18) Негізгі гистосәйкестік комплексіне (НГК) анықтама беріңіз, қызметін түсіндіріңіз. Негізгі гистосәйкестік комплекс (МНС - ағылш. - Маjor Ніstoсоmраtуbіlіtу Соmpleх) барлық сүтқоректілерде және құстарда табылған. Тышқандарда бұл комплекске Н-2-антигендер, адамдарда НLА-жүйесі (Human Leucocyte Аntigens sistem — адамдардың лейкоцитарлық антигендер жүйесі) кіреді. 1958 жылы шеткері қанның лейкоциттерінде осы антигендерді бірінші ашқан француз ғалымы Ж.Доссе. НLА-жүйесі адамның 6 хромосомасының қысқа иығында орналасқан және оған 5 локус кіреді: А, В, С, D, DR (25-ші сур.). Хромосоманың центромерасынан бастап локустар орналасуы: D (DР, DQ), DR, В, С, А. Әр локусқа гендердің өте көп аллельдік варианттары кіреді, оларды арнайылықтары (ерекшеліктері) деп атайды және арабша цифрлармен белгілейді. Қазіргі кезде жақсы зерттелген А және В локустары, осы локустардың көптеген аллельдері анықталған. Қазір А локусында 60-тан аса, В-локусында 136, С-локусында 38 аллельдер анықталған. D локустың өзі 2 локустан тұрады, соның ішінде DQ, DР. DR- локусына -139 аллель кіреді, DQ — 40 аса, DР - 80 шақты аллельдері анықталған. Қазіргі кезде молекулалы-генетикалық іріктеу көмегімен адамдардың МНС-комплексінде жаңа гендері мен аллельдік варианттары 42 және 942 санынан асқан. Әр локуста аллельдер көп болғандығынан және кодоминантты тұқым қуалау әсерінен, гистосәйкестік антигендерінің полиморфизмі өте жоғары болады. НLА-гендері кодоминанттық принципі бойынша беріледі — ол екі хромосомадағы гомологиялы аллельдердің бірдей жасушада экспрессиялануы (26-шы сур.). Ата-анасынан берілген хромосомаларындағы НLА-гендердің жиынтығын HLА-генотип деп атайды. Әр-бір адамда хромосомалардың диплоидтық жиынтьнғы бар — әр хромосоманың жұбында НLА-гендердің біреуі - әкесінен, екіншісі - анасынан берілген болады. Мысалы, жеке адамдағы НLА-генотиптің жазылуы: НLА-АЗ,10; В13,40. Бір хромосомадағы НLА-гендер жиынтығы НLА-гаплотип деп аталады. НLА-гаплотиптер жазылуы - НLА-АЗ,В40; НLА-А10,В13, сонда НLА-фенотип (жасушалар бетінде берілген НLА-антигендері) кодоминантық принципі бойынша, НLА-А3,10; В 13,40 деп жазылады. НLА-комплексіне үш гендер кластары кіреді, ал трансплантациялық антигендеріне I және II класқа жататын НLА-антигендері жатады.