1. Грам оң кокктар Стафилакокктар: S. aureus таза дақылының жағындысы,Грам бойынша бояу,қанды агар Морфологиялық қасиеті



бет6/20
Дата20.11.2023
өлшемі83,31 Kb.
#192155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1. Грам оң кокктар Стафилакокктар S. aureus таза дақылының жағы-emirsaba.org

Антигендік қасиеті:Клостридия префрингенс 6 түрлі сероварларға бөлінеді:А,В,С,Е,Д,Ғ.Бұлар бір-
бірімен антигендік қасиеті арқылы ерекшеленеді.Бұл организмдердің антигендің қасиеті
токсинділігімен байланысты
Резистенттілігі: олардың вегетативті түрлері оттегіге,қышқылға, күн сәулесіне,қышқылдың
жоғары температурасына,дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал болып келеді.Споралары жоғары
температураға,қышқылға,басқа да химиялық және физикалық факторларға тұрақты.

6. S-R диссоциацияланған колониялар 
Бактериялардың диссоциациясы-колониялардың сыртқы түрі мен құрылымының бастапқы
түрінен ерекшеленетін, сондай-ақ кейбір морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық
сипаттамалардың тұқым қуалайтын өзгерістерімен ерекшеленетін жаңа клондардың пайда болуы.
Осы өзгерістермен сол түрдің негізгі таксономиялық сипаттамалары әдетте сақталады.Ең көп
таралғаны бактериялардың S-R диссоциацияланған колониялары болып табылады.




S формалы колониялар – шеті тегіс,беткей көрінісі жылтыр,пішіні дұрыс, дөңес пішінді болып
келеді.
1.Сорпада өсу кезінде-біркелкі бұлыңғыр болып,сорпаны диффузды түрде лайландырады
2.Қозғалғыш бактерияларда флагелла бар
3.Капсулалы түрлерінде шырышы немесе капсуласы анық байқалады
4.Биохимиялық белсенділігі жоғары
5.Толыққанды антигендік қасиет көрсетеді
6.Патогенді түрлері вирулентті
7.Бактериофагтарға сезімтал
8.Физиологиялық ерітінділерде гомогенді,тұрақты
9.Организмде аурудың өте ауыр түрінде бөлінеді
10.Жасушалардың морфологиясы қалыпты

R-формалы колониялар – шеті тарамдалған,беткей көрінісі жылтыр емес әрі қатпарланған,
бұлыңғыр және тісшелер тәрізді болып келеді.
1.Сорпада тұнба түрінде өседі
2.Қозғалмалы бактерияларда флагелла болмайды
3.Капсулалары жоқ
4.Биохимиялық қасиеттері әлсіз
5.Бактериялардың көпшілігінің патогенділігі төмен
6.Әдетте аурудың созылмалы түрінде шығарылады.
7.Авирулентті
8.Бактериофактарға сезімталдығы төмен
9.Антигендік қасиеті жетілмеген
10.Физиологиялық ерітінділерде тұрақсыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет