4. Вакциналардың жекелеген түрлеріне қосымша қарсы көрсетілімдер:
туберкулезге қарсы вакцинаға (БЦЖ): шала туғандық (сәби денесінің салмағы 2000 граммнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас); БЦЖ вакцинасын бұрын салғаннан кейін пайда болатын вакцинадан кейінгі кезеңнің асқынып өтуі; орталық жүйке жүйесінің зақымдануы ; жаңа туған сәбилердің гемолитикалық ауруы (ауырлығы орта және ауыр түрлері); құрсақ ішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелердегі сепсис; туберкулездің микобактерияларын жұқтыру, анамнезінде туберкулездің болуы; оң немесе күмәнді Манту реакциясы;
ауыз арқылы қабылдайтын тірі полиомиелит вакцинасына(бұдан әрі – АПВ): иммундаудан кейін 30 күн ішінде АПВ бұрынғы дозасын салғанда параличтің немесе парездің дамуы; иммун тапшылығы бар адамдармен тұрмыстық жанасу. Осы жағдайларда вакцинациялау белсенділігі жойылған полиомиелиттік вакцинамен (бұдан әрі – БПВ) жүргізілуі мүмкін.
БПВ-ға: вакциналарды өндіруде қолданылатын неомицинге немесе стрептомицинге шұғыл аллергиялық реакциялар;
жасушасыз көкжөтел компоненті бар көкжөтелге, дифтерияғажәне сіреспеге қарсы адсорбцияланған вакцинаға (бұдан әрі – АбКДС) және құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналарға: инфантильдік спазмдарды, бақыланбайтын эпилепсияны қоса алатын үдемелі орталық жүйке жүйесі аурулары, вакцинациялаудан кейін жеті күн ішінде пайда болатын үдемелі энцефалопатия (естің деңгейінің өзгеруі), сондай-ақ алдыңғы вакцинациялаудан кейін 3 күнге дейін дамыған афебрильді құрысулар; құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаға (АДС-М, АС): құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаны бұрын салғаннан кейін алты апта ішінде пайда болатын Гийен-Барре синдромы.