«Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»



Дата06.07.2018
өлшемі117,5 Kb.
#48015
жоба

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

200_ «___»___№__қаулысымен

бекітілген

«Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты


                  1. Жалпы ережелер


1. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылары мен тәрбиеленушілерді тамақпен қамтамасыз етуінің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ мектептегі тамақтандырудың сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі принциптерін белгілейді.

1.1 Стандарт меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған.

2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметі (бұдан әрі — мемқызмет) автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 2-тармағы 19) тармақшасына және 48-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетіледі.

3.1. Стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

1) «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы;

2) «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы;

3) «Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-СанЕмН) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығы;



4) «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-СанЕмН) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 569 бұйрығы;

5) 2000 жылғы 1 сәуірдегі «Азық-түлік өнімдері. Тұтынушыларға арналған ақпарат. Жалпы талаптар» ҚР СТ 1010-99 мемлекеттік стандарты;

6) «Мектеп асханаларында оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2008 жылғы 13 тамыздағы № 98 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар;

7) «Білім беру мекемелерінде балаларға тамақтандыруды ұйымдастыру» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 152 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар;

8) «Мектептік ас блоктарының паспорты» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №155 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар;



4. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымы, конкурстық негізде анықталатын және тиісті білім беру ұйымы мен қоғамдық тамақтандыру немесе ЖК арасындағы шартпен ресімделетін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (бұдан әрі – қоғамдық тамақтандыру), жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК) көрсетеді.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны — білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге сапалы және теңгерімді тамақ ұсыну.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт мерзімін шектеу:

1) құжаттарды тапсыруға кезек күту – бір сағаттан аспайды;



    1. құжаттарды қарау тапсырылған уақыттан бастап үш күн ішінде жүзеге

асырылады;

    1. білім беру ұйымының басшысы қаралған құжаттың нәтижесі бойынша бір

күн ішінде ата-аналарға немесе ата-аналарының орнындағы тұлғаларға білім алушыны немесе тәрбиеленушіні тегін немесе жеңілдікпен тамақтанатын балалардың тізіміне (бұдан әрі — Тізім) енгізілуі немесе тамақтанудан бас тартуы туралы анықтама (бұдан әрі — Анықтама) береді.

6.1. Анықтаманы және Тізімді ресімдеу Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік қызмет меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымының барлық білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне көрсетіледі.

8. Аталған мемлекеттік қызмет ақылы, тегін және жеңілдетілген негізде ұсынылады.

8.1. Тегін тамақпен жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

1) жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылық және патронаттық тәрбиедегі балалар;

2) даму мүмкіндігі шектеулі балалар;

3) мынадай:

- мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы 4 және одан да көп балалары бар;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар;

- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын толық және толық емес отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілер;

4) мектепалды және бастауыш сынып оқушылары қамтамасыз етіледі.



8.2. Тамақ құнының 20 пайызы мөлшерінде жартылай төлей отырып жеңілдетілген тамақпен жергілікті бюджет және ата-аналар қаражаты есебінен:

1) туберкулезге қарсы диспансердің есебінде тұрған балалар;

2) ата-аналарының біреуі мүгедек болып табылатын отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілер;

3) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 1-3 баласы бар толық емес отбасылардың балалары қамтамасыз етіледі.



8.3. Әлеуметтік қорғалмаған санатқа жатпайтын балалар ата-аналарының қаражаты есебінен ақылы негізде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

8.4. Балаларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету шығыстарын қаржыландыруға арналған қаражат жыл сайын жергілікті бюджетте, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушыларға материалдық және қаржылық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттар есебінен қарастырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері сайтының «Мектептегі тамақтандыру» айдарына және білім беру ұйымдарының ақпараттық стендтеріне орналастырылады.

10. Аталған мемлекеттік қызмет төмендегі регламенттерге сәйкес білім беру ұйымының жұмыс күндері мен сағаттарында көрсетіледі:

1) таңғы ас мектепалды тәрбиеленушілері мен 1-5 сынып оқушыларына 2- сабақтан кейін, 6-11сынып оқушыларына 3-сабақтан кейін беріледі;

2) түскі ас сағат 13.00-ден бастап беріледі;


    1. ас қабылдау үшін әрқайсысы 20 минутқа созылатын екі үзіліс

қарастырылған.

4) мүмкіндігі шектеулі балаларға таңғы және түскі асты сынып бөлмелеріне тікелей апарып беруге рұқсат етіледі.


