«Беріктас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
Жалпыға бірдей міндетті оқу қорын бөлу жөнінідегі комиссия отырысының
№1 хаттамасы
25.08.2021жыл Беріктас ауылы
Комиссия отырысына қатысқандар:
Комиссия төрағасы М.Шаяхмет мектеп директоры
А.Кунафина -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қ.Әділжан -кәсіподақ ұйымының төрайымы
Н.Чалимбекова -оқу ісі жөніндегі орынбасары
Г.Булдубаева - бастауыш сынып мұғалімі
Г.Сурамбекова ата аналар комитетінің төрайымы
Күн тәрбібінде:
Жетім, ата анасының қамқорынсыз қалған және көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы балаларына бөлінген ақшаны жұмсау туралы, және ыстық тамақ ішетін балалардың тізімін жасау
Тыңдалды:
Аталған мәселе бойынша мектеп директоры М.Шаяхмет сөз алды. Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан материалдық көмек берудің ережесі туралы айтып өтті , ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарда №64 қаулыға сәйкес «Әлеуметтік қорғау білім алушыларға қаржылай және материялдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау» ережесімен таныстырды. Жалпы бірдей білім беру қорынан ыстық тамақ, демалыс лагерлері ақша бөлінгенін айтты. Осы қаржыға сынып жетекшілері мектептегі жетім және ата анасымен сөлесіп көмек қажеттігі туралы өтініш жаздыртып және зерттеу актісін толтырып, тізім өткізу қажеттігін айтты.
Сөйледі: ата-ана комитетініңи төрайымы Г.Сурамбекова: түскен өтініштерді қарай отырып, ҚР Үкіметінің №64 бұйрығына сәйкес табыс көзін есептей келе аз қамтылған отбасына беріп отырған тізімдегі балаларға өз басым қарсы емеспін. Себебі Мүтәліп Қ, Мүтәліп Ұ, Рабатұлы Д,Рабатұлы Ж ата анасының қолында тұрып жатыр дегенімен бір айлық табыстары да мәз емес, сондықтан мен қарсы емеспін.
М.Шаяхметт сынып жетекшілерге барлық ата аналардан түскен өтініштерді мұқият қарап, пәтерлерін аралап мектептің көмектесуі туралы қолдау хат пен тұрмыстық жағдайлары тесеріп акт жасалынып, осы құжаттар негізінде әкіммен бекітілген оқушыларды толық қамтуымыз керек екенін айтып өтті.
Сынып жетекшілер: Т. Кулахметова, А. Абитаева, А. Бакетова сыныптарында көпбалалы, асырап алушы, жетім бала, толық емес отбасы категориясына сыныптағы білім алушылардың тізімін ұсынды. Сынып жетекшілерінің ұсынуымен «Көпбалалы» отбасы категориясындағы 30 білім алушының ҚР Үкіметінің №64 бұйрығына сәйкес табыс көздерін есептей келе 10 отбасы, 26 білім алушы ыстық тамақпен қамтылды.
Арнайы комиссия оқушының тізімін жасап, шешім қабылдады.
ШЕШІМ: сынып жетекшілерінің берген тізіміндерін негізге алып төмендегі оқушыларға ыстық тамақ ішугежағдай жасалсын:
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары, асырап алушы балаларынан, толық емес отбасы балаларынан:
Аталған оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілсін.
Мектеп директоры М.Шаяхмет
Тәрбие орынбасары А.Кунафина
Достарыңызбен бөлісу: |