Осы технологияны қолдану артықшылығы. Дәстүрлі жүйеде мұғалім әдетте мықты оқушыға сүйенеді, өйткені ол материалды тез «қағып алады», оны тез еске сақтайды, ал әлсіз оқушы сабақта «отырып қалады».Интерактивтік режимде өткізілген сабақтар барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, әр оқушының проблеманы шешуге бірлесе қатысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде әлсіз оқушылардың өз күшіне деген сенімі ұялайды, мықты оқушылар жолдастарының материалды түсінуіне көмектесе отырып, өзінің көмегі, пайдасы болғанын сезінеді.