2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

11. Тегін немесе жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін білім алушылардың немесе тәрбиеленушілердің ата-аналары немесе заңды өкілдері білім беру ұйымының басшысына:

1) белгіленген нысандағы өтінішті;

2) егер ата-аналары жұмыссыз болса (аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін), жұмыс орнынан немесе әлеуметтік қорғау органынан отбасының кірісі туралы анықтаманы;

3) қамқоршылық органынан анықтаманы (жетім балалар және қамқоршылық (қорғаншылық) пен патронаттағы балалар үшін);

4) ата-аналарының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесін (қамқоршылық (қорғаншылық) пен патронаттағы жетім балалар үшін);

5) көпбалалы ана куәлігінің көшірмесін (көпбалалы отбасылардың балалары үшін);

6) денсаулығының жай-күйі туралы дәрігердің қорытындысын (мүмкіндіктері шектеулі немесе ата-аналары мүгедек балалар және туберкулезге қарсы диспансерде есепте тұрған балалар үшін) ұсынады;

11.1. Егер тұтынушы білім беру ұйымдарына жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсыра алмаған ерекше жағдайларда тамантандыру қызметіне мұқтаж аз қамтамасыз етілген білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (бұдан әрі — Тексеру актісі) құрылады.

11.2. Тексеру актісі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізімін енгізудің негізі болып табылады (4-қосымша).

12. Тегін немесе жеңілдетілген тамақ алу үшін белгіленген нысандағы бланкі білім беру ұйымдарының басшылары береді (1-қосымша).

13. Мектеп әкімшілігі 11-тармақта көрсетілген құжаттарды ескере отырып, ата-аналар немесе қамқоршылық кеңесі төрағасымен келісіліп, білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен бекітілетін Тізім құрылады (3-қосымша).

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін білім алушының немесе тәрбиеленушінің жеке өзінің баруы талап етіледі.

15. СанЕмН-нің талаптарына сәйкес тамақтандыру білім беру ұйымдарының технологиялық және тоңазытқыш жабдықтармен, жиhаздармен, асханалық ыдыс-аяқтармен және аспаздық бұйымдармен қамтамасыз етілген асханалары мен буфеттерінде жүзеге асырылады.

15.1. Асханалар білім беру ұйымдарында 50-ден астам білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ұйымдастырылады.

15.2. Буфеттер мектепте асханаларға арналған арнайы орын-жай болмаған жағдайда ұйымдастырылады.

15.3. Асханалар мен буфеттерде мүмкіндіктері шектеулі балаларға қызмет көрсету үшін арнайы жағдай жасалады. Асханада оқушылардың аталған санатына арналған жүргізілмейтін аймақ қарастырылады. Мүгедектерге арналған арбамен еркін қозғалу үшін үстелдер арасындағы жүретін жолдың енін 1,1 метрге дейін ұлғайту ұсынылады. Мүгедек балаларға көмектесу үшін жоғарғы сынып оқушыларының кезекшілігі ұйымдастырылады.



16. Білім беру ұйымдары мектеп асханалары мен буфеттерінің жұмысын:

1) өз бетімен мектеп бюджетінен қараастырылған қаражаттар шегінде;



2) конкурстық негізде анықталатын қоғамдық тамақтандыру және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен;

3) мектептік тамақтандыру комбинаттарының өнімдерін пайдалана отырып ұйымдастырады.



17. Балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде тиісті материалдық-техникалық базаның және мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастырудың ерекшелігі мен ұйымдасқан ұжымға қызмет көрсету жұмысының тәжірибесін меңгерген білікті кадрлар болуы қажет.

18. Қоғамдық тамақтану орны немесе ЖК жоқ елді мекендердің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне білім беру ұйымдары төменде келтірілген кестеге сәйкес жеке қызмет ететін персоналдармен ұйымдастырады.
Білім беру ұйымдарындағы аспазшылар мен асхана қызметкерлерінің

ставкалары


Қызметтер атауы

Мектеп контингентіне сәйкес ставкалар саны

5-тен 50-ге дейінгі оқушылар

50-ден 100-ге дейінгі оқушылар

101-ден 500-ге дейін оқушылар

501-ден 1000-ға дейін оқушылар

1001-ден 1500-ге дейінгі оқушылар

1501-ден 2000-ға дейінгі оқушылар

2001-ден жоғары

Бас аспазшы

-

-

1

1

1

1

1

Азпазшы

0,5

1

2

2

3

4

4

Асхана жұмысшысы

0,5

1

2

3

4

5

6

Қоймашы

-

-

1

1

1

1

1



19. СанЕмН-нің талаптарына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыруға, жалпы білім беретін мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін азық-түлік тауарлары мен шикізаттарын жеткізуге медициналық тексеруден өткен тұлғалар ғана жіберіледі.

20. Білім беру ұйымдары:

1) 5-тармақта көрсетілген нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес барлық білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру үшін жағдай жасайды;

2) ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады: «Мектептегі тамақтандыру» ақпараттандыру стендін мерзімді түрде жаңартып отырады, әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылардың тізімін, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің асханаға немесе буфетке бару кестесін, бракераждық комиссияның құрамын бекітеді;

3) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтану кезіндегі мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастырады;

4) қоғамдық тамақтандыру немесе ЖК-ге СанЕмН-нің талаптарына жауап беретін және өрт-күзет дабылымен жабдықталған орын-жай ұсынады;

5) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын, техникалық қадағалауды жүргізеді, асхананың немесе буфеттің мүлкін қорғайды;

6) жылумен жабдықтауды, электр энергиясымен, ыстық және салқын сумен,

технологиялық және тоңазытқыш құралдармен қамтамасыз етеді;

7) Стандарттың 18-тармағына сәйкес өз бетімен ұйымдастыру кезінде мектеп асханаларын аспазшылармен және асхана жұмысшыларымен қамтамасыз етеді.



21. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны, жеке кәсіпкерлер білім беру ұйымдарының мектеп асханаларының базасында:

1) білім алушыларға білім беру ұйымдарымен келісілген кестеге сәйкес 10 күндік перспективалық ас мәзірі негізінде сапалы және қауіпсіз тамақ ұсынады;

2) кулинарлық өнімдерді өндіру және қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсету кезінде қолданыстағы нормативтік актілерді және нормативтерді басшылыққа алады;

3) түсетін шикізаттарды, жартылай өңделген өнімдерді, кулинарлық өнімдерді қабылдау, тез бұзылатын азық-түліктерді сақтаудың, сатудың шарттары мен мерзімдері ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;

4) Белгіленген нормативтік құқықтық құжаттардың 5-тармағына сәйкес орын-жайларды ұстайды және асхана мен буфеттің жабдықтарын инвентаризациялайды.

22. Тамақ азық-түлігін тұтынушының нормаларын және күніне білім алушы мен тәрбиеленушінің (мектепке дейінгі, мектеп жасындағы) есебін, сондай-ақ білім беру ұйымдарының асханалары мен буфеттері 3 қосымшаға сәйкес белгіленеді.

23. Қосымша (аралық) тамақтандыру ретінде СанЕмН-нің талаптарына сәйкес буфет өнімдерін (ұннан жасалған және кондитерлік өнімдер, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны мен тамақ өнеркәсібі өнімі, шырындар және сусындар) сату ұйымдастырылуы мүмкін.

24. Тамақ балалардың денсаулығына қауіпсіз және оқу аптасы ішінде әртүрлі (азық-түліктерді арнайы технологиялық өңдеуден өткізуді қарастыратын) болуы тиіс.

25. Тамақ рационы сапа және сандық құрамы бойынша білім алушы мен тәрбиеленушінің жасына қарай ажыратылуы қажет («Оқушыларға мектеп асханаларында ыстық тамақ ұйымдастыру», «Білім беру мекемелерінде балаларға тамақтандыруды ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдарға сәйкес) және Мемсанэпидқадағалау органдарымен келісіледі.

25.1.Мектеп жасындағы білім алушының немесе тәрбиеленушінің күнделікті тегін және жеңілдетілген тамағының рационы қаражат шығысының айлық көрсеткіші 1/3-тен кем болмауы қажет.

26. Мектеп оқушыларын тамақтандыру үшін пайдаланылатын азық-түлік тауарлары мен шикізаттарының сапасы гигиеналық көрсеткіштер мен ас құнарлылығы көрсеткіші бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерге сәйкес келуі тиіс.

3. Қызмет көрсету принциптері:
27. Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыруды және мүддесін үндестіруді қамтамасыз ететін мынадай принциптер сақталады:

1) мақсатына сәйкестігі;

2) қызметтің нақты және уақтылығы ұсынылуы;

3) қауіпсіздігі және экологиялық тазалығы;

4) әлеуметтік бағытталуы;

5) ықшамдығы мен қолайлылығы;

6) қызмет көрсетудің эстетикалылығы мен мәдениеті;

7) құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығы;

8) ақпараттандырылуы.


