1. Химиялық кинетика дегеніміз не?


әрекеттесуші массалар заңы



бет4/4
Дата13.05.2022
өлшемі18,16 Kb.
#143000
1   2   3   4
Байланысты:
1. Химиялы кинетика дегеніміз не
Шешендік, білгірлік сайысы
әрекеттесуші массалар заңы деп те атайды. 
Қайтымсыз реакцияда реагенттердің концентрациясын арттырғанда, реакция сәйкесінше артады. Бірақ реакция қайтымсыз болғандықтан, өнімнің концентрациясын арттыру — реакция жүру жылдамдығына әсер етпейді. Яғни, реакция жылдамдығы реагенттердің концентрациясына тура пропорционал. 
4.Химиялық реакция жылдамдығы
Химиялық реакциялардың жылдамдығын және олардың жүру механизмін зерттейтін ғылым саласын химиялық кинетика деп атайды. Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесуші заттардың мөлшерінің ішіндегі өзгерісімен сипатталады. Жалпы, реакцияның жылдамдығын сипаттау үшін реакцияға қатысушы заттардың кез-келген біреуін алуға болады. Себебі, олардың барлығы бір-бірімен реакция теңдеуі арқылы стехиометриялық қатынаста байланысқан.
Әдетте бүкіл реакцияларды гомогендік және гетерогендік деп екі топқа бөледі. Гомогендік реакциялар біртекті жүйеде, мысалы, ерітінділерде жүреді. Гетерогендік реакциялар әр түрлі фазаларда тұратын екі текті жүйедегі фазааралық бетте жүреді.
Гомогендік реакциялардың жылдамдығы реакцияға қатынасатын заттардың белгілі бір көлемдегі (V) зат мөлшерінің уақыт бірлігіндегі (∆t) өзгерісімен (∆ν) сипатталады:
υгом = ∆v / ∆t*∆V (1)
Ал, мөлшерінің көлемге қатынасы ерітіндінің молярлық концентрациясын сипаттайтын (См) болғандықтан (1) теңдеуін былай жазуға болады:
υгом = ∆С / ∆t (2)
Реакцияға қатысушы заттардың концентрациясы үнемі өзгеріп отыратын болғандықтан практикада көбінесе орташа жылдамдық (υ) сөз болады:
υгом = ∆С / ∆t (3)
(3) формуладағы уақыт өзгерісінің мәні нөлге ұмтылғандағы қатынасының шегі лездік (нағыз) жылдамдықты сипаттайды:
υлездік = lim ∆С / ∆t (4)
t→0
Жалпы, реакцияның жылдамдығын сипаттайтын өрнектің алдында ± таңбалары қойылады:
υ = ±∆ν / S∆t (5) υ = ± lim ∆С / ∆t (5)
t→0
Гетерогендік реакциялардың жылдамдығы реакцияға қатысатын заттар фазалық беттің ауданының бірлігіндегі (S) зат мөлшерінің уақыт бірлігіндегі (∆t) өзгерісімен (∆ν) сипатталады:
υгет = ±∆ν / S∆t немесе υгет = ± lim ∆ν / S ∆t
t→0
υгет = ± lim ∆ν / ∆t·S
t→0
Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына, олардың концентрациясына, температураға, қысымға, катализатордың қатынасуына тәуелді.

  1. Алдымен концентрацияның әсерін қарастырайық. Концентрацияның әсері көптеген тәжірибелердің негізінде эмпирикалық түрде тұжырымдалған «әрекеттесуші массалар заңымен» сипатталады:

Химиялық реакциялардың жылдамдығы сәйкес стехиометриялық коэффициенттер дәрежесінде алынған
әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тура пропорционал.
Бұл заңды химиялық кинетиканың негізгі заңы деп атайды.
Мысалы, Н2 + І2 → 2НІ реакциясының жылдамдығын былай өрнектеуге болады:
υ = k [Н2] [І2] немесе υ = k СН2 СІ2 (7)
Мұндағы [Н2] және [І2], сол сияқты СН2 және СІ2, сутек пен йодтардың молярлық концентрациялары, k –
пропорционалдық коэффициент немесе жылдамдық константасы. Оның физикалық мәнін былай түсінуге болады: егер [Н2] = 1 моль/л және [І2] = 1 моль/л болса, онда υ = k. Демек, k әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісі моль/л болған кездегі реакция жылдамдығы.

  1. Реакцияның жылдамдығына температураның әсері эмпирикалық Вант – Гофф ережесімен анықталады:

Температураны әрбір 100 көтерген сайын реакцияның жылдамдығы шамамен 2-4 есе артады.
Бұл санды реакцияның температуралық коэффиценті деп атайды және γ (гамма) әрпімен белгілейді. Вант-Гофф
ережесін математикалық түрде былай өрнектейді:
υ(Т2) / υ(Т1) = γ 21) /10
Мұндағы υТ2 және υТ1 реакцияның температурасы Т2 және Т1 кезіндегі жылдамдықтары, γ – реакцияның жылдамдылығының температуралықкоэффициенттері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет