Қаладағы урбандалу үдерісі Қала халқы үлесінің өсуі - республиканың индустриялық көрсеткішінің жоғары деңгейінің белгісі.
Қалаларда өнеркәсіптік өндірістер, транспорттвқ, сауда, мәдени, ғылыми және өзге де нысандар шоғырланады. Көптеген қалалық елді мекендер әкімшілік-аумақтық қызметтерді атқарады. Қала типтес кенттерде бір немесе бірнеше өнеркәсіп орналасады. Қалалардың қалыптасуы оның индустриялық дамуы, сәулеттік бейнесі мен тұрғындар саны бойынша ажыратылады. Қазіргі таңда қалаларды жіктеудің бірнеше түрі бар, олардың негізінде екі категория - қаланың ауқымы және қызмет түрлері қалыптасады.