Жаңа ақпараттарды ұсыну. Біздің оқытып отырған түсініктеріміз қандай да бір мөлшерде оқушыларға таныс, сондықтан осы сатыны миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Сауаттылық сөзі қандай ассоциация туғызады?», «Қандай үғымдар орфография сөзімен байланысты?». Негізгі ойды білдіретін сөздерді тақтаға бір бағанға жазылып, номірленеді. Жұмыстың осы түрі оқушыларға таныс, бірақ шындығында әлі де түсініксіз ұғымдарды іріктеуге көмектеседі. Осы жұмысты басқаша өткізуге болады: тақтаны арғы бетіне алдын-ала негізгі, яғни кілт сөздерді жазып қояды, мысалы, орфоэпия, оның жан-жағына сөздер орналастырылады: орфоэпиялық сөздіктер, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөз, сөздік қателіктер. Содан соң оқушыларға кілт сөзбен байланысты ұғымдарды таңдау ұсынылады. Оқушылардың оқытылып отырған ұғымдар туралы түсініктері жеткіліксіз болса, онда бұл нұсқа тиімді.
Жаңа ақпарат Жұмыс парағымен ұсынылады, оның жоғарғы бөлігіне сұрақтар мен тапсымалар жазылады, ал төменгі бөлігіне ақпарат орналастырылады. Ақпаратты жеткізу көзі ретінде оқулықтар, сөздіктер, монографиялық мақалалар, мұғалімнің сөзі де қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |