"Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі – қасиетті көк байрақ" Тәрбие сағатының мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі44,08 Kb.
#25141
Абуова Рая

«Болашақ» университеті колледжінің арнайы пән оқытушысы.

Қызылорда облысы

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі – қасиетті көк байрақ"



Тәрбие сағатының мақсаты: Әрбір оқушыны еліміздің көк байрағын құрметтеуге, қорғауға, елімізге деген мақтаныш сезімін туғызуға тәрбиелеу.

Тәуелсіздіктің қарсаңында оқушыларды отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.



Білімділігі: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату;
Дамытушылығы: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру.

Ашық тәрбие сағатының түрі:Әдеби композициялық сабақ.

Ашық тәрбие сағатының әдістері: Пікір талас, сұрақ-жауап.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Ортада топ студенттерімен "Қазақша би" орындалады.

Тәрбие сағатының ашылуы мұғалім сөзі:

Құрметті үстаздар мен студенттер бүгінгі СТ-16г және СТ-15/9г оқу топтары арасында өткелі отырған "Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі – қасиетті көк байрақ" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Ортада топ студенттерімен дайындаған ашық тәрбие сағатын тамашалаңыздар!



Бақберген:

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,


Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге ?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.

Айдана:

Өзі ақын, өзі әнші халықта,


Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!
Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ең – таңба ?!

Бақберген:

«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.



Айдана:

Әнұраным –жан ұраным


Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

Екі топ арасында Мемлекеттік Әнұраны орындалады. (хор)



Бақберген:

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,


Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар болып жанбай қалған шырағы.

Айдана:

Құт, береке, шаңырақ,


Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.

Ортада Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының бекітілуі жайлы көрініс.

Бақберген: Енді, көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесіне көңіл бөлейік.Бәйгеден озып шыққан бұл Тудың авторы – еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын қалаушылардың бірі, Чехословакияда өткізілген (1961ж.) Халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Топ студенттерінің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әні

Айдана: Ал, біз ту туралы қандай мәлімет білеміз?

Ұлпан:

1992 жылы 4 маусымда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқн тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» деп айтқан болатын.



Ердәулет:

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.



Айбол:

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп- өркендеудің ,өмірдің бейнесі.



Сауран:

Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқап тұрмыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін – қазақ елінің танымын, қасиетін көрсетеді.



Бақберген:

Ақтас Бекзаттың орындауында «Туған жерім менің» әні



Айдана:Қанатты сөз: Шілдебаева Арайлым

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,


Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.
Аспандат Атам қазақ Аруағын!

Бақберген:

Туымыз-біздің еліміздің бейнесі, халқымыздың қасиеті, адамдарымыздың ар-ожданы. Туымызды қастерлеу – халқымызды қастерлеу. Әрқашан да әспеттеп, төбемізге көтеріп, тәлім алып, тәжім етеміз саған, қасиетті көк байрақ – Туымыз!



Шілдебаева Арайлымның орындауында «Қазақ елі осындай» әнін қабыл алыңыздар!

Айдана:

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз! Осымен "Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі – қасиетті көк байрақ" атты ашық тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға мың алғыс!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет