Оқиғалар алгебрасы Жиындар теориясының аппаратын жалғастырып жиындарға қолданылатын амалдар сияқты кездейсоқ оқиғаларға қолданылатын амалдардарды анықтауға болады. Бұл жағдайда универсал жиын ретінде элементар оқиғалар кеңістігін алуға болады . Бос жиын – мүмкін емес оқиғалар.
1. A және B оқиғаларының қосындысы (бірігуі) деп ең болмағанда екеуінің біреуінің пайда болуынан құралған C оқиғасы айтылады (яғни не A, не В, немесе A және B бірге):
2. А және B оқиғаларының көбейтіндісі (қиылысуы) деп екеуінің бірге пайда болуынан құралған C оқиғасы айтылады: .
3. A және оқиғаларының айырымы деп A оқиғасы пайда болып, оқиғасы пайда болмауынан тұратын C оқиғасы айтылады: .
4. A оқиғасына қарама-қарсы оқиға деп A оқиғасы орындалмағанда орындалатын оқиғасы айтылады: .
5. Егер A оқиғасының пайда болуы B оқиғасының пайда болуына ықпал жасаса, , яғни А жиыны B-ның ішкі жиыны.
Бұл амалдардың анықтамаларын қасиеттері сияқты Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен кескіндеуге болады. Айта кетелік, кейбір ұғымдар мен қорытындыларды қысқаша көрсетілген амалдар көмегімен көрсетуге болады. Мысалы, егер A және B үйлесімсіз болса, онда ; Егер толық топ құрса, онда 1) ; 2) .