1. Жаңғыру және урбанизация


Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы



бет17/20
Дата16.09.2023
өлшемі94,15 Kb.
#181222
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
әлеуметтану 2 саб

19. Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы.
Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату - сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификация еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жүмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жүмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады.
Еңбек нарығын мойында жұмыс күшінің әлеуметтік - экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал жабдықтарымен косылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің коғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми да негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал - жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен жүзеге асады.
Жұмыспен қамту және еңбек нарығы
Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек нарығына өткізеді, өзінің әлеуметтік - экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс - әрекеттері еңбек нарығының мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы анықталады. Кез келген тауарлы нарық өзіне тән кез келген өзге тауарлы нарыққа қарағандағы өзгешелігінің өзгеше белгісі ол жалдау және жұмыс күшін пайдалану негізінде қалай кызметкерлердің, солай жұмыс беретіндердің еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті кдмтамасыз ету пайда болады.
Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған жылдамдықпен кайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.
Еңбек нарқы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа негізделген. Сұраныс - бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.
Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер арасында осы немесе басқа да жұмыс істейтін жұмыс орындары және жұмыстарды орындау, сол сияқты жұмыс берушілердің арасында керекті жұмыс күштерін жұмылдыру, қалай өзінің сандық, солай сапалық құрамы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы
басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек наркы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси -экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылык салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - тендік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сүраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік - экономикалык процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық мынадай сипатқа ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру жүмысшы күші мен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес, жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз - ақ өсуді көрсетеді.
Дегенмен, жұмыссыздықтың ауыр жүгімен қатар бағаның босатылуы және жеке меншік пен кәсіпкерліктік пайда болуы жұмыссыздықтың бірте -бірте азая бастауына себепкер болмақшы.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама - карсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін колдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде беру, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды.
Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқүжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін - өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ - тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салалада жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайында қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейіңн созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. атап өту керек - бұл
процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты камтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы, жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қардарлығы өндіріс куатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға залалын келтіреді. Ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.
Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз - қоғамдық кажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.
Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. Еңбекпен қамту кызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді оның 785 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі жоғары білімді, әрбір екеуі - орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі - жалпыға бірдей орта білімді.
Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-600 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 20 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі оның құқықтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық түтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс оындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет