1. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері



бет1/31
Дата20.09.2022
өлшемі288,88 Kb.
#150004
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға педагогикалық қолдау көрсету. лекция




1.Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері.
2.Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық құжаттар
3.Ерекше білім алу қажеттілігін анықтау. Ерекше білім алуды қажет ететін балалар тобы
4.Ерекше білім алу қажеттілігінің сипаты
5.Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды бағалау
6.Мектепте ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау
көрсетуді ұйымдастыру.
7.Ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсету мазмұнын анықтау
8.ПМПК-ның қорытындысы негізінде ерекше білім алу қажеттілігін бағалау және мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері
9.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының оқушыға көмек көрсетуі
10.Оқу бағдарламаларын қысқартуды орындауға, жеке оқу бағдарламаларын жасауға ұсыныстар
11.Ерекше білім алу қажеттілігін бағалауды жүргізу және оқушыға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің мазмұнын анықтау үшін мұғалім мен маманға арналған құжаттың үлгісі
12.Оқытудағы қиындықтар түрлері
13.Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасының үлгісі
14.оқушылары үшін математика оқу пәні мысалында қысқартылған және жеке оқу бағдарламаларының үлгілері



Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету


АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ЕБҚ) даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);


Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білімалуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;


Білім алу үшін арнайы жағдайлар -ерекше білім берілуіне қажеттілігібар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;


Психологиялық- педагогикалық қолдау -педагогтар мен мамандардыңжүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады;


Арнайы кабинет -ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларғамамандарының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арналған топтық және жеке сабақтарды жүргізуі үшін жабдықталған бөлме (сыныптық бөлме);

Қысқартылған оқу бағдарламасы -оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған оқу бағдарламасы;




Жеке оқу бағдарламасы -зияты зақымдалған оқушының жекелікмүмкіндіктері ескеріле отырып құрастырылған оқу бағдарламасы;


ҚР МЖМБС -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарты;


ПМПК -психолиялық-медициналық-педагогикалық кенес;


ППҚҚ -психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі;


ЭЫДҰ -экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы;


БҰҰ -бірккен ұлттар ұйымы;


ТжКБ -техникалық және кәсіби білім; ППТК -психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті; НТГС -назар тапшылығы және гипербелсенділік синдромы;АСБ - аутистік спектрдің бұзылуы.






КІРІСПЕ


Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктерібар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктеріескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.


Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1.1 та-рауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға жетуді болжайды:



  • инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды;




  • ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырудың жоғары нормативі қарастырылған, оларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылған.



Қойылған мақсаттар жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемесімен қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді, оның негізгі және маңызды аспектілері осы әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған.


Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері оқушыларда оқуға қиындық туғызатын, соның салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерінің пайда болу себептерінің үш тобын ұсынады:



  • баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері;




  • мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары;




  • өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар).

Қазіргі уақытта Қазақстанда оқушылардың дамуындағы ауытқушылықтың салдарынан туындайтын ерекше білім беру қажеттіліктері тек арнайы мектептерде ғана толық көлемде қанағаттандырылады. Оларда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсыныстарын алған мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 14,2% білім алады. Осы санаттағы қалған балалар, сондай-ақ басқа себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар мектеп оқушылары, ұйымдастыру-әдістемелік мәселелердің дайындалмағаны себебінен балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетпейтін жалпы білім беру мектептерінде оқиды.


Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты -ҚР жалпы білім беру мектеп-


теріндегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерінің мәнін ашу.
Әдістемелік нұсқаулықтың міндеті:



  • жалпы білім берудің инклюзивтік қағидасының негізгі мазмұнын



ашу;



  • ҚР жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ететін отандық нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру;

  • оқушылардың оқудағы қиындықтардың себептерін және соның салда-рынан пайда болатын ерекше білім беру қажеттіліктерін сипаттау;

  • оқушының ерекше білім алу қажеттілігін анықтау және бағалау алгоритмін сипаттау, оқу процесі барысында психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен тәсілдерін анықтау;

  • ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған жеке және қысқартылған оқу бағдарламасын құруға ұсыныстар беру.



Әдістемелік нұсқаулықтар мектептердің басшыларына, мұғалімдеріне және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандары-на (психологтарға, логопедтерге, арнайы педагогтарға, әлеуметтік педагогтарға), сондай-ақ Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне арналған.


Әдістемелік нұсқаулық материалдары инклюзивті білім беруді дамы-ту бойынша мектептің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысының алғашқы қадамдарын қамтамасыз ету мақсатында құрастырылған, алайда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша мектеп жұмысының барлық аспектілерін қарастырылмайды. Әрине, Қазақстанда инклюзивті білім беру тәжірибесінің дамуына қарай қосымша нормативтік-құқықтық, ұйымдастыру-әдістемелік және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды. Жалпы білім беру процесінің барлық қатысушыларына (әкімшіліктер, мұғалімдер, ата-аналар мен мамандардың) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемелерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берген белсенділіктері мен ұсыныстары үшін алғысымызды білдіреміз.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет