Тәрбие жұмысының нәтижесі мен тиімділігі мен нәтижесін зерттеу әдістемесі
Тәрбие үдерісі (бұдан әрі – ТҮ) – бұл тұлғаның тәрбиелілік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика – оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргізіледі. Сапалы жұмысты қамтамасыз ету мақсатында мынадай іс-шаралар өткізіледі: біртұтас тәрбие және оқу үдерісін құру және ұйымдастыру; мониторинг, нәтижелерді бағалау; педагогикалық қызмет профилактикасы және түзету. Заманауи педагогикалық іс-тәжірибеде оқушылар тәрбие, өзіндік тәрбие мен өзіндік даму субъектісі болып табылады. Әрбір педагог-тәрбиеші өзін-өзі тану және рефлексия әдістерін меңгеріп қана қоймай, оқушыларды өзіндік «мен» бағдарламасын құрастыруға, өзін-өзі реттеу машықтарын дамытуға машықтандырады және оларды өзін өзі талдау және өзін өзі жетілдіру үдерісіне тартады. Мұғалімге алдына мақсаттар қоя білетін және қойған мақсаттарына жете білетін білімді әрі толерантты тұлғаны тәрбиелеу және оның жағымды өмірлік ұстанымын қалыптастыру міндеті қойылады. ТҮ ең алдымен тұлғаның жеке қасиеттерінің даму диагностикасы мен тәрбиелеу нәтижелеріне сүйенуі тиіс. Жұмыс нәтижелерін бағалау мақсатында ТҮ тиімділігі мен тұлғаның тәрбиелелік деңгейін зерттеу педагогтің уақытында өзгертулер енгізуіне мүмкіндік береді. Педагогикалық мониторинг – бұл тек тәрбиелеу мақсаттары мен нәтижелерінің сәйкестігін бақылау ғана емес, сонымен қатар нәтиже мен мақсат арасындағы нормалар мен стандарттардан ауытқушы кемшіліктерді анықтаушы. Бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз етуші кері байланыс. Мониторинг – үздіксіз үдеріс, ол оқу жылының басына дейін құрастырылуы тиіс. Сондықтан директордың орынбасарлары, сынып жетекшілері мен тәрбиешілер үшін диагностика мен мониторинг аса жауапты әрі маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Тәрбие жұмысы мақсаттары мен нәтижелерінің сәйкестігі бақылануы тиіс.
Диагностика - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау
Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие жұмысын оңтайландыру мақсатында оқушының жеке-психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.
Адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек.
Сынып жетекшісінен өз оқушыларын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыныптағы балалар құрамын мұқиат тани білгені жөн.
Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлаған мен жанаса бермейді.
Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды, олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді, мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік білмеуінен болатыны белгілі жайт, демек, бұл сынып жетекшісі жұмысының диагностикалық маңызын арттырды.
Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және оқушыларды кешенді зерттеу) ‑бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.
«Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика»:
Әр оқушының жеке басы және оқушылар ұжымын жетік зерттеу тәрбиелеу процесінің нақты жағдайлары мен анықталатын, келесі талаптарды есепке алып жүргізуді қажет етеді.
Зерттеу әр оқушының дамуындағы ерекшеліктерін анықтауға бағытталуы керек.
Әр оқушының және оқушылыр ұжымының диагностикасы осының алдындыағы диагностика нәтижелерімен салыстыру арқылы жүргізіледі оның мақсаты‑ осы уақыт аралығындағы дамудағы өзгерістерді анықтау.
Әр оқушыға және оқушылар ұжымына жүргізілетін диагностикалық жұмыстар, оның бүкіл мектептегі оқу жылдарында жүзеге асырылады, өйткені мектеп жылдарында бала психикасы мен мінезінде көптеген өзгерістер болады. Міне, осылардың барлығы сынып жетекші және әр мұғалім болуы керек. Егер бұл талап орындалмаса, мұғалімдегі оқушы туралы қалыптасқан алғашқы түсінік сол қалпында қалады.
Әр оқушының жеке басын және оқушылар ұжымын зерттеу‑ нақты педагогикалық міндетті шешуге бағытталуы керек. Сондықтан диагностикалық әдістемелер осыны есепке алып таңдалынады.
Зерттеу кезінде оқушылардың жасын ескеру, яғни эксперименттік тапсырмалар оқушылардың жасына сай ұйымдастырылуы қажет.
Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесінде зерттеп білген дұрыс.
Сонымен әр оқушының жеке басы және оқушылыар ұжымын зерттеуге қойылатын негізгі талаптар осылар.
Диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады. Педагогикалық диагностика педагогикалық қызметпен қатар дамуда. Жүйелі түрде білім беру процессін ұйымдастырушылар өзінің жұмыстарының қорытындыларын анықтауға тырысады. Педагогикалық қызметтің мыңдаған жыл бойы диагностикалау әдістері қолданылды. Соңғы уақытта ғана сол сияқты диагностикалау әдістері ғылыми тұрғыдан зерттеле басталды. Алған рет педагогикалық диагностика ұғымын медициналық және психологиялық салаға негізделіп К. Ингенкамп 1968 жылы ғылыми жобаны ұсынған кезде еңгізді. Өзінің міндеттері, мақсаттары және қолдану салалары бойынша педагогикалық диагностика дербес сала болып табылады. Педагогикалық диагностиканы анықтауды екі бағытты ажыратады: білімділікті диагностикалау, яғни білімнің нәтижелерін және білімге икемділікті диагностикалау. Диагностика білімді және оқушылардың икемділігін тексерумен салыстырғанда неғұрлым мағыналы болып табылады. тексеріс тек білім берудің қорытындыларын анықтап оның себептерін ашпайды. Диагностика білім беру нәтижелерін білім беру құралдарымен жолдарымен байланыстырып жалпы динамиканы және тенденцияларды анықтауға тырысады
Яғни педагогикалық диагностика жеке білім беру процессін оптимизациялауға, білім берудің дұрыс қорытындыларын анықтауға, оқушылардың қателіктерін азайтуға тырысады. Білім беру процессін жетілдіруді көздеген педагогикалық диагностиканың келесі мақсаттарды шешуге тырысады:
- Білім берудің нәтижелері дұрыс бағаланбаған жағдайда ішкі және сыртқы коррекциялау;
- Білім берудің осал жақтарын анықтау;
- Білім берудің табыстылығын бекіту;
- Білім беру процессінің келешек кезеңдерін болжау;
- Білім беруде табыстылық үшін мадақтау арқылы ынталандыру және келешекте кездесетін қиыншылықтарды реттеу; - Оқыту процессінің жағдайларын жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |