Ағаштарды бақылау Мақсаты: Балалардың ағаш туралы түсініктерін кеңейту.
Серуен кезінде тәрбиеші балаларға жасыл, сары, қызыл жапырақтары бар ағаштарды таңдап алып: «Балалар, қараңдаршы, қандай тамаша сәнді ағаштар. Бұл ағаштың жапырағы жасыл, ал мына ағаштардікі сары, қызғылт екен» – деп балалардың назарын ағаштарға аудартады.
Көркем сөз:Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Дидактикалық ойын: Ағаш жапырағының түстерін айыруға үйрету.
Ағаш жапырақтарын жинап алып, жапырақтардың түстерін атату.
№ 6
Желді бақылау Мақсаты: Балаларға ағаштардың тербелуін, бұтақтардың майысуын, ағаштардан жапырақтардың ұшуын бақылату. Желдің түрлерімен таныстыру. (қатты, ақырын, ал күзде суық жел)
Көркем сөз:Жел еседі бетімізге,
Тербеледі ағаштар
Кіп,кішкене ағаштар
Біп-биік боп өседі.
Егер далада жел соқса, онда ауа райы желді. Желмен ойнауға да болады. (Қағаздан зырылдауық жасап айналдыру)
Ол неліктен айналады? - Себебі оларды жел айдайды.