1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Антигенді таныстырушы (презентация) жасушаларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз



бет9/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

12) Антигенді таныстырушы (презентация) жасушаларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз. Иммундық жүйенің маңызды жасушалары-антигенді таныстырушы жасушалар (АТЖ) болып табылады. АТЖ қызметi Т-лимфоциттерге АТЖ бетiнде орналасқан МНС гендерiнiң өнiмдерiмен байланысқан антигендердi өңдеуден және таныстырудан тұрады. Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендриттік жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий 26 жасушалары жатады. Макрофагтар, дендриттік жасушалар және Влимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады. АТЖ-ның сыртқы мембранасында 2х105 дейін МНС молекулалары болады. Бір Т-лимфоциттің белсенденуі үшін, антигенмен кешен құрған осындай 200-300 молекуласы жеткілікті. Макрофагтар – бұл мононуклеарлық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырда) түзіледі; сүйек кемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады. Қан лейкоциттерінің шамамен 5%-ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейiн тіндерге түсiп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетiн, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзiлген тiндiк макрофгтар АТЖ қызметiн атқарады. Дендриттік жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды. Олар аралшықты мононуклеарлық жасушалар. Эпителий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша - ақ аралшықты эпидермоциттер). Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бiрақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердiң өздерiнде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды) концентрациясы аз мөлшерде болады. Дендриттік жасушалар сүйек кемігінде қан жасаудың миелоидтымоноцитарлық қатарынан түзіледі. Цитоплазмадағы қабатты қосындылар – Бирбек түйiршектерi жасушалардың морфологиялық маркерлері болып табылады. Дендриттік жасушалар макрофагтар мен В-жасушаларға қарағанда белсенді және олар иммундық үрдістерді iске қосуда маңызы рөл атқарады. Дендриттік жасушалармен антигенді жаулап алу, көбінесе лимфодтық мүшелерден тыс жүреді. Антигенді өңдегеннен кейін, олар шеткі лимфа түйіндердегі Т-лимфоциттерге жеткізеді. Бұл кезде дендриттік жасушалардың фагоцитоздық қабілеті жоқ, бірақ нәруыздар мен вирустық бөлшектерді пиноцитоз жолымен оңай сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет