5. Бұлшық еттер және эмоциялар Бет бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы адамның эмоциясымен тікелей байланыста екені белгілі. Өткен ғасырдың басында-ақ орыс ғалымы Иван Сикорский бет бейнеге жіктеу жасаған: көз айналасындағы бұлшық еттер ақылдылыққа жауап берсе, ауыз айналасындағы бұлшық еттер – ерік әрекетін бейнелеуге жауап береді, ал сезімді беттің барлық бұлшық еттері бейнелейді. 2011 жылы ғалымдар адамның бет қимылы ол туылғанға дейін пайда болатынын дәлелдеген. Бала құрсақта жатқан кезде де бет бұлшық еттерін қимылдатып, жымиып, таңданған кейіп танытқандай қасын көтеріп немесе түйе алады. Бұлшық еттердің жалпы санының 25%-ын бет бұлшық еттері құрайды, күлген кезде бұлшық еттердің 17 тобы жұмыс істейді, ашуланған немесе жылаған кезде – 43. Бет терісі тегістігін сақтаудың бірден-бір амалы – сүйісу. Ол кезде 29-дан 34-ке дейін бұлшық ет тобы жұмыс істейді.
6. Бұлшық еттер және тұқым қуалау Таңқаларлық жағдай, бірақ бұлшық еттерді жаттықтыру адамға ғана емес, оның тұқымына да әсер етеді. Оларда жаңа жүктеме үшін бұлшық ет талшықтарына көмектесетін модификация жүреді. Мұны дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін Орхус Университетінің ғалымдары 20 еріктіден құралған топты жинақтайды және оларға веложаттықтырғышта 20 минуттық аэробтық жүктеме жасау ұсынылады. Зерттеуден кейін зерттелушілердің тұқымындағы жасушалар қалай өзгергенін байқау үшін олардың төрт басты бұлшық еттерінен биопсия алынады. Нәтижесінде, физикалық жүктеме бұлшық етке қатысты гендерді белсенді ететіні анықталған. Бұл жасушалардың ДНҚ-ны метил топтарының көмегімен сақтап тұратынымен түсіндіріледі. Егер оларды алып тастаса, калорияларды кетіруге, бұлшық ет жинауға және оттегін тұтынуға қажетті тұқым ақпараты энзимдер мен протеиндерге айналады. Жасалған тәжірибеден кейін тәжірибеге қатысқан қатысушылардың барлығының метил топтарының саны кеміген – яғни бұлшық еттер метаболизмнің жоғарылауына дағдыланған.
7. Бұлшық еттер және телепатия Қарапайым адам ағзадағы барлық бұлшық етті басқаруға қауқары жетпейді, сондықтан бұлшық еттердің бейсаналы жиырылуы білген адамға жасырын ой немесе ойланған әрекеттердің индикаторы бола алады. Жоғары деңгейлі психологтар мен «телепаттар» бұл процесстер жайлы білімді пайдалана алады. Танымал телепаттардың бірі Вольф Мессинг өзінің таңғаларлық қабілетін сиқыр деп емес, адамның бұлшық еттерінің жұмысын жақсы білгендігімен түсіндірген. Ол: «Бұл ойды оқу емес, былайша айтқанда «бұлшық етті оқу»... Адам бірдеңені қатты ойласа ми жасушалары ағзадағы барлық бұлшық еттерге импульс береді» дейді.