материалдардан (элементтерден НСl синтезі үшін танталдан) жасалынады. Құбырлы реакторлар газды жылу
алмастырғыштар түрінде немесе суытылатын «құбыр-құбырдан» реакторлар түрінде жасалады, идеалды
ығыстырғыш тəртібінде жұмыс істейді.
С-С фазалы үрдістерді жүргізу үшін көбінесе əртүрлі араластырушы құрылғылары бар реакторларды
пайдаланады. Мерзімді үрдістерді, əдетте, механикалық араластырғышы бар немесе араластырудың басқа
түрлерімен дара резервуарларда немесе автоклавтарда жүргізеді. Үздіксіз сұйық фазалы үрдістер үшін
ағынды реакторлар – араласумен дара, араластырғыштары бар реакторлар каскады (тізбегі), газ фазалы
үрдістері үшін сияқты ығыстырғыш реакторлар, мысалы, салқындатылатын құбырлы ығыстырғыш реактор.
Газды фазадағы гомогенді үрдістер əсіресе органикалық технология үшін тəн жəне бір қатар жағдайларда
органикалық заттарды буландырып, соңынан буларды газ тəрізді реагенттермен – хлормен, оттегімен, күкірт
диоксидімен, азот оксидтерімен өңдеу арқылы жүзеге асырылады; осыған сəйкес хлорлау, тотығу,
сульфирлеу, азоттау жəне т.б. химиялық реакциялары жүреді. Газды жəне сұйық фазалардағы гомогендік
үрдістердің жылдамдығына əрекеттесуші заттардың, концентрациясы, қысым, температура жəне араластыру
əсер етеді.
Гомогенді үрдістің жалпы жылдамдығы химиялық түрленудің кинетикасымен анықталады , яғни конверсия
жылдамдығы мен заңдылықтары бұл жағдайда химиялық реакцияның жылдамдығы мен заңдылықтарымен
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: