Бір қадам жасағанның өзінде 200 бұлшық ет қимыл-қозғалыста болады. Ағзадағы ең төзімді бұлшық ет – жүрек. Ол үнемі жұмыс істеп тұрады. Бұлшық етті өсіруге, жаттықтыруға болады, ол туралы көптеген әдеби кітаптар бар. Ал біз ең қызықты деректер жайлы айтамыз.
1. Жалпы қанша бұлшық ет бар? Адам ағзасында барлығы 640-тан бастап 850-ге дейін бұлшық ет бар. Адам жай жүргеннің өзінде 200 бұлшық ет қимылдайды. Бұлшық ет тіні майға қарағанда 15%-ға тығыз, сондықтан жаттыққан адамның салмағы одан да толық, бірақ жаттықпаған адамнан көбірек болады. Дененің орташа есеппен 40% салмағы бұлшық етке түседі.
2. Ең-ең бұлшық еттер Адамның ең төзімді бұлшық еті – жүрек, ең қысқасы – үзеңгі (ол құлақтағы дабыл жарғағын қатайтады). Оның ұзындығы – 1,27 миллиметр. Адам денесіндегі ең ұзын бұлшық ет – тігін. Ең жылдам бұлшық ет – жыпылықтатқыш. Ағзадағы ең мықты бұлшық ет қайсы дегенге түрлі пікір естуге болады. Көбіне ең мықты бұлшық ет – тіл деп жатады, бірақ тіл бірнеше бұлшық еттен тұратындықтан бұл пікір қате. Шайнау бұлшық еттері өте мықты болып келеді (оның күш қысымы 100 килограммға дейін жететін кездер болады), сонымен қатар балтыр мен жамбас бұлшық еттері де мықты болады.
3. Сан түрлі бұлшық ет Адамның бұлшық еттері бірдей болмайды. Сондықтан олардың әрқайсын түрліше жаттықтыру қажет, және де бұлшық ет топтарының әрқайсының қайта қалпына келуіне кететін уақыт та әртүрлі болады. Үшбасты бұлшық ет ең жылдам қайта қалпына келеді, ал арқа бұлшық еттері ең баяу. Жаттығу кезінде осыны есепке алу керек, жүктемемен қатар бұлшық етке демалыс та қажет, өйткені бұлшық ет талшықтарының өсуі орнын басу әсерінен болады. Қарқынды жүктемеден кейін бұлшық еттердің толықтай қайта қалпына келуі 48 сағаттан соң іске аса бастайды.
4. Бұлшық еттердің төзімділігі Төзімділік – бұл бұлшық еттердің бірнеше сағат бойы жұмысқа қабілеттілігін сақтап тұруы. Айтып өткеніміздей, адам ағзасының ең төзімді бұлшық еті – жүрек. Дәрігерлердің есептеуі бойынша, орта есептегі жүректің «төзімділік қоры» 100 жылдан кем емес. Бұлшық еттер олардың құрамындағы гликогеннің шектелуіне байланысты шаршай бастайды, сонымен қатар шаршауды бұлшық еттегі кальций мөлшерінің арта бастауымен түсіндіруге болады. Бұрындары шаршағандыққа сүт қышқылы кінәлі деп есептеген. Колумбия университетінде жасалған тәжірибеде тышқандар үш апта бойы жүзіп, ал шабандоздар үш күн бойы жаттығатын болған. Нәтижесінде, физикалық жаттығулардан кейін бұлшық еттердің жиырылуына жауап беретін рианодиндік рецептордың химиялық құрылымында айтулы өзгерістер орын алған – жасуша қабықшасында саңылау пайда болып, сол арқылы кальций бұлшық еттерге енген.