан-дықтың пернесін бір қолыммен басып, әлгі әуенді жалма-жан түсірдім. Бақсам, алты тактыны алыппын. Терезеге қарап сәл ой-ландым. Көз алдыма шалқыған қос өзеннің шексіз айдыны, боз дала, қалқыған кеме, ұшқан қаз-үйрек, қалықтаған шағалалар келді. Анық көрдім.
Бас-аяғы 3-4 минутта ән тұтас шықты. Қайыра ойнадым. Саф таза. Енді сөз керек.
Қарашаның соңғы күндерінің бірінде телефон безілдеп қоя берді. Алсам, Жұба-ағаң!
- Илья, сенбісің? Жаңа ойландым, тыңда, үш шумағынбірден түсіріпті. Ойнап тұр.
Жұбан Молдағалиев оркестрмен қосыла айтқан Зейнеп Қойшыбаеваны тыңдап: "Мына әнмен сен Илья, талай жерге бара-сың. Рухы зор ән екен! - деді. Сүйсінгені болар.
Еділ мен Жайық
Құлпырады дала, гүлдейді орман
Емізеді егіз Еділ мен Жайық.
Ақ шағала айдын, ақталған арман,
Тербеледі кеме, ойнайды қайық.
Шырқалады әндер, жан-жүрек іңкәр Салқындайды сұлу Еділ мен Жайық
Әуелейді адам, самғайды сұңқар
Шығандарға, шыңға қанатын жайып.
А-а-а, ағады шалқып,
аққулары қалқып, Еділ мен Жайық.
Жаттығу жұмыстары:
1-тапсырма: Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Көңіл, кеме, тербеледі, шайқалады, жайқалады, ән, әсем әуен,
шалқар.
2-тапсырма: Негізгі және туынды зат есімдерді бөлек-бөлек жазыңыз.
Әдебиетші, аздық, жұртшылық, жол, бала, жолдас, пікірлес, саудагер, білім, білгіш, әке, ата-ана, су, терезе, желдеткіш, кең, кеңшілік, гүріл, бидай, батырлық.
3-тапсырма: Морфологиялық талдау жасаңыз. Зат есім түрін анықтаңыз.
Бұл жердің жағдайын Досан көбейту кестесіндей біледі. Ғани, сен мені шығарып салшы. Мұнда терек пен қайың көп өседі. Маржанның Астана қаласында туысқандары бар. Балалар мал өсірудің жайымен таныссын. Жылқы мен сиырларын жетелеп келіп жатқандар көп.
4-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыздар.
5-тапсырма: Кең, сұлу, боз сөздерінен салыстырмалы шырай тұлғасын жасаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |