Қасиетті көк байрақ Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің қасиетті белгісі ретінде көтерілген қыран қанатты туымыздың негізгі түсі - аспан түстес. Танымдық тұрғыдан алғанда, зеңгір көк- аспанның, ауа құрлықтың белгісі, адалдықтыңкіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны.
Күн нұры жердегі тіршіліктің көктепгүлденуіне тікелей әсеретеді. Сондықтан "Көгімде күн сөнбесін" деп тілейді көшпелі."Мәңгілік қозғалыста болу", міне, оның Күннен үйрене көңілге түйген басты тағылымы. Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы Күн бейнесі көшпелі үшін нағыз өмір символы.
Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты қыран - дала бүркітінің де орны бөлек. Нышандық мәніне келер болсақ, бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін, ол еркіндік бейнесі, биік ар-мандарға қол созу нышаны.Сонымен бірге жолына кесе көлденең тұрып, аяқтан шалғысы келетіндерді топшысымен кағып, ерен қайрат көрсете алатын құс. Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне тал-май ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.
Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда "қошқар мүйіз" деп аталатын қазақы өрнек ойылған.
Халқымыздың талантты ұлдарының бірі – Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған қасиетті көк байрағымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы, міне, осындай.