    1. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мүдделерін есепке алу.


4. Жұмыс нәтижелері
28. Ұсынылатын қызмет көрсету сапасын бақылау мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

- тамақтың және тамақтандыруға пайдаланылатын азық-түлік тауарлары мен шикізаттарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бағалау;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сәйкес тағамдық заттарға деген физиологиялық қажеттілікті қағанаттандыруын бағалау;

29. Күн сайын тамақтың сапасын тексеруді, рецептуралар мен технологиялық режимдерді сақтауды күнделікті мектептің медбикесімен; апта сайын (аптаның бірінші және бесінші күндері) құрамы білім беру ұйымының басшысы медбике қызметкері, ата-аналар комитеті немесе қамқорлық кеңесінің өкілінен тұратын брокережды космиссия жүзеге асырады. Оның құрамына белгіленген тәртіппен мектеп әкімшілігі анықтайтын мектептің медицина қызметкері, өндіріс меңгерушісі, аспазшы және тамақты ұйымдастыруға жауапты адам, ата-аналар немесе қамқоршылық кеңес мүшелері кіреді. Тексерулер нәтижесі нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес осы Стандарттың 5-тармағының тармақшасында көрсетілген бракеражды журналға кіргізіледі.



30. Осы Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы сапалы және қауіпсіз тамақ ұсыну болып табылады.
5. Шағымдану тәртібі
31. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекет етпеуіне) шағымдану қажет болған кезде тұтынушы тұрғылықты жері бойынша білім беру бөлімінің басшысына жүгіне алады.

32. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанциялардың қарастыруын талап етсе, тұтынушы шағымын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына жібере алады.

33. Мемлекеттік органдарға келіп түскен шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады. Стандарттың талаптарын орындауға жауаптылардың телефон номерлері мен білім беру органдарының басшыларының тізімі және байланысты тұлғаларды, оның ішінде уәкілетті лауазымды тұлғалардың шағымдану тәртібін түсіндіру бойынша (әрекет етпеуіне) білім саласындағы уәкілетті органдардың сайттарындағы «Мектеп тамағы» айдарында, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының және білім беру ұйымдарының стендерінде жарияланады.
6. Байланыс ақпараттары

34. Тұтынушыларды қабылдау кент, ауыл, ауылдық (селолық), округ, қала, қаладағы аудан, облыс әкімінің, білім беру органы мен ұйымы басшысының Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады (3-қосымша)

35. Мемлекеттік органдардың қосымша байланыс деректерін (кент, ауыл, ауылдық, селолық, округ, қала, қаладағы аудан, облыс әкімдерінің, білім беру ұйымдары басшыларының мекен-жайларын) www.edu.gov.kz. сайтынан алуға болады.


Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар

мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін

және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»

бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

1-қосымша

«Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет алуға арналған арыз үлгісі


Білім беру ұйымының басшысы

________________________

(Аты-жөнін, тегін көрсету)

___________________________азаматтан

тұратын мекен-жайы бойынша:___________

________________________________


Арыз
Сізден менің кәмелетке толмаған баламды (аты-жөні, тегі, туылған күні), (№ және сынып литерін көрсету) оқушысын, (оқу жылын көрсету қажет) тегін (немесе жеңілдетілген) тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізуіңізді сұраймын.

Күні, қолы


Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар

мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»

бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

2-қосымша

Тегін және жеңілдетілген тамақ алуға арналған

Анықтама

________________________________________________берілді ( А.Ж.Т.)

оқушыға немесе тәрбиеленушіге_____________________ шынында да ол № сыныпты және литерді көрсету

__________ жылы тегін (жеңілдетілген) тамақ алатын оқушылардың тізіміне

(оқу жылын көрсету)

енгізілді


М.Б.О.

