Мазмұны:
І Кіріспе...................................................................................................................3
1 ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі........................4
Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер..........................................................4
2 ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық – саяси көзқарастары..................................................................................................7
2.1 Ағартушы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмір жолы..............7 2.2 Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде.......................15
2.3 Қазақ баспасөзін дамытудағы Ресей баспасөзінің әсері.............................20
ІІІ Қорытынды.......................................................................................................25
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................26
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: ХІХ ғасырдағы қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып, қараған Шоқан, Ыбырай, Абай секілді ұлы ағартушы демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Олар көп салалы мәдениеттің барлық сбаласын дамытуға үлес қосты. Оның үстіне олардың әрқайсысының мәдениетте түбегейлі айналысқан, белгілі бір бағыттары болды. Осы қызметіне қарап халық Шоқанды - ғылымды дамытушы Ыбырайды – оқу ағарту ісін дамытушы, ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел – жұртын көрші елдің өнер – білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында, тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті, негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.
Абай да патшалық дара биліктен орыс халқын айыра білді. Орыс-қазақ еңбекшілерінің достығын уағыздаған Абай ұлы халықтық тілін, мәдениетін үйренуге шақырды.
Абай әндері, өлеңдері қазақ даласына кең тарады. Алайда бай рулық-патриархалдық топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Ұлы ойшылды күндеп, ақындық шабытын уландыруға тырысты. Білімді де талантты Әбдірахманның, одан кейін сүйікті баласы Мағауияның аурудан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақын қайтыс болды. Тамаша "Ғаклияның"— нақыл сөздердің авторы Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы кемеңгері еді. Абай шығармаларының терең, ойлы мазмұны — ұрпақтарға қалған өшпес мұра.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты ХІХ ғ. кезеніндегі саяси ойларды, оның мәдениетін егжей-тегжейлі зерттеу.Осыған орай мынадай міндеттер орындалады.
-ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі;
-Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер;
-ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық – саяси көзқарастары;
-Ағартушы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмір жолын қарастыру;
-Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде;
-Қазақ баспасөзін дамытудағы Ресей баспасөзінің әсерін талда ;
Міне, осы секілді сұрақтарға дерек көздерін пайдалана отырып жауап беру курстық жұмысының міндеті болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі.
Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер.
Қарастырылып отырған кезеңде феодализм ыдырай түсті. Орыс самодер-жавиесінің саяси бағыты реакциядан либерализмге дейін өзгеріп отырды. Көптеген либералдық реформалардың жобалары жасалды. Дворяндардың басым көпшілігі заңдармен шектелмеген самодержавиені және крепостниктік правоны сақтап қалуды жақтады. Бұл Карамзиннің саяси идеоло¬гиясында анық көрінді. Осы тұста декабристердің де тарих аренасына шыққандығы белгілі.
Александр I патшаның статус-секретары болған Михаил Михаилович Сперанский (1772-1839) революцияны болдырмау үшін самодержавиеге конституциялық монархия түрін енгізуді ұсынды. Оның ішкі және сыртқы саясаттағы көзқарасы помещиктердің наразылығын туғызды. Сперанскийдің басқа¬руымен Ресей империясының 45 томдық заңдар жинағы шықты. Онда сенатта үш тармақ: заң шығару, орындаушы, соттық деп көрсетіліп, мемлекеттік Совет, мемлекеттік Дума құру ұсынылды. Азаматтардың азаматтық және саяси құқықтарының болуы көрсетілді. Жоғарғы мемлекеттік қызметті тек дворяндар ғана алуы мүмкін. Төменгілердің саяси құқығы болмайды. Ол крепостниктік құқықты жоюды әлденеше рет айтқан. Бірақ помещиктердің жерінің сақталуы көрсетілген. Ресей үшін самодержавиелік шексіз билік бірден-бір қажетті дейді.[1]
Анархо-синдикализм. Париж коммунасы жеңілгеннен кейін әр түрлі сектанттар, реформистер, анархистер, әсіресе Бакунин шабуылға шықты. Мемлекетті жою керек деген бакунизмнің субъективистік-идеалистік докторинасына Маркс пен Энгельс қарсы шықты. Бакуниннің анархистік көзқарасы Прудонның ықпалымен қалыптасты. Бакуниннің түсінігі бойынша тарих – адамзаттың «жануарлар дүниесінен» «бостандық дүниесіне» эволюциялық жолмен көшу процесі. Зұлымдықтың барлығы мемлекеттен деп қате түсініп, мемлекеттік құрылысқа, пролетариат диктатурасына қарсы шықты. Бакунин әлеуметтік революцияны қиялдай отырып, оның мазмұнын, жұмысшы табының тарихи міндетін түсіне алмады. Ол бар үмітін шаруаға, қаланың жартылай проле¬тариаты мен люмпен-пролетариатына артты.
Петр Алексеевич Кропоткин (1842-1921) – князь, революционер, анархист, географ, ғалым болған адам. «Біз болашақ құрылыстың мұратын қарастыруға тиістіміз бе?», «Революциялық насихат бағдарламасы» деген еңбектер жазып, өзінің анархистік көзқарасын баяндады. Оның ықпалымен Ресейде анархистік топтар құрылды. Бірінші орыс революциясы жыл¬дарында «Анархия, оның философиясы, оның идеалы», «Анархия және оның социалистік революциядағы орны» деген еңбектерін жазды. Қазан төңкерісінен кейін Ресейде «таптарды татуластыру» идеясын насихаттады. Қанаушыларға қарсы
күрес – прогрессивтік, бірақ ол өкімет билігі үшін күреске айналмауы тиіс, өйткені әрбір өкімет, тіпті революцияшыл диктатураның өзі де зорлықтың, деспотизмнің құралына айна¬лады деп есептеді. Болашақ қоғам өзара көмек пен ынтымаққа негізделген ерікті федерациялық одақтар болуға тиіс. «Өкіметсіз социализм» жолындағы революциялық күрес туралы утопиялық идеясы да бар. Кропоткин «Ұлы Француз революциясы» атты еңбегінде революция эволюциямен алмасады деген пікірін қоғам дамуының ортақ заңдылығы деп ұсынды. Революция орындай алмағандарды эволюция жүзеге асырады деді.[6]
Ресейде революциялық демократизм идеяларының таралуына Александр Иванович Герцен (1812-1870) көп әсер етті. «Ғылымдағы дилетантизм», «Табиғатты зерттеу жөніндегі хаттар», «Коперниктің күн системасы», «Адамның табиғаттағы алатын орны» деген еңбектерінде адам мен табиғаттың, материя мен сананың, эмпирия (тәжірибе) мен ақыл-ой бірлігінің мәнін түсіндіруге тырысады. Ол Гегель диалектикасын «революцияның алгебрасы» деп, адамзаттың антогонизмсіз қоғам орнату мақсатында дамуын заңды деп дәлелдемек болды. Герцен келешекте ақыл-ойдың құдіретімен тарихтың ең қажетті кезеңдері антикаға тән табиғатқа табыну, реализм жеке адамның тәуелсіздігі, рухани бостандық принциптері жүзеге асады деп үміттенді. Осы принциптерді социализм мұраттарымен барабар деп санады. Герцен тарихи дамудың заңдылығы адамзат қоғамының ішкі қайшылықтарынан, билеп төстеушілер мен езілген таптардың арасындағы күрестен туады деп білді. Капиталистік құрылысты өткір сынады, буржуазиялық либерализмді әшкереледі. Әдебиет самодержавиеге қарсы күреске шақыратын қуатты құрал деді. Езілген халықтарға көңіл бөлді. Есет Көтібаровтың көтерілісін жазалаған патша өкіметін айыптады. «Өткендер мен ойлар» шығармасы – Ресей мен Батыс Еуропадағы қоғамдық өмір мен революциялық күрестің шежіресі, орыстың қоғамдық ой-пікірлеріндегі идеялық ізденістің тамаша ескерткіші.
Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) – револю¬ционер-демократ, социалист-утопист. Елдегі патшалыққа, феодалдық-буржуазиялық қоғамға қарсы революциялық-социалистік идеяларға сенімді болды. Революциялық Ресейдің танымал көсемі революциялық ұйым құру идеясын «Өзгерістердің басы емес пе?» деген мақаласында насихаттады. Басыбайлылық пен патшалық тәртіпке қарсы революциялық күреске берілді. Шаруалар революция арқылы Ресейде социалистік қоғамдық қатынастарға апаратын жолға түседі деп сенді. «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде адамның тума қабілетін, білімін жоғары бағаласа, «Даналық теориясында» ағартушылық рациона-лизмге бой ұрады. Көркемөнердің шын мақсаты адамды азат етуге бағытталуы керек деген жаңа эстетикалық теория жасады. «Не істеу керек?» атты романы соның кепілі.
«Пролог» романы да қоғамды революция арқылы қайта құру проблема¬сына, «жаңа адамдарға» арналған. Чернышевскийдің еңбектері Ресейде марксизм-ленинизм идеяларының қанат жаюына негіз қалады.[5]
Революцияшыл-халықшыл Петр Лаврович Лавров (1823-1900) «Тарихи хаттар» деген еңбегінде тарихты оқыған, интеллигент адамдар дамытады деп тұжырымдады. Орыс қоғамын қайта құру адамдардың күшімен жасалатындығын айтты. Орыс революционерлерінің мақсаты шаруалардың әлеуметтік революция жасауға жеткізу деп білді. Ол үшін «ғылыми социологиялық ойды дамыту, халыққа социалистік идеяларды насихаттау керек, партия құру керек» деген пікірлер айтты. Лавров «Болашақ қоғамдағы мемлекеттік элемент», «1871 жылғы 18 наурыздағы Париж Коммунасы» деген еңбектерінде бұрынғы анархизмнің орнына революция¬лық диктатураның қажеттігін меңзеді. Ол Париж Коммунасын социалистік мемлекеттің үлгісі деп сипаттады.
Петр Никитич Ткачев (1844-1885) социализмге бөгет бо¬лушы самодержавие, орыс мемлекетінің өмір сүріп отырған құрылыспен байланысы жоқ, тезірек революция жасау керек деген ойларды айтты. Революциялық азшылық шешуші рөл атқарады деп есептеді.
3.Жылқышиев Қ. Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал. – Ас., 2005. №6.
Историография Нового и Новейшего времени стран Европы и Америки. М., 1990.
4.История Европы М., 1996.
5.История Европы: В 5 т. М., 1988-2000. Т.4-5.
6.История Италии. М., 1970. Т. 2.
7.История Нового времени стран Европы и Америки. Под. Ред. Е.Ф. Язькова. М., Высшая школа, 1989.
8.История Фашизма в Западной Европе. Ответ. ред. Г.С. Филатов. – М., 1979.
9.Мәшімбаев. Қазіргі заман тарихы. (1918-1945ж.ж.) – Алм.,2004.
Новая история стран Европы и Америки. Ч.1,2. Под. Ред. проф. 10.А.Л. Нарочинского. М., Просвещение, 1972.
11.Новая история стран Европы и Америки. Второй период. М., Высшая школа, 1984.
12.Новая история стран Европы и Америки.Первый период. Изд 2-е.Под. ред.
13.Понамарев М.В.,Смирнова С.Ю. III том, - М., 2000.
14.Хрестоматия по Новой истории // Под. ред. Губера А.А. иЕфимова А.В.. в 2-х тт. М., 1963-1965.
15.Ш. Уәлиханов Сабақ - әдістеме Алматы, 2002 ж.
16.Юровской Е.Е., Кривогуза И.М., Полтавского А.М. М., Высшая школа, 1984.
Достарыңызбен бөлісу: |