1. Іс жүргізу дегеніміз



Дата21.12.2022
өлшемі19,84 Kb.
#163718
Байланысты:
тест


І нұсқа
1. Іс жүргізу дегеніміз:
а) басқаруды құжаттармен қамтамасыз ету;б) лауазымды тұлғалардың құжаттармен жұмыс істеуді ерекше саласы;
в) бухгалтерия жұмысын жақсартудың маңызды бағыты;г) іс жүргізу жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру және іс қағаздарын жүргізу болып табылады;
д) құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жетілдіру;
2. Басшыларға кімдер жатады?
а) әкімшілік; б) инспектор, методист; в) редактор; г) экспедитор; д) дұрыс жауабы жоқ;
3.Ұйымдастыру-өкімдік құжаттарға жататындар:
а) хаттама, шешім, өтініш; б) қаулы, жарлық, бұйрық; в) еңбек шарттары, коммерциялық хат;
г) баяндама хат, анықтама, актілер; д) телофонограмма, телеграмма, факстер;
4.Құжаттарды стандартқа сай толтыру бұл:
а) құжатта тек қана ел таңбаның болуы; б) деректемелердің толтырылуы, түгел болуы;
в) мәтінді құрастыру; г) қолтаңбалардың түгел болуы;д) құжат жасауда бланкілерге сай керекті деректемелердің дұрыс жазылуы;
5. Іс жүргізуді ұйымдастыру төмендегідей нормативті құжаттардың көмегімен анықталады:
а) ҚР СТ1037-2001 терминдер мен анықтамалар, 1042-2001 құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар;
б) аудит стандарттары, есеп саясаты, Бухгалтерлік есеп стандарттары;
в) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заң 26 желтоқсан 1995 №2732; (07.2003ж);
г) «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» заң 24.04.1995ж №2235 (01.2004ж өзгертулер мен толықтыруларымен бірге);
д) БЕж/е А әдістемесінің Департаментінің «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсыныстары» МФРК А. 1999ж., «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті»;
6. Ұйымның анықтамалық деректері:
а) ұйымның мекен-жайы; б) ұйымның индексі; в) қаланың атауы; г) көшенің атауы; д) үйдің нөмірі; құжат;
7. Құжаттарды орындау мерзімі бойынша:
а) жедел және жедел емес; б) құпиялы, құпиясы жоқ; в) өкімдік, ақпарат-анықтама;
г) түпнұсқалық, телқұжат; д) қаржылық-есептік құжаттар;
8. Бұрыштаманың қойылатын орны:
а) бірінші парақтың төменгі оң жағында; б) соңғы беттің жоғарғы оң жағында;
в) бірінші беттің жоғарғы сол жағында; г) бірінші беттің бос орнында; д) құжаттың төменгі жағында;
9. Құжаттың мәтінің мазмұны:
а) құжат мәтінің мазмұны ұзақ және күрделі сөйлемдерден тұрады;
б) құжат мәтінің мазмұны бір сөйлемнен тұрады; в) құжат мәтінің мазмұны қысқа және жай сөйлемдерден тұрады; г) құжат мәтінің мазмұны күрделі бірнеше сөйлемдерден тұрады;д) дұрыс жауап 3;
10. Шынайы және жалған құжаттар бұл –
а) түпнұсқалы құжат; б) заңдылық күші бар нотариус арқылы нықтыланған құжаттар болып табылады;
в) құжаттардың көшірмесі болып табылады; г) заңсыз жолмен жасалған құжаттар; д) құжат көшірмесі;
11. БЕКІТЕМІН деректемесі бекітіледі:
а) мекеме басшысы арқылы; б) мекеменің қызметкері арқылы; в) оқу бөлімінің меңгерушісі арқылы;
г) басшының орынбасары; д) басшының шаруашылық жөніндегі орынбасары;
12. Кіріс құжатына тіркеу нөмірі:
а) тіркеуге алынған күні бір рет қана қойылады; б) тіркеуге алынбай қойылады;
в) екі номер қатар қойылады; г) құжат келіп түскен күннің ертесіне қойыладды;
д) тіркеу нөмірі қойылмайды;
13. Бақылау белгісінің құжатқа қойылу тәртібі:
а) «Бақылау» «Б» әріпімен белгіленеді;б) «Құжат бақылауға алынады» деген сөзбен белгіленеді;
в) бақылау белгісі қойылмайды;г) бақылау белгісі «Б алынған» деген сөзбен белгіленеді
д) бақылау белгісі арнайы штамп арқылы қойылады;
14. Қандай құжаттарда «Құжаттың жасалған жері және шығарылған күні» деректемесі міндетті түрде керекті болып саналады ма?
