Қимылды ойын: «Күннің көзі мен бұлт» Балаларды ауа райының өзгеруіне байланысты, күн мен жаңбырды айыра білуге үйрету.
№ 20
Желді бақылау Мақсаты: Балалармен жел бағытын анықтау. Әсіресе қаңтар айында қатты жел жиі болатынын айту.
Қатты желді қалай атаймыз? (Дауыл)
Жұмбақ: Гу-гу етеді,
Тұлабайдан өтеді. (Жел)
Еңбек: Учаскені қардан тазалау.
Қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек» Балаларды шапшаңдылыққа, байқағыштыққа үйрету.
№ 21 Қаңтар айындағы ауа райын бақылау Мақсаты: Қыс мезгілінде күн аязды, суық болатынын айтып, күннің көзі биіктеп, жылуын аз шашатынын балаларға түсіндіру.
Жұмбақ: Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (шана)
Қимылды ойын: «Аяз бен балалар»
Қар лақтырып ойнау.
№ 22 Ақпан айындағы ауа райын бақылау Мақсаты: Қыстың соңғы айы ақпан айы екенін естеріне салу.
Ақпан айында жел қатты болады, жиі боран соғады.
Көркем сөз: Ақпан айы аппақ қарда,
Аққала салып ойнаймыз
Еңбек: Учаскені қардан тазарту. Балаларды еңбексүйгңштікке, тазалыққа тәрбиелеу.