14) Цитокиндердің анықтамасын, жіктелуін, қызметтерін, топтарын жазыңыз. Цитокиндер – түрлі антиденелерге қарсы иммундық жауапта және арнайы емес қорғаныста орын алатын иммунды жүйенің жасушаларының арасындағы кең және күрделі ароа-қатынастарды қамтамасыз ететін, иммунды жүйенің белсендірілген жасушаларының нәруызды немесе полипептидтіөнімдері болып табылатын медиаторларЦитокиндерді бірнеше топқа бөледі:интелейкиндер (лейкоциттердің өзара әрекеттесу факторы), интерферондар (вирустарға қарсы белсенділігі бар цитокиндер), ісік некроздаушы факторлар (цитотоксикалық белсенділігі бар цитокиндер), колониястимулдаушы факторлар (гемопоэтикалық цитокиндер)және хемокиндер(толық зерттелмеген хемотаксисі белсендіретін медиаторлар), интерлейкиндер. 1979 жылы Швейцарияда өткен лимфокиндер бойынша эксперттердің комитетінің Халықаралық симпозиумында сол уақытқа дейін белгілі болған лимфокиндер мен монокиндер туралы мәліметтер біріктіліп интерлейкиндердің (ИЛ)-лейкоцитарлық медиаторларының қағидасы негізделді.Сол кезде алғашқы зерттелген екі интерлейкинге-ИЛ-1жәнеИЛ-2деген кезекті сан берілді.Қазіргі таңда 30-дан астам интерлейкиндер зерттелген.Олардың біріншілік құрылымдары анықталып, барлығы рекомбинанттық түрде өндірілген. Интерферон 1957 жылы инактивтелген грипп вирусымен өңделген тауық эмбрионының аллантоис сұйықтығында болатын белсенді субстанция ретінде сипатталған.Бұл субстанция түрлі вирустардың әсеріне тұрақтылықты өндіре алатыны кейінірек белгілі болды.Кейін интерферондардың синтезі вирустық емес агенттермен (ЛПС, полианиондар, митогендер) индукциялану көрсету мүмкіншілігі туындады.70-ші жылдары иммундық стимуляция кезінде пайда болатын интерферон, яғни «иммундық интерферон»түсінігі пайда болды.Алғашында интерферон тек қана вирустарға қарсы фактор ретінде қарастырылды.Қазір олардың құрамында ісікке қарсы және иммун реттегіш қызметі анықталды.Қазіргі кезде интерферондар цитокиндердің арнайы класына біріктіріліп енгізіліп отыр. Хемокиндер дегеніміз, цитокиндердің иммунды жүйенің жасушаларының жылжу қабілеті мен белсендірілуін реттейтін арнайы түрі.Соңғы жылдары 40 шақты хемокин табылды, олар цитокиндердің ішінде («хемокин» термині – «хемотаксис» пен «цитокин» терминдерінен туындаған) бөлек подкласқа біріктіріліп, 4 тұқымдастыққа жіктелген: СХС (а-хемокиндері) СС (в-хемокиндері) С(ү-хемокиндері) СХ3С (дельта-хемокиндері) Құрылыс ерекшеліктері мен биологиялықәсерінеқарайбарлықцитокиндербірнешеөзіндіктоптарғабөлінеді: гемопоэтиндер, интерферондар, иммуноглобулиндердің супер топтықцитокиндері, ФНО-тобыцитокиндері, хемокиндер. Цитокиндер өзара 5 топқабөлінеді. 1-ші топ – Гемопоэтикалық цитокиндер. 2-ші топ – Иммундыққа адейінгіқабынудың цитокиндері: 3-ші топ – Лимфоцитарлы иммунды жауаптың ұйымдастырушылары 4-ші топ – Иммунды қабынудың медиаторлары 5-ші топ – Қабынуға қарсы цитокиндер 2-ші топ – Иммундыққа дейінгі қабынудың цитокиндері: а) біріншілік про-қабыну цитокиндер – ИЛ-1, ТНФ-α, ИЛ-6. Макрофагтармен және дендритті клеткалармен бөлінеді. ИЛ-1-ші мен ТНФ-α жергілікті әсер етеді, ал ИЛ-6 жетілік фаза белоктардың синтезін бауырда стимулдейді. б) екіншілік қабыну цитокиндер – оллейкоциттер мен лимфоциттердің локоматорлы жылжуын қамтамасыз етеді.