1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


Каучук —  қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Каучуктың аса маңызды қасиеті —  оның майысқақтығы



Pdf көрінісі
бет62/69
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#171546
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï
Киекенова Б.Б. Силлабус Философия 20 21-22уч.г., АЛАШ ОтыншиеваГ.Т окытушы, Статистика , *Àíàëèòèêàëû? õèìèÿ æ?íå õèìèÿëû? òàëäàó. Àíàëèòèêàëû? ðåàêöèÿëà
Каучук — 
қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Каучуктың аса маңызды қасиеті — 
оның майысқақтығы
.
Каучук суды, газды өткізбейді жəне электроқшаулағыш. Ол этил спиртінде аздап ериді, 
ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде əуелі ісініп, сосын ериді. Температура жоғарылағанда — 
каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ 
сақтағанда, каучук қатайып кетеді.

Резеңке
– 
майға, əртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш изолятор, тербелісті тұту қабілеті 
күшті, беріктік шегі жоғары органикалық зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда 
құнды материал болып табылады. 


Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады.
Ол 
үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) қосып, 130—140°С шамасында 
қыздырады. Күкірт атомдары каучуктың қос байланыстарының кейбіреулері бойынша қосылып, оның 
сызықтық молекулаларын бір-біріне "жөрмеп" байланыстырып, полимер кеңістіктік құрылымға ие болады. 
Кеңістіктік полимердің қасиеттері сызықтық полимерден өзгеше. Резеңке каучукпен салыстырғанда берік 
болады. Каучук бензинде біртіндеп ериді, ал резеңке бензинде ерімей, тек ісінеді. Каучукты 
вулканизациялағанда, оның массасының 2-3%-індей күкірт қосады. 
Вулкандау үрдісі 125-180 температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3-
0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада жəне т.б. жағдайда жүреді.
Резина бұйымдарын өндіру: шикі резинаны дайындау, формалау, вулкандау сияқты үш негізгі сатыдан 
тұрады. Шикі резинаның қоспасын дайындауға:
1) каучук пен ингредиент дайындау. Ингредиент резина қоспасының құрамына кіретін əртүрлі органикалық 
жəне минералдық заттар.
2) Компоненттерді өзара араластыру.
3) Алынған қоспаларды дайындау жəне формалау сияқты мынандай операциялар кіреді.
Резина бұйымдарын əрі қарай қолдану жағдайына байланысты əртүрлі мөлшерде резина қоспасының 
құрамына бірнеше ингредиент компоненттері кіреді. Мысалы, солтүстікте, оңтүстікте жəне тропикте жұмыс 
істеуге арналған мөлшері де конструкциясы да бірдей шиндерді əртүрлі рецепті қоспалардан дайындайды. 
Сондықтан əртүрлі резина бұйымдарын алу үшін қоспаның құрамы əртүрлі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет