1 глоссарий



бет5/30
Дата06.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#26885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
III. Тоғыспалы ықпал
(Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)


Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.


Қазақстан – менің отаным
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихы тым әріде жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың бостандық сүйгіш өр рухы оның этнографиялық-мәдени нышандарында жарқын көрініс тауып отырған.
Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтары кие тұтқан көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.

  1. Мәтінді оқып, азат жол бойынша жоспар құрыңыз.

  2. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

  3. Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын
    түсіндіріңіз.

Нышан, айшық (-талган), қоректік, шипалық, мегзейді, әрлендіру, бедерлеу, киелі


Елтаңба
Танымал суретшілеріміз: Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлихановтың ой-қиялы, маңдай терімен дүниеге келген мемлекеттік Елтаңбамызға қарап көрелікші. Көңілден шығар ма екен?..
Шеңбер ішіндегі негізгі нышан белгі - шаңырақ түндігі күн бейнесін елестетсе, уықтары - одан тарап жатқан алтын сәуледей. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар бірлесіп, кереге-уықтай кірігіп, күш-жігер жұмсап аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыз – тәуелсіз мемлекетімізді мегзегендей.
Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі бөлік - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Көшпенділердің бүкіл тіршілігі, еңбегі мен өнері онымен тығыз байланысты. Ел қорғап, ата жауымен алысқанда да, қолы қалт етіп, құс салуға барса да, жігіттік жасап, қызды ауылды жағалағанда да сайын дала сайыпқыранын сәйгүлігінсіз елестете алмаймыз. Көшпенділер ұғымында жылқы - түлік біткеннің төресі. Оның жолға беріктігі мен жүрдектігі, еті мен қымызының қоректік және шипалық қасиеттері жанға дәру болса, ойыңды айтпай көзіңнен ұғатын қасиеті мен талғампаздығы мінез-құлқындағы тектілік ретінде жоғары бағаланған. Көне түсініктер бойынша, киелі көк пырағы адамды тәңірілер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Жалы қанат тектес. Ат болса - адамның қанаты. Жалына қолың тиісімен-ақ жердің тартылыс заңын жеңіп, қиялыңа қанат бітеді. Жақсы ат мінген - жарым патша. Тіпті, азамат болды деген ұғымның өзін "ат жалын тартып мінді", жолы болған жігіт жайында "аты озып тұр" дейміз.
Елтаңбадағы енді бір назар аударатын белгілер маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекеттің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық дегенге мегзейтін бес бұрьшты жұлдыз бізге бұрыннан таныс. Аспан денелерін, әсіресе, күн мен айды, жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың "бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін" деген асыл арманын білдіреді.
Елтаңбаның негізгі бояуы - алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр. Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба, елдігімізді танытар белгі. Әманда, тұғыры биік болғай! Ортақ шаңырақ биік, ортақ босаға берік болсын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет