1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) С3 және С4 компоненттері көрсеткіштерінің жоғарылауы және төмендеуімен байқалатын ауруларды түсіндіріңіз



бет21/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

31) С3 және С4 компоненттері көрсеткіштерінің жоғарылауы және төмендеуімен байқалатын ауруларды түсіндіріңіз.
С3 және С4 компоненттері көрсеткіштерінің жоғарылауы:
С3 С4Жедел кезеңді реакциялар Ревматоидтық артрит
Ревматоидтық артрит, ревматизм Бактериялық инфекция
Қант диабеті Гломерулонефрит
Миокард инфаркті Жүйелі қызыл жегі
Вирустық гепатит Малярия
Жара колиті Сепсис
Ісіктер Жедел қабыну реакциялары
Бактериялық инфекция Циметидин (ЖИТС), циклофосфамид (ЖҚЖ), даназол препараттарын қолдану
С3 және С4 компоненттері көрсеткіштерінің төмендеуі:
С3 С4С3 компонентінің туа біткен тапшылығы С4 компонентінің туа біткен тапшылығы
ЖИТС Туа біткен және жүре пайда болған ангионевроздық ісіну
Аутоиммундық гемолиздік анемия Иммундық комплекстермен белсендірілген комплемент
Жедел гломерулонефрит Гломерулонефрит
Жүйелі қызыл жегі Респираторлық дистресс-синдром
Қан тамыр ішілік қан ұю синдромы (ДВС) Аутоиммундық гемолиздік анемия
Ашығу Ашығу
Қабыну және жұқпалы аурулар Бүйректің трансплантациясы
Бауырдың ауыр зақымдануы Жүйелі васкулит
32) Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануымен болатын ауруларды атаңыз және түсіндіріңіз.
Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы: саңырауқұлақтармен, вирустармен (герпес, цитомегаловирус, аденовирустар), пневмоцисталармен, жасуша ішілік бактериялармен (микобактериялар, уреаплазмалар және т.б.) шақырылған жұқпалы аурулар, туберкулез, гельминтоздың жиілігі жоғарылауы тән.
Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік ИТЖ
-Ди Джорджи синдромы
-Созылмалы шырышты-терілік кандидоз
3. Аралас Т- және В- иммундық тапшылықтар
-Ауыр аралас иммундық жетіспеушілік: Х-тіркескен, Аутосомды-рецессивтік
-Атаксия-телеантиоэктазия
-Вискотт-Олдрич синдромы
-IgM жоғары деңгейдегі иммундық тапшылық
Ди Джорджи синдромы (тимустыңгипо – жәнеаплазиясы )
Біріншілік иммундық тапшылықтың берілген түр патогензінің негізінде тимустың (дисэмбриогенез ), қалқанша және қалқаншамаңы бездердің дамуларының бұзылысына әкелетін 22 хромосоманың мутациясы жатыр.
Тимус үшінші және төртінші жұтқыншақ қалталардан эпителий өсіндісі ретінде пайда болады. Осы аймақтан қалқаншамаңы бездері және кейін қолқа доғасының құрамына кіретін, қантамырлық доғаның примитивті бөлігі дамиды.
Нәрестелер туылғаннан кейін осы аурумен бірден сырқаттанады. Ди Джорджи синдромына жататындар:
Туа пайда болған тетания, қалқаншамаңы бездерінің жетіспеушілігі кезіндегі гипокальциемия нәтижесінде пайда болады.
Жүрек – қантамырлар жүйесінің туа пайда болған ақаулары; фаллотетрадасына ұқсас, қолқа доғасының оң жаққа қарай жайылуы;
Сыртқы көрінісінің ақаулығы – балықтәрізді ауыз , құлағының төмен орналасуы, монголоидты тілімге қарама- қарсы көз жиі анықталады.
Жасушалық иммунитет тапшылығы.
Бұл синдром нәрестелердің екі жынысында да кездеседі, тұқымқуалаушылық жолдары анықталмаған. Тимусы жоқ немесе дамымаған. Жұтқыншақ қалтасының бөлігінен дамитын болғандықтан қалқаншамаңы бездері де зақымдалады. Нәтижесінде мұндай нәрестелерде тырысу симптомына әкелетін гипокальциемия, жүрек – қантамырлар жетіспеушілігі және Т – жасушалық иммундық тапшылығының клиникалық көріністері дамиды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет