Жарасқан Әбдірашев



Дата24.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#187859
Байланысты:
Жарасқан Әбдіра-WPS Office


Жарасқан Әбдірашев
Жарасқан Әбдірашев — қазақ ақыны, сыншы, аудармашы, сықақшы. Ол 1948жылы 7 наурызда Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылында дүниеге келген.
1954-1960 жылдары Ақшатау бөлімшесіндегі бастауыш, Арал қаласындағы Т.Г. Шевченко атындағы орта мектепте оқыған.
1963 жылы «Жақсы қылыш» («Сольтрест») жұмысшылар кентіндегі орта мектептің тоғызыншы сыныбын тамамдап, Қазалы ауылшаруашылық техникумынің механика факультетіне оқуға түскен.
14-15 жасар кезінде Арал аудандық «Толқын», Қазалы аудандық «Ленин туы», Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газеттерінде тырнақалды өлеңдері, мақала, əңгіме, аудармалары (М.Зощенконың «Қарасу» əңгімесі) жариялана бастады.
1965 жылы Қазақтың (қазіргі əл-Фараби атындағы) Мемлкеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1969 жылы бітірген. Осы оқу орнының аспирантурасында сырттай оқыған
Еңбек жолы
3
2
1
6
7
4
5
1969-1970 жылдары "Қазақ əдебиеті" газетінің сын бөлімін басқарған
1974-1985 жылдары "Жұлдыз" журналының сын жəне библиография бөлімінің меңгерушісі
1989-1992 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма жəне əлемдік əдебиеттер байланысы бас редакциясы Төрағасының орынбасары
1992-1997 жылдары "Тамаша" сатиралық телехабарының Бас редакторы;
1969 жылы "Лениншіл жас" газетінің әдебиет пен өнер бөлімі;
1970-1974 жылдары "Жалын" альманағының сын және поэзия бөлімін басқарған;
1997 жылдан бастап шығармашылық демалысқа шыққан
Шығармашылығы
«Тұңғыш кітап» (1969)
«Ақ қайран» (1970)
«Найзағайлы жаз» (1971)
«Саяхат» (1972).
«Дала, сенің ұлыңмын» (1975).
«Парасат пен парыз» (1973).
«Соғыстан соң туғандар» (1977).
«Перзент парызы» (1980).
Сана соқпағы» (1988).
«Әзілің жарасса» (1989).
«Көңіл көкпары» (1998).
«Шежірелі шаңырақ» (1998).
Аудармалары
Жарасқан Əбдірашев үнді ақыны Р.Тагордың, француз ақыны П.Элюардың, белорус ақыны Я.Купаланың, палестиналық ақын М.Бсисудың таңдамалы өлеңдер жинағын, балалар ақындары К.Чуковскийдің «Дəрігер Айболит», А.Бартоның «Ойыншықтар», «Өсіп келем» сияқты туындыларын аударған.
Ақынның кең тынысты лирикалық туындылары өз заманында жоғары бағаланған.
Қазақ әдебиетінде эпиграмма жанрының дамуына үлкен үлес қосқан.
Сондай-ақ, А.С.Пушкиннің, А.Блоктың, Г.Гейненің таңдамалы өлең кітаптарын аударуға ат салысқан.
Сонымен бірге Б.Окуджаваның, Е.Евтушенконың, Р.Рождественскийдің жəне басқалардың шығармаларын тəржімалаған.
Ақынның шығармалары орыс, венгр, неміс, болгар, украин, белорус, өзбек, қырғыз және т.б. тілдеріне аударылған.
Жарасқан Әбдірашевтің құрметіне
Жарасқан Əбдірашұылының атында 2001 жылдан бері Алматы қаласында көше бар.
Туған жері Арал қаласында бір көшенің, мектептің аты Жарасқан Әбдірашевтің атымен аталады.
Алматы қалалық Ономастика жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Ж.Əбдірашевтің қазақ əдебиетіне сіңірген зор еңбегі ескеріліп, оның соңғы жылдары тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды
Назарларыңызға рахмет!
Орындаған: Ерсаинова Азиза

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет