1. Халыкаралық Қабанбай қоры Шығыс Қазақстан облысы «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»



Pdf көрінісі
Дата11.04.2023
өлшемі332,36 Kb.
#174199
Байланысты:
Қабанбай Батыр Ереже 2022
Паспорт кабинета 25.08.2022


 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.
 
Халыкаралық ҚАБАНБАЙ қоры 
2.
 
 Шығыс Қазақстан облысы «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 
3.
 
Шығыс Қазақстан Облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасы 
 
 
 
 

 
 
ЕРЕЖЕ 
Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған 
«Уа, Қабанбай, көзелім» 
атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы 
 
республикалық онлайн байқау
 
1. Жалпы ақпарат 
Онлайн-байқау жаугершілік заманда ел тағдырын бәрінен биік қойып, ұлттың 
тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен Қаракерей Қабанбай батырдың 330 
жылдығына арналады. 
2. Байқауды ұйымдастырушылар, қатысушылар және өткізу мерзімі 
2.1. Шығыс Қазақстан Облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасы, Шығыс 
Қазақстан облысы «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, Халыкаралық 
ҚАБАНБАЙ қоры байқауды ұйымдастырушылары болып табылады; 
2.2 Байқауға ұсынылған жұмыстар 12 сәуір - 27 мамыр аралығында қабылданады. 
2.3 Байқау 
Ережесі кітапхананың 
https://pushkinlibrary.kz
 
сайтында және
https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz

https://www.instagram.com/pushkinlibrary/
 
әлеуметтік 
желі 
парақшаларында 
жарияланады. 
 
3. Мақсаты мен міндеттері: 
- Қабанбай Батырдың өр тұлғасын ұлықтау; 
- Қабанбай батырға қатысты ғылыми-тарихи ақпараттарды жинақтау; 
- Болашақ жастарға патриоттық тәрбие беру; 
- Рухани құндылығымызды насихаттау; 


- Шығармашылық ізденісті жандандыру; 
- Батырдың өмірі мен ерлігін зерттеушілердің есімін елге дәріптеу. 
4. Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі 
4.1 Байқауға Қабанбай батырдың өмірі мен ерлігін зерттеуге ниеттенген 5-10 сынып 
аралығындағы кез келген оқушы қатыса алады.
4.2 Байқау 2 бағыттан тұрады: 
І бағыт – Қабанбай батыр туралы жырды жатқа оқу (бейнеролик); 
ІІ бағыт – Қабанбай батыр жайлы бейнеролик.
4.3 Бейнеролик кез-келген техникалық құрылғыда болашақта YouTube парақшасына 
салуға болатындай жасалуы тиіс. (Movavi, Mp-4) 
4.4 Жырды жатқа оқу ұзақтығы – 1-3 минут; 
4.5 Бейнеролик ұзақтығы – 3-5 минут; 
4.6 Бейнеролик тақырыпқа, байқау талаптарына сай болуы керек; 
4.7 Шығармашылық ізденіс талап етіледі; 
(Қ.Жұмаділов «Дарабоз», З.Сәнік шығармалары, К.Абдрахман «Қаракерей 
Қабанбай», А.Ғафуров «Ержүрек батыр бабам – Ер Қабанбай» шығармалары 
негізінде және т.б.)
4.8 Байқауға қатысушы жайлы толық ақпарат көрсетілуі тиіс; 
4.9 Жұмысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қорғауға болады; 
5.0 Байқауға қатысушы дайын жұмыстарын Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102 
үйде орналасқан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхананың тіркеу бөліміне 
келіп тапсыруына немесе 
kud-nurgul@mail.ru
электронды почтасына электронды 
түрде жіберуіне болады. 
5.1 Жеңімпаздар 
https://pushkinlibrary.kz
 сайтында және
https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz

https://www.instagram.com/pushkinlibrary/
 әлеуметтік желі парақшаларында 
жарияланады. 
5. Қорытынды жасау және марапаттау 
5.1 Байқауға ұсынылған бейнероликтер мен автор жайлы мағлұмат (автордың 
келісімімен) әлеуметтік желіге қойылады. 
5.2 Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар 30 мамыр күні анықталып, 1 
маусым күні облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханада салтанатты түрде 
марапатталады.
5.3 Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен, алғыс хатпен және қаржылай 
сыйлықтармен марапатталады. 
5.4 Сайысқа белсене қатысқан оқушылардың ұстаздары да алғыс хат, грамоталармен 
марапатталады. 
Барлық сұрақтар жайлы 8-778-149-76-36; 8-705-541-25-25; 8-705-282-11-27, 
байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет