Әлеуметтік педагогтің принциптері :
Мазмұндық : гуманизм, демократизм, заңдылық, әлеуметтік әділдік, адам құпиясының сақталуы;
Психологиялық-педагогикалық : жеке тұлға жан-жақты және дербес қатынас, белсенділікті қолдау, мақсаттылық, жанашырлық, сенім, үздіксіздік ;
Ұйымдастырушылық : орындалудың бақылануы және тексерілуі, жауапкершілік пен басшылық жасау, құқық пен міндеттердің бірлігі, жалпылық, сарапшылдық, ынтымақтастық.
Әлеуметтік педагог қызметінің белгіленген мақсаты мен міндеттерге сай ұйымдастырылған жұмыстар :
Оқушыларға мектеп асханасының арендаторы және «Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан» ұйымдастырылған жұмыстар;
«Қамқорлық» акциясын және өзге де демеушілер тарапынан ұйымдастырылған әлеуметтік-материалдық көмектер ;
Жаңа жылдық мерекелік шырша тойына оқушыларды қатыстыру ;
Жазғы сауықтыру лагерімен оқушыларды қамтамасыз ету;
Мектеп оқушыларымен әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, диагностикалық жұмыстар жүргізу және т.б.
Жаңа оқу жылында мектепішілік қамқоршылар ұжым мүшелерінің жаңа құрамы төмендегідей болып бекітілді :
Кеңес төрайымы – мектеп директоры : М.Т.Жакыпбекова
Кеңес төрайымының орынбасарлары: - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- К.Д.Шакетова - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары – Г.Қ.Сейілханова Мүшелері : әлеуметтік педагог – Ж.Е.Абдыкадырова. Педагог - психолог – Б.Ғ.Бекентурова. Медбике – . Қамқоршылық кеңесі жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын түзіп, жоспарға сай ұжым мүшелерінің міндеттері бекітіліп берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |