Ыбырай Жақаев 23 маусым 1891 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл Ту» колхозында (қазіргі Ы.Жақаев атындағы) дүниеге келді. Әйгілі күріш өсіруші, ауыл шаруашылығының жаңашылы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946).
Асқар Тоқмағамбетов:
Асқар Тоқмағамбетов:
Отыр, міне, ортамызда, секілді бір,
тау биігі Гималай.
Рекорд жасап, бар әлемге аты шыққан,
Ер Жақаев Ыбырай”, – деп жырлайды.
Күрішпен айналысуы
Ыбырай атаның маңдайындағы әжімді салған сонымен бірге Ұлы Отан соғысы болды. Ыбырай бауыры Қарабай мен тұңғышы Ақылбекті майданға аттандырып салып, еңбекке бұрынғыдан да құлшына кірісті.Сол кезде жасы 50-ге келген диқан күріш дәнінен дұшпанға арналған оқ жаудырды.Сыр күрішінің даңқын асырып, әлемге рекорд жасап табыс тұғырынан көрінді.Баласы мен бауырынан айырылса да қайғы мен мұң оны мұқалта алмады.Ол сын сағаттар кезінде тірнектеп жинаған 155 мың сомын танк коллоннасын құру қорына берді.Еңбектеніп тапқан 600 пұт дәнін майданға аттандырып, жауынгерлер үшін жылы киімдер дайындады. Осындай игі еңбегі кезінде баспасөзде жарияланып, оны нағыз патриот деп мақтады да.
Қажырлы күрес, еселі еңбек үстінде 1947 жыл да жетті.Ыбырай Жақаев күріш егу, оны күтудің агротехникасын байыта отырып, дүниежүзілік рекорд жасады.
Қарапайым күрішші өз бақытын осылай еңбектен тапқан еді. Ол бұл жетістіктерімен тоқтап қалған жоқ, көптеген ізбасарлар тәрбиеледі, Жақаевшылар қозғалысы елімізде кеңінен етек алды. Ал, 1974 жылы Ыбырай Жақаевқа екінші рет Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Кейінгі кезде күріш егетін жер көлемі 2 мың гектарға дейін төмендеп кетіп еді. Қажырлы еңбектің арқасында қайтадан 11 мың гектарға дейін көтерілді. Ал, 1977 жылы аудан шаруашылықтарында 12 400 гектар жерге күріш егіліп, 1980 жылдары егістік көлемі 15 000 гектардан асып, шиеліліктер күріш өсіруден, мол өнім келтіруден ешкімді алдына шығармады.

Ыбырай Жақаевты «Дала академигі» деп алғаш атаған адам – жазушы Сәбит Мұқанов. Себебі, диқан – өзі мұрап, өзі агроном, өз геолог, өзі күрішші, өзі басшы болған. Сондай-ақ, ол кісі қазақтың тарихын, ескі сөздерін көп білген.

Ыбырай Жақаев атамыздың тақиясы
Құнды жәдігерді мұражайға, 2015 жылы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық музейге сый тарту шарасы аясында, даңқты ердің баласы Сейітбек пен немересі Аягөз тапсырған. Олар тақиямен бірге атамыздың серігі болған кетпенінің басы мен орағын өткізеді. Қазіргі кезде тақия елордадағы бас музейде сақталған.
Алған марапаттары
Шиелі ауданындағы «Қызыл Ту» кеңшарының бөлімше жетекшісі болған. Ол республикаға бірінші болып күріш тұқымын жоңышқа атызына екті. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көң мен суперфосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқты агротехникалық шараларды өндіріске енгізді. Бұл технологиялық әдістер «Жақаев агротехникасы» деп аталды.
1966 жылдан зейнет демалысына шығып, жасының ұлғаюына қарамастан жастарға өз тәжірибесін үйретті. Осы жылдары республикада жақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді.
Ы.Жақаев Ленин орденімен 4 рет, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық және Бүкілодақтық халық шаруашылық жетістіктері көрмелерінің алтын медальдарымен марапатталған.Ұлы диқан 1981 жылғы 19 қыркүйекте 91 жасында дүниеден өтті.