Жаттығу жұмыстары:
1-тапсырма: Зат есімдерді теріп алып, тұлғасына қарай кесте бойынша жазыңыз.
1. Шығанақ оған бала, оқушы деп қана қарамайды. 2. Астана Есіл, Нұра өзендерінің жағасында орналасқан. 3. Олжабекті ит-құсқа жем қылмай алып қайтқан мылтықты адам осы - Шығанақ. 4. Жастар жағы ойнап-күліп тойды қыздырып жіберді. 5. Байдың үйінің алдында қойлар көгенделіп тұр. 6. Қойшы бар жұмысты бітіріп демалуға кетті.
2-тапсырма: Сөздіктен берілген сөздердің орысша баламасын тауып жазыңыз.
Жолаушы Қожа болу
Ресми аты Аумағы
Сәулетті Аудан
Ғимарат
3-тапсырма: Грамматикалық категорияларына қарай зат есім сөздерге талдау жасаңыздар.
Түн ортасы ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады. Кертөбел атын күзетіп жатқан Айбас екен. Маған балаң мен келінің аянышты емес, мына сен аяныштысың. Өнер - халықтың рухани азығы. Бірақ ел құлағы елу, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетеді. Түн ішінде Жайықтан өтіп кетіпті. Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.
4-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, талдау жасаңыз.
5-тапсырма: Көмекші есімдерді тауып, шығыс, көмектес септіктерінде септеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |