Дәріс Тақырып: Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі22,79 Kb.
#110300
  1   2
Байланысты:
8c1e1b49-6343-420c-8bdd-f911ebf4e54e (1)


Дәріс

Тақырып:Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы

Босанған әйел организміндегі өзгерістер

Босанғаннан кейінгі немесе пуэрпералвді кезең - жүктілік және босану кезеңдерінде өзгерістерге ұшыраған мүшелер мен жүйелердің инволюциясы. Тек сүт бездерінің және гормональді жүйенің қызметі арта бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы 6-8 апта.

Гормоналды гомеостаз

Босанғаннан кейінгі кезеңде бірден плацентарлы гормон төмендейді. Гипоталамо-гипофиз-аналық бездегі циклдік байланыстардың қалыптасу уақыты және етеккір қызметі әйел емшек бездерінің сүттенуімен байланысты. Босанғаннан кейін овуляторлы циклдің пайда болу аралығы - 49 күн (сәбиді емізбейтін әйелдерде); 112 күн (сәбиді емізетін әйелдерде).

Емшек бездері сүтті болу үшін, эстроген, прогестерон, пролактин гормондарының әсері жеткілікті болуы керек, содан кейін оның қызметін гипоталамо-гипофиз жүйесі реттейді.

Ана қанында пролактин мен окситоциннің пайда болуы емшек ұштарының тітіркенуіне де байланысты, сондықтан әйел босанғаннан кейінгі алғашқы сағатта сәбиге емшек ұшын сорғызады, емшек бездерінің сүтті болуына және жатырдың жиырылуына әсер етеді.

Босанғаннан кейінгі кезеңде ішкі секреция бездерінің қызметі біртіндеп қалыптасады. Қалқанша безі 12 аптадан кейін бұрынғы қаллына келеді. Сонымен қатар, инсулин, глюкокортикоидтар және минералокортикоидтардың синтезі өзгеріп, зат алмасу және әйел организмінің мүшелері мен жүйелеріне инволюциялық әсерін тигізеді.

Жыныс мүшелері және сүт бездері

Жатыр. Босанудың үшінші кезеңінің соңында жатыр едәуір жиырылып, көлемі кішірейеді; оның деңгейі шатган 15-16 см жоғары тұрады.

Қабырғаларының қалыңдығы - 4-5 см, көлденең өлшемі - 12-13 см, қуыс ұзындығы - 15-18 см, салмағы - 1000 г.

Жатыр мойны ашық болады (қол саусақтары өтеді). Жатыр өте қимылды (жатыр байламдарының, жамбас түбінің созылып босауына байланысты).

Бір аптадан кейін, инволюциялық өзгерістерге байланысты жатыр салмағы - 500 г, екінші аптада - 350 г, үшінші аптада - 250 г, босану кезеңінің соңында - 50 г тең (алғашқы қалпына келеді).

Жатыр мойын инволюциясы - босанғаннан кейін, 10-12 сағаттан соң ішкі мойын өзегі жиырылады, сыртқы мойын өзегі өзгермейді, бір тәуліктен кейін мойын өзегі тарылып, 10-тәулікте ішкі мойын өзегі жабылады. Сонымен жатыр мойны 13-аптаның соңында өз қалпына келеді.

Жатырдың ішкі бетінің эпителизациясы 10-тәуліктің соңында бітеді, ал плацентаның орны тек үшінші аптаның соңында жазылады.

Жатыр қуысындағы децидуальді қабықшалардың және қанның қалдығы протеолитикалық ферменттердің әсерінен босанғаннан кейінгі 4-10-тәулікте сыпырылып шығады.

Жатырдан ағатын бөлінділерді лохия (ақ кір) дейді, босанғаннан кейінгі күндерде әр түрлі; 2-3-күндері - қанды лохиялар, 3-4-және аптаның соңына дейін - серозды лохиялар, 10-күннен бастап - ақ кір түсті (лейкоциттер аралас) лохиялар, сонымен 5-6-аптадажатырдан бөлінділер тоқтайды.

Жатыр қосалқылары - алғашқы екі апта аралығында бұрынғы (жүктілікке дейінгі) қалпына келеді.

Аналық бездер. Жүктіліктің соңында аналық бездерде пісіп-жетілген фолликулаларды анықтауға болады. Бірақ овуляция процесі болмайды, себебі фетоплацентарлы комплекстің гормондары гипоталамо-гипофиздік жүйені тежейді, ал босанғаннан кейінгі кезеңде - сүт бездерінің функциясы әсер етеді.

Қынап. Босанудың алғашқы аптасында қынаптың көлемі жиырылып, кішірейеді, оның қабырғаларының ісінуі, қызаруы жойылады.

Босанғаннан кейін - үшінші аптаның соңында ғана жатыр байламдары өз қалпына келеді.
Аралықтың бұлшық еттері 10-12-күндері өз күшіне енеді.

Сүт бездері. Босанғаннан кейінгі кезеңде сүт бездерінің қызметі артады.

Жүктілік кезінен бастап сүт бездерінде өзгерістер пайда болады; емшек ұшынан уыз шығады. Уызда белок, түз, витаминдер, ферменттер анықталады. Босанғаннан кейін 2-3-күндері сүт пайда бола бастайды, сәби үшін ең қажеггі қоректі тамақ сүт - ақ сұйықтық, реакциясы сілтілік.

Құрамы: су 87-88%, белок - 1,5%, май 3,5-4,5%, көмірсутегі - 6,5-7%, түз 0,18-0,2%. Сонымен қатар, сүт құрамына витаминдер, ферментгер және антиденелер кіреді.

Босанган әйелдің күй-жағдайы

Қалыпты жағдайда босанған әйел ұйқышыл, шаршағыш келеді; дене қызуы 36,6°. Жатырдың жиырылуына байланысты ауыртпалы толғақ байқалады; әсіресе сәбиді емізген кезде.

Зат алмасу бірінші аптада жоғарылайды, біртіндеп қалыпты жағдайға келеді.

Жүрек-қан тамыр жүйесі

Әйел босанғаннан кейін қан айналым көлемі (ҚАК) -13,1%-ға, плазма айналым көлемі (ПАК) - 13%-ға, эритроциттер айналым көлемі (ЭАК) - 13,6%-ға төмендейді.

ҚАК және ПАК клетка сыртындағы сұйықтықтың қан тамыр қуысына енуінен ұлғаяды. Ал ЭАК және айналымдағы гемоглобиннің мөлшері босанғаннан кейінгі кезеңде төмен болып қалады. Жүректің жиырылу жиілігі бірден жоғары болады, бірінші аптаның соңында қалпына келеді.

Босанғаннан кейінгі 4-тәулікке дейін қан қысымы 5%-ға жоғарылаңды; тромбоциттер саны екі аптаға дейін жоғары болады, ал фибриногеннің концентрациясы төмендейді.

Зәр шығару жүйесі

Босану ағымына байланысты қуықтың гипотониясы байқалады, әйелден зәр шығу қиындайды, біртіндеп 2-3-күндері қалпына келеді.

Бүйрек қалыпты жағдайда жұмыс істейді, тәуліктік зәр алғашқы күндері жоғары, 2-5-күндері өз қалпына келеді. Асқазан мүшелері қалыпты жағдайда, ішек атониясына байланысты алғашқы күндері үлкен дәретке отыру қиындайды.

Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу

Бұл кезенді жүргізудің негізгі мақсаты - ана мен сәбидің септикалық ауруларының алдын алу (асептика және антисептика ережелерін сақтау).

Босану жолдарына, емшек ұшына инфекцияның енуі қауіпті.

Алдын алу шаралары: жұқпа белгілері бар әйелдерді, сәбилерді бірден обсервация бөліміне көшіреді; медицина қызметкерлері жеке бас гигиенасын сақтаулары керек, палата мен төсек орын тазалығын қамтамасыз ету (палатаны желдетіп, дезинфекциялау, кварцтау) және босанғаннан кейінгі бөлімде циклдік принципті сақтау.

Дәрігер және акушерка босанған әйелдің күнделікті күй-жағдайына, қан қысымына, тамыр соғуына, дене ыстығына (күніне 2 рет), жатыр деңгейіне және жатырдан ағатъш лохияның түсіне, сүт бездерінің (емшек ұштарының) жағдайына көңіл бөледі. Дені сау әйелдер босанғаннан кейін бірінші тәулікте түрегеп жүреді, гимнастикамен шұғылдануына болады.

Жатырдың инволюциялық құбылысын УДЗ арқылы толық анықтайды (жатырдың ұзындығы 2-5-тәулікте; ал көлденеңі 2-4-тәулікте кішірейеді). Үшінші тәулікте жатыр қуысында УДЗ-де шамалы ұйыған қан және децидуальді ұлпаның қалдықтары анықталады; 5-7-тәулікте бұл қалдықтар жатырдың төменгі бөлігінде болады.

Босанғаннан кейінгі бөлмеде сәбиді емізу ұйымдастырылады. Емізер алдында: ана қолын сабындап жуып, басына орамал тартады. Сүт бездерін тәулігіне екі рет жылы сумен, иіс сабынмен жуады.

Сәбиді емізіп болғаннан кейін, емшектегі артық сүтті сауып тастайды.

Сәби туылғаннан кейін, бірден ана қойнына салады, содан кейін тәулігіне 6 рет емізеді.
Босанғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты ағысында ананы және сәбиді 4-6-тәулікте (кіндігі түскеннен кейін) перзентханадан шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет