8. Алақанның ұзын бұлшық еті Жер шарындағы алты адамның біреуінде ғана екі қолының алақанында ұзын бұлшық ет сақталған. Кейбіреуінің бір қолында ғана бар. Жан-жануарларда бұл бұлшық ет тіндері тырнақтың шығуына жауап береді. Адамға бұл атқарымның қажеті жоқ екені белгілі. Осылайша хирургтар бұлшық еттерді трансплантациялау қажет болған жағдайда алақанның ұзын бұлшық етін рудимент ретінде пайдаланады.
9. Бұлшық еттер және шоколад Бір қызығы, жүрек пен жалпы бұлшық етке пайдалы өнім ащы шоколад екен. Детройттағы Уэйн Университетінде жасалған зерттеулер ащы шоколадтың құрамында болатын эпикатехин бұлшық ет жасушаларындағы митохондрийдің өсуіне әсер ететінін дәлелдеген. Аквиль университетінің ғалымдары да зерттеу жасап, қатысушыларға 15 күн бойы жүз грамм беріп отырған және қан қысымын өлшеген. Тәжірибе кезінде адамдардың қан қысымы тұрақтанып, қан айналымы жақсарған. Демек, ащы шоколадты орынды орташа тұтыну жүрек аурулары мен артеросклероздың алдын алу шарасы ретінде пайдалануға болады.
10. Бұлшық еттерден айрылу Бұлшық еттер мәңгілік емес. 40 жастан кейін олар белсенді түрде кете бастайды, бір жылда адам 2-ден 3 пайызға дейін бұлшық ет тінінен айрылады, 60 жастан кейін – 5%-ға дейін. Сондықтан қартайған шақта да жаттығулардың маңызы өте зор.
Кез келген өсімдік және жануар жасушасы цитоплазмасында зиянды заттар түзілетінін білесіңдер. Бұл – тіршілік әрекетінің қалдықтары, жасушалар бұл зат- тарды мембрана арқылы бөліп шығарады. Өсімдік ағзасында қалдықтар күзгі жапырақ хромопластында не вакуолінде жинақталады, одан жапырақ түсіру кезінде тазарады.Жоғары құрылымды көпжасушалы ағзаларда барлық зиянды заттар жасушадан қанға шығарылатынын білдіңдер. Қанның зиянды заттардан тазаруына жауапты басты бөлу мүшесі – бүйрек. Тері қосымша қызмет атқарады. Зиянды заттардың бір бөлігі бүйрек арқылы шығарылу алдында бауырда өзгеріске ұшырауы керек. Тыныс алу үдерісінде түзілген зиянды газ –көмірқышқыл газының қаннан өкпе арқылы шығарылатынын білесіңдер.
Әр дұрыс жауапқа бір жұлдызша.
1.Организмнен соңғы ыдырау өнімдерін шығарып тастау не үшін қажет?
2.Қандай заттар тіршілік әрекетінің зиянды қалдықтарына жатады?
3. Қарапайымдарда қандай мүшелер арқылы зат алмасу өнімдері шығарылады?
4. Қандай жануарларда зат алмасу өнімдері зәр бөлу түтікшелері арқылы шығарылады?
5. Мальпигий түтікшесі: Бұл -
6.Зәр шығару мүшесінің ішінде қайсысы жақсы жетілген? Бұл мүше қай жануарға тән?