«Кеңістік пен уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқылатын шығарма
Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы
Оқу мақсаты
11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау;
11.3.3.1 - шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Бағалау критерийі
Білім алушы
шығарманың идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысына талдау жасайды;
көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазады.
Ойлау дағдысының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
1-тапсырма. Жарасқан Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасының идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын айқындап, «Бес жолды өлең» әдісі арқылы ойыңызды жазыңыз.
Поэманың идеясы:
Поэма жазудағы мақсаты:
Поэмадағы көркемдегіш құралдар
Идея пен көркемдегіш құралдың байланысы қалай көрініс тапқан?
Түйінді сөз
2-тапсырма. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, қызметіне талдау жасаңыз.