Білім беру ұйымының

директорының қолы


Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар

мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»

бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

3-қосымша

Бекітемін

Мектеп директоры _____________________

А.Ж.Т

қолы___________________________

«___»_______________20___ жыл

Тегін және жеңілдетілген тамақ алатын балалардың

ТІЗІМІ

_____________________



оқу жылын көрсету


№ п\п

Білім алушы мен тәрбиеленушінің А.Ж.Т

сынып

Санаты

(тегін және жеңілдетілген)






































Мектеп директорының

орынбасарының қолы


4-Қосымша

Бекітемін

Мектеп директоры______________

20____жылғы «___»______


Тұрғын үй жағдайын зерттеу актісі
отбасы _____________________________

А.Ж.Т


Зерттеу жүргізлген күн«_____»________________ жыл

Тұратын мекен-жайы бойынша___________________________________________________________________________________

көшесі, № үйі, пәтері



Келесі комиссияның құрамы :____________________________________________________________________________________

А.Ж.Т лауазымы



_____________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________

Зерттеу барысында анықталды:

Отбасы құрамы ________________________________________________________________________________________________

(А.Ж.Т . отбасы мүшелері, жасы)



______________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________

Ата-анасының жұмыс орны ______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________

Үй______________________________



қабат___________________________________________________

Жалпы алаңы ____________________

Пайдалы алаң________________________________________

Пәтерге тексеру жүргізу кезіндегі (үйдің) санитарлық жай-күйі

____________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________

Балалардың жағдайы (баланың)__________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________

Комиссия шешімі :_____________________________________________________________________________________________

_____(тегін (жеңілдетілген) тамақ алушының тізіміне енгізу ұсынылады)

______________________________________________________________________________________________________________

Қолы_________________________

_________________________________ А.Ж.Т

_________________________

_________________________________ А.Ж.Т

_________________________

_________________________________


Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар

мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»

бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

5-қосымша

Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары

мен тәрбиеленушілеріне арналған

ТАМАҚТАНУ НОРМАЛАРЫ

          Атауы          

Бір балаға арналған норма

(күніне грамм)     

    мектепке дейінгі жастағы

 мектеп жасындағы 

Азық-түліктер                          

             

              

Қара бидай наны                     

     60    

     150    

Бидай наны                   

    100    

     200    

Бидай ұны                   

     35    

     35     

Картоп ұны                

     3     

      3     

Жарма, бұршақ, макароннан жасалғандар                 

     45    

      75    

Картоп                       

    300    

     400    

Көкөніс және басқа да балдыркөктер            

    400    

     470    

Жас жемістер                    

    260    

     250    

Құрғақ жемістер                     

     10    

      15    

Шырындар                            

    200    

     200    

Кондитер бұйымдары            

     25    

      25    

Қант                          

     55    

      70    

Сары май                

     35    

      50    

Өсімдік майы               

     12    

      18    

Жұмыртқа (дана)                      

     1     

      1     

Сүт, сүт қышқылды азық-түліктер  

    500    

     500    

Ірімшік                           

     50    

      70    

Май                            

     95    

     100    

Құс                           

     25    

      30    

Майшабақ балық                    

     60    

     110   

Шұжық бұйымдары                 

     10    

      25    

Қаймақ                         

     10    

      10    

Сыр                              

     10    

      12    

Шай                              

    0,2    

     0,2    

Кофе                              

      2    

      4     

Какао                            

      1    

      2     

Тұз                             

      8    

      8     

Дәмдеуіштер                     

      2    

      2      

Ашытқылар                        

    1    

      1     



Ескертулер: 1. Жазғы сауықтыру кезеңі ( 90 күнге дейін),  жексенбі , мереке күндері, демалыс күндері,  тамақтану шығыс нормалары 10 пайызға ұлғайтылады.

2. Негізгі заттар бойынша кестедегі алмасуға болатын азық-түлікке ұқсас тамақ азық-түліктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

3. Балалар үйлерінің және мектеп-интернаттарының және жетім балалары мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар жолдама арқылы бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік және жоғарғы білім беру мекемелерде білім алу кезінде оларға балалар қызметтік іссапарда жол ақылары, тәулік шығыстары нормалар бойынша мектеп-интернаттарында ұстауға арналған қаражат есебінен төленеді. Сонымен бірге осы тәрбиеленушілерді тамақтандыру үшін белгіленген қаражат шығыстары пайдаланылмайды.

4. Балалар үйінің, интернаттық ұйымдардың жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық ұйымдардың басшылары олардың демалыс, жексенбі және мереке күндері, сондай-ақ ауырған кездерінде туысқандарының және басқа да азаматтардың отбасыларында болған кездерінде тамақ құны шегінде тамақ нормаларына сәйкес немесе ақшалай төлейді.

5. Мүмкіндігі шектеулі дамудағы балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарындағы (тұрмайтын) оқушылар мен білім алушыларды тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы оқушыға күніне тамақтандыру құнының 75 пайыздық мөлшерін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет