12. S.aureus дақылы өскен сарыуызды-тұзды агар
Саруызды-тұзды агар – стафилакокктарды бөліп алу үшін қолданылатын элективті орта.Ортаның
құрамына 8-10% жоғары мөлшердегі натрий хлориді,Д-маннит 10 г/л,пртеозопептон кіреді.Ал қоректік
негізі агар-агар,саруыз және фенол қызылы.Дифференциалды факторы саруыз болып табылады.
Қоректік ортада өсіру арқылы бөлініп алынған таза дақыл – алтынды стафилакокктар
Морфологиялық қасиеті:пішіні дұрыс,шар тәрізді,жүзім тәрізді шоғырларға біріккен .Олар спора
түзбейді,талшықтары жоқ және қозғалмайды.Кейбір түрлері капсула түзуге қабілетті және L-
пішінін түзуі мүмкін.
Тинкториалды қасиеті:Грам оң ,қою күлгін түске боялады,оптималды орта рН=7-7,5 және 37
0
С
Дақылдық қасиеті:
-Пішіні: шар тәрізді
-Көлемі:ұзындығы 2-4 мм,диаметрі 0,5-1,5 мкм
-Мөлдірлік дәрежесі:мөлдір емес,бұлыңғыр.Стафилакокктардан пигмент тәрізді зат синтезделеді,ол
дақылға түс береді,диффузды түрде лайландырады.
-Түсі:алтын түстес,крем түстес,сары-сарғыш
-Шетінің сипаты:дұрыс пішінді,шеті тегіс,меруерт түстес тәжбен қоршалған
-Беткейлік көрінісі:беті жылтыр,тегіс
Стафилококктар факультативті анаэробтар,олар құрамында тұздың жоғары концентрациясы бар
саруыз-тұзды агар немесе сүтті-тұзды агарда өседі.Саруызды-тұзды агарда бұлыңғыр,айнала-шеті
тегіс,домалақ пішінді әртүрлі пигменттелген колониялар түзеді.Саруызды-тұзды агарда колониялар
айналасына тәж тәрізді сақина орналасады,ал қанды агарда колониялар айналасында гемолиз
аймағы пайда болады.Сұйық қоректік ортаны стафилококктар біркелкі лайландырады,кейін
кілегейлі тұнба пайда болады.
Ферменттік қасиеті:оның биохимиялық қасиеті жоғары,көптеген штамдары глюкозасы бар ортада
ацетоин түзеді,аммиак бөледі,нитраттарды нитритке немесе азотқа дейін қалыпқа келтіреді,
ақуыздарды,майларды гидролиздейді.
Антигендік қасиеті:стафилококктардың ақуыз,пептидогликан,тейхой қышқылынан,капсуласынан
тұратын антигендері бар.Түрлік арнайы антигендік қасиет тейхой қышқылымен байланысты боады.
Достарыңызбен бөлісу: |