1 глоссарий


КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК



бет11/30
Дата06.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#26885
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ӘНҰРАНЫ
Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев


Алтын күн – аспаны,
Алтын дән – даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!


қайырмасы: Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!


қайырмасы: Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!



  1. Мәтінді мәнеріне келтіріп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

7,8,9-Сабақ. 3. Қазақ тілінің лексика жүйесі. Синоним. Омоним. Антоним. Тұрақты тіркестер.
Мәтін: Сәлем беру. Амандау салты.

Дыбысталуы, жазылуы, естілуі бірдей, ал мағыналары басқа-басқа сөздерді омоним дейміз. Мысалы: Жаз – зат есім, жаз – етстік. Ер – батыр, еркек, күйеу; ер – атқа салатын ер.


Синоним айтылуы, естілуі, жазылуы әркелкі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: надан-топас; әсем-әдемі, көркем-сұлу; үлкен-зор, т.б.
Антоним дегеніміз сөздердің бір-біріне қарама-қарсы айтылуы. Мысалы: Үлкен-кіші, аласа-биік, жоғары-төмен, ақ-қара, т.б.
Тұрақты тіркестер дегеніміз – бірнеше сөзден құралып, бір мағынаны білдіретін бір лексикалық единициа ретінде жұмсалатын сөздердің тіркесі.
Тұрақты тіркестер дайын қалпында арасына сөз қосылмай жұмсалады. Мысалы: Ит өлген жер – алыс; Төбе шашы тік тұрды – қорықты; Қаз пен көздің арасында – жылдам т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет