Еңбекке баулу:Жердегі жапырақтарды жинау
№ 9 Ауа райын бақылау Мақсаты: Балаларға күзде ауа райы өзгеретіні жайлы түсіндіру. Сол күнгі ауа райына бақылау жасату.
Күннің көзі жарқырап тұр, аспан бұлт, (жаңбыр жауып тұр) қатты жел соғып тұр, күн жел
Көркем сөз:Өрік, алма,шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Еңбекке баулу: Жерге түскен жапырақтарды жинау. Үлкендерге көмектесуге үйрету.
Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты». Балаларды шапшаңдыққа, тез ойлауға үйрету.
№ 10 Қараша айындағы ауа райын бақылау Мақсаты: Балаларға қараша айындағы табиғаттағы өзгерістерді бақылату.
Күннің көзі жаздағыға қарағанда шуағын аз төгеді. Күн кеш шығады, ерте батады. Күн суытады. Қар аралас жаңбыр, қар жауады. Қыс қаһары сезіледі.
Көркем сөз: Мұрнымыз қызарып,
Құлақтарды үсітті.
Қысқа түндер ұзарып
Кидік тон мен ішікті.