1-қыркүйек Білім күні



Дата01.12.2022
өлшемі1,58 Mb.
#160801
Байланысты:
Білім күні шара
02.10.2024

1-қыркүйек – Білім күні
Білім күні – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады.
Жадыраған жаздың жаймашуақ үш айы көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Қоңыр күздің алғашқы күні асқақ армандарын арқалап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандар мен жиған білімдерін тереңдете түсу үшін еліміздің барша оқушылары алтын ұя мектебіне оралады. Бұл күні таңертеңмен қолдарына шоқ-шоқ гүлдерін алып, мектепке асыққан кіп-кішкентай балапандарды көру үлкен бір қуаныш.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.Дәстүрлі білім күні мектебімізде "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет" тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты шараға мектеп директоры, Сарға ауылдық округі әкімі Еміл Тұрлан Хабиболлаұлы, ата-аналар, ардагер ұстаздар, мектеп оқушылары қатысты. Салтанатты шараның алғы сөзін мектеп директоры Сағындық Айса құттықтау сөзбен ашып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Жыл бойы жетістігімен көрінген ұстаздар марапатталды.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері табалдырық аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.Бұл күн, әсіресе, 1 сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Ендеше, тарыдай болып кірген жас бүлдіршіндерге келешекте таудай азамат болып шығуына тілектеспіз! Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет