Жеке ұйымдар мен қозғалыстар:
«Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу. «Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында. «Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста. «Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.
Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек. Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үсиемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі қажет.
«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады. Қазіргі уақытта «Әділеттің» Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізіне студенттер және қоғам қайраткерлері.
«Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі – халықтың ескі әдет-ғұрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жұмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.
Орыс қауымы (русская община) - Әділет министірлігінде қыркүйектің 1- інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады. Қауымның іс-әрекеті жарғы және бағдарламасына сәйкес орыс және басқа да славян халықтарының рухани өркендеуінің, олардың мәдениетін, білімінің барлық дәрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстанда азаматтық қоғам құруға әсер етуі қаралған. Қауым «Русский вестник» атты газет шығарады, жастарды мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда. Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат жолдады. Жастардың рухани және дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық – патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға алуға қаражат бөлді. Көркемөнер ұжымдарын құруға ат салысады.
21 жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы Астана қаласында.Қозғалыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтырдың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту.