Кабдырашова Гүлімжан Бақытжанқызы ҚБ-21 Ыбырайдың «Қырғыз хрестоматиясын»



Дата26.12.2021
өлшемі15,12 Kb.
#105835
түріСабақ
Байланысты:
Ыбырайтану прак2 Кабдырашова


Кабдырашова Гүлімжан Бақытжанқызы ҚБ-21

Ыбырайдың «Қырғыз хрестоматиясын» жазудағы мақсаты, міндеттері

60-70 жылдары Ыбырай өзінің тұңғыш мектебін ашып, сабақ берді , қызмет істеді . Осы негізде Ыбырайдың ағартушылық , демократиялық көзқарастары қалыптасып, дамыды . Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін ол ел ішінде білім, өнер тану ісін кеңейте беру керек деп ұққан бірден бір кісі. Сол ниетпен бар күш – жігерін мектеп ісіне , бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсаған . Ең алдымен ол 1876 жылы Ыбырай Петербург , Қазан қалаларына барады. Сол жақта орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді . Соларды негізге ала отырып , қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды, Оқулық жасау жұмысына Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің ең негізгі шараларының бірі деп қарай отырып ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез – құлыққа баулуды көздейді . Діни мектептерде оқылып жүрген араб, парсы кітаптарының бәрі адам баласын дұрыс ойлаудан шатастырып, кері кетіретінін айта отырып, Ыбырай балаларды ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде басып шығару керектігін түсінеді. Осындай бір үлкен мындет мақсатпен Қырғыз хрестоматиясы 1879 жылы Орынборда басылады. <<Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс – қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын , сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім>> -деп жазды Ыбырай Хрестоматиясының алғы сөзінде . Кітап Алтынсариннің орыс алфавиті негізінде жасаған жаңа алфавитімен қазақ тілінде басылды . Мұның өзі , қазақ халқы былай тұрсын , басқа елдердің мәдени тарихында да бұрын соңды кездеспеген жай еді деп дереккөздерде баяндалған Алтынсариннің бұл қадамы аз ұлт халықтарына орыстың жазуы мен тілін үйретудің жаңа төте жолын тапқан төңкеріс болды . Жаңа алфавит жасау үшін Алтынсарин үш жылдан астам еңбек етті. Кітап басып шығару Алтынсаринға өте қиынға түсті , себебі ол кезде Орынборда әсіресе қазақ тіліндегі кітапты орыс алфавитімен басып шығаруға полиграфиялық база жоқтың қасы еді . Алтынсариннің қазақ тіліндегі кітапты орыс алфавитімен басып шығарғанда , орыс алфавитінің құрамын түгел сақтаған жөн деп білді .Сонымен бірге қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкес кейбір әріптердің өзгерісінен қазақ әріптерін жасап шығарды . Қырғыз хрестоматиясында жазған кіріспе сөзінде қазақ тіліндегі кітапты орыс графикасы негізінде құрылған қазақтың жаңа алфавитімен бастырып шығарудың қаншалықты қажет екенін дәлелдеп , былай деп жазды : Жалпы біліммен пайдалы мағлұмат беретін кітап Азия халықтарының бірде – бірінің тілінде жоқ , сондықтан орыс тіліндегі кітаптан ізденуді мақұл көрдік . Осы себептен біз хрестоматия өзінің мақсатына сай келуі үшін оны орыс алфавиті мен шығаруды қолайлы деп таптық.

Алынған мәліметтер сілтемесі: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AB%D0%B1%D1%8B%D1%80%D0%B0%D0%B9_%D0%90%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%BD

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет