Байланысты: 1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы-emirsaba.org
84. Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайында Ең алдымен Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктерін қарастырайық.
Біріншіден - минералдық ресурстар байлығы. Барланған пайдалы қазбалардың құны бойынша Қазақстан дүние жүзінде алтыншы орында.Бұл—біздің еліміздің үлкен артықшылығы,оның әлемдік позициясының негізі.Осы жағдай біздің елімізге ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.
Екіншіден, жер көлемінің ауқымды болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалық қызметтің шағын мөлшері - елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көл емде болуына әсерін тигізеді.
Қазақстанның 2008 жылы қорғаныс шығыны 185 млрд теңгеден аспайды (қазіргі 6 соғыс ұшағы «Стелс» құнындай ғана).Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана.
Сондықтан ел ішіндегі «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн адамға жеткізуді көздейді.
Сыртқы саясат елдің қауіпсіздігін саяси құралдар арқылы шешіуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, кептеген халық аралық ұйымдарға қатысуда. Шекара бойы толығымен достас мемлекеттер белдеуіне айналды. Біртіндеп ел қауіпсіздігінің көп деңгейлі жүйесі калыптасуда. Оның бірінші деңгейінде - ЕурАзЭҚ жәнө ШЫҰ,екіншісінде - Азиядағы қарым-қатынас пен сенім шаралары жөніндегі Кеңеске(АҚСШК)мүше елдер бар.
АҚСШК-і еліміздің. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен жұмыс істейді.Оған 20-дан астам елдер катысады, оның ішінде Қытай, Ресей,Үндістан жөнө Пәкстан бар.
Қазақстанның ГСЖ төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.
Біріншісі - құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы).Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді.Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік нарыққа шығаратын жаңа қөлік «коридорларын» жасауға қатысуда.Олар барлық бағыттар бойынша - Ресей, Қытай ,Орталық,Оңтүстік—Батыс (Иран, Түркия)және Оңтүстік (Пәкстан) Азия арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан - Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты.Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.
Екінші ерекшелігі - әр түррлі мәдениеттердің, атап айтқанда -ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия),орыс және қытай мәдениеттерінің түйіскен жерінде орналасуы. АҚШ пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі Бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда.Үкімет халық аралық деңгейде әлемдік және ұлттық діндер Форумын өткізді.
Үшінші ерекшелігі - Еуропа мен Азияның арасында орналасуы.Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпі р тәрізді.Үкімет аумақтың, транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды.Қазақстан арқылы шет елдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республик аның қауісіз болуына тәуелділігін арттырады.
Төртінші ерекшелігі - екі ірі державаның - Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы.Бұл елдер Қазақстан мен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретіне маңызы зор. Бұл ар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде 2 млн қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдаға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады.
Бесінші ерекшелік - Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нщтелердің») пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі - Ауғанстан(халықаралық террор, есірткі саудасы).Қырғызстан мен Тәжікстанда ғы(ішкі кақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) күрделі жағдайардың болуы.
Алтыншы ерекшелігі - Каспий теңіз- көлінің статусы туралы келісім жасалмаған Каспий бойы аймағындағы жағдай.