а) барлық құжаттарда;б) барлық жалпы бланкіде жасалатын құжаттарда;
в) қызметтік хат бланкісінде;г) тек қана бұйрықтарда;д) есеп құжаттарында;
15. «Құжатты орындаушы» туралы белгі құжаттың қай жерінде орналасады?
а) құжаттың оң жақ жоғарғы жағында;б) мәтіннің астында;
в) құжаттың соңғы бетіне немесе орын болмаса, сол жақ төменгі бұрышында;
г) құжаттың төменгі оң жақ жағында;д) құжаттың төменгі сол жағында;
16. Құжаттың «Бекітемін» деректемесі қандай құжаттарға қойылады?
а) ұйымдастыру-құқықтық құжаттарға;б) тек қана бекітілуге жататын құжаттарға;
в)қызметтік хат бланкісінде жасалған құжаттарға;г) жалпы бланкіде жасалған құжаттарға;
д) анықтамаға;
17. Құжатқа «Қол жеткізуді шектеу» белгісі құжаттың қай жеріне қойылады?
а) құжаттың соңғы бетіне;б) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерің жоғарғы жағына, сол жақ бұрышына;в) мәтін деректемесінен кейін;
г) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерің жоғарғы жағына, оң жақ бұрышына;
д) құжаттың екінші бетіне қойылады;
18. Қазақстан Республикасының елтаңбасы қандай құжаттарға сәйкес бланкіде орналасады?
а) ұйымның Жарғысына сәйкес орналасады;б) ұйымның ережесіне сәйкес орналасады;
в) ҚР мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасына сәйкес;
г) ҚР мемлекеттік Қазақстан Республикасы тілдер заңнамасына сәйкес;д) қызметтік екінші бетіне қойылады;
19. Ұйым басшының «Бұрыштама» деректемесі құжаттың қай жеріне қойылады?
а) құжаттың кез келген жеріне;б) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерінің жоғарғы жағына;
в) бірінші беттің бос орнына;г) құжаттың бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында;
д) құжаттың төменгі оң жағында;
20. Мәтін тақырыбы қандай болу керек?
а) бірнеше сөйлемдерден; б) қысқа және сыйымды; в) күрделі түрде;
г) бір ғана сөзден; д) бір ғана сөйлемнен;
21. Құжатқа қанша адресат жазуға болады?
а) алты адресат; б) төрт адресаттан аспауы керек; в) сегіз адресаттан аспауы керек;
г) бес адресаттан аспауы керек; д) 10 адресаттан тұрады;
22. Қызметтік құжаттар қағаздың қандай форматында орындалады?
а) А 2 форматты; б) А 7 форматты;в) А 5 форматты;г) А 4 форматты;д) А 3 форматты;
23. Хаттама қандай құжаттар тобына жатады?
а) ұйымдық құжаттар;б) құрылтай құжаттар;в) ақпараттық-анықтамалық құжаттар;
г) басқару құжаты;д) еңбек қатынастарын құжаттау;
24. Орындаушы туралы белгіге кіреді:
а) фамилиясы;б) телефон номері;в) қолы;г) фамилиясы, аты, телефон номері;д) басшының фамилиясы;
25. А 4 форматындағы құжатта елтаңба қай жерде орналасады?
а) сол жағында;в) оң жағында;в) екі тілде жазылған мекеме атауының ортасында;
г) екі тілде жазылған мекеме атауының жоғарғы жағында;
д) екі тілде жазылған мекеме атауының төменгі жағында

ІІ нұсқа
1. Түсініктемеге қойылатын қол:


а) ұйым басшысы қол қояды;
б) бас бухгалтердің қолы;
в) түсініктеме авторының қолы;
г) оқу бөлім меңгерушісінің қолы;
д) касирдің қолы;
2. Қызметкерлердің міндеті мен құқығын айқындайтын құжат?
а) жарғы; б) қызметтік нұсқаулар; в) бұйрық; г) шешім; д) ереже;
3. Құжатқа орындаушының фамилиясы, аты жазылатын жер:
а) мәтіннің жоғарғы жағында жазылады;
б) қойылған қолдың астында; в) құжаттың төменгі сол жағында;
г) құжаттың жоғарғы оң жағында; д) мәтіннен кейін жазылады;
4. Құжаттау дегеніміз не?
а) кәсіпорынның директоры лауазымға тағайындалған маман;
б) электронды-жарық труба экрандағы құжат бейнесі;
в)қандай да бір міндетті шешу үшін арналған бейнесі;
г) барлығы дұрыс;
д) ұйымдардың жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар жиынтығын жасау процесі;
5. Қолжазба құжат дегеніміз не?
а) электронды-жарық труба экрандағы құжат бейнесі;
б) кәсіпорынның директоры лауазымға тағайындалған маман;
в) қандай да бір міндетті шешу үшін арналған бейнесі;
г) жазу белгілері қолмен түсірілген жазба құжат;
д) барлығы дұрыс;
6. Электронды-жарық труба экрандағы құжат бейнесі ол-... Сөйлемді жалғастыр
а) таза құжат; б) құжат авторы; в) құжаттың бейнехаты; г) жазба құжат;д) машинадағы құжат;
7. Ұйымдастыру – басқару құжатына жатады:
а) түйіндеме;б) мінездеме; в) бұйрық; г) анықтама; д) өмірбаян;
8. «Құжат» деген сөз қандай мағына береді?
а) куәлік, дәлелдеу тәсілі; б) түйіндеме; в) ақпарат; г)қағаз; д) анықтама;
9. Заңдылық күшіне қарай құжаттардың бөлінуі:
а) толық көшірме; б) шын және жалған; в) ұйымдық-өкімдік; г) шығыс, кіріс құжат; д) көшірме;
10. Толтыру орнына қарай құжаттардың түрі:
а) жедел және жедел емес; б) ішкі және сыртқы; в) қызметтік; г) ұжымдық; д) түпнұсқа және көшірме;
11. Жасалу сатысына қарай құжаттардың бөлінуі:
а) кіріс-шығыс; б) түпнұсқа және көшірме; в) ресми-жекелік; г) мемлекеттік; д) жекелік;
12. Құжаттың жеке құрамдас бөлігі қалай аталады?
а) бұрыштама; б) көшірме; в) деректеме; г) түпнұсқа; д) қарар;
13. Мекемедегі құжаттар қанша топқа бөлінеді?
а) 4; б) 7; в) 1; г) 3; д) 9;
14. Атауына қарай құжаттар қалай бөлінеді?
а) ереже; б) типтік, үлгілік, ресми; в) ресми, жекелік; г) қалыпты, қызметтік; д) ақпараттық;
15. Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар қалай бөлінеді?
а) жазба, графикалық, акустикалық;б) жабдықтау-өткізу; в) қаржы-есеп; г) несие; д) фотоқұжат;
41. «Расписка» деген қазақша...
а) кепілхат;
б) сенімхат;
в) қолхат;
г) хабархат;
д) жеделхат;
16. «Ресми құжат» қандай мағына береді?
а) бейнелік және дыбыстық;
б) құжатты жасаған жеке заңды тұлға;
в) заңды немесе жеке тұлға дайындаған, бекітілген тәртіппен куәландырған немесе рәсімделген құжат;
г) мәтіндік құжат;
д) ұйымға келіп түскен құжат;
17. Құжаттар қанша міндетті деректемелерден тұрады?
а) 14;
б) 10;
в) 3;
г) 11;
д) 45;
18. Белгілі бір адамды сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының түрі?
а) өтініш;
б) түйіндеме;
в) мінездеме;
г) анықтама;
д) есеп;
19. «Құжатты рәсімдеу» дегеніміз не?
а) құжатты жасаған жеке не заңды тұлға;
б) құжаттау қағидалары мен бекітілген қажетті деректемелерді қою;
в) жазу белгілері қолмен түсірілген жазба құжат;
г) электронды жарық труба, экрандағы құжат бейнесі;
д) құжат мәтінінің көшірмесі;
20. Құжаттарды орындалу мерзімі бойынша:
а) шарттар мен жабдықтау және өнімді өткізу құжаттарға;
б) өкімгерлік құжатқа;
в) анықтамалық құжатқа;
г) қаржылық-есептік құжатқа;
д) жедел және жедел емес;
21. Қызметкерлер тобы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін реми құжат:
а) ұжымдық еңбек шарты;
б) еңбек шарты;
в) резюме;
г) хабарлама;
д) анықтама;
22. Құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы қалай аталады?
а) көшірме;
б) төлқұжат;
в) куәлік;
г) түпнұсқа;
д) құжат;
23. Жеке адамға қатысты құжат түрі:
а) хаттама;
б) бұйрық;
в) өмірбаян;
г) жарғы;
д) хаттама;
24. «Растау» сөзінің синонимін көрсетіңіз:
а) куәләндыру;
б) тіркеу;
в) рәсімдеу;
г) жүргізу;
д) қолдану;
25. «Получить причитающееся мне имущество» деген тіркестің дұрыс баламасын көрсетіңіз:
а) пәтерді алуға;
б) пәтерімді жалға беруге;
в) маған тиесілі мүлікті алуға;
г) пәтерімді алмастыруға;
д) маған қажет мүлікті алуға;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет