Қытай театры
Қытайдың театр өнері халық ән-биі мен мейрамдарға, діни салт-жораларға арналған сауықтар элементтерін қамтитын "бай си" ("жүз ойын-сауық") ойыны түрінде пайда болған. Б.з.д. II—I мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде "чан-ю" ("әнші-актер"), "пай-ю" ("қуақы"комик") деген терминдер кездеседі. Хань дәуірінде қалалардың өркендеп, колөнер кәсіпорындарының көбеюі театр өнерінің дамуына әсер етті. "Бай си" ойынына тұрмыстық көріністер ене бастады. Мәдениеті жоғары дамыған Таң империясы дәуірінде қытай әдебиеті мен өнеріне, көбінесе би өнерінің дамуына үлкен әсер еткен буддизм кең етек жаяды. Өкіметті, сатқын әкімдерді әжуа еткен сатиралық "Цанъцзуюн туралы ойын" шағын пьеса-диалогтері танымал бола бастады. Бірінші амплуалар: тапқыр қалжыңбас — цанъцзунь, ақпейіл ақымақ — цанъгу. Қойылым импровизациялық түрде болды. Ән мен бидің сахналық жаңа формасы — дацюй пайда болды. Мұның өзі музыка мен әннің, би мен [[пантомима]ның] элементтерін біріктірген негізі театрлық формаға айналды. IX ғасырдың орта шенінде Таң императоры Сюань-Цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын "Алмұрт бағы" ("Лиюань") атты театр мектебі құрылды. X—XII ғасырларда театр одан әрі дами түсіп, кәсіби актер труппалары пайда бола бастайды. Бірінші драмалық форма — комедиялық импровизациялық көріністер ~ цзацзюй (араласқан ойын-сауық) пьесалары болды.
XIII—XIV ғасырларда қытай театры кемелдене түсті. XIII ғасырда цзанцуй драмасы кең етек жаяды. Бұл пьеса төрт актіге бөлінеді, оған айқындық пен композиция қарапайымдылығы, тартыс шиеленісі тән. Әр акт — бір әуеннен, бір әнші-кейіпкерден тұрады. Қытай драмасы екі бағытта дамыды. Цзацзюй пьесалары солтүстік бағыттагы театрға (бэйцюй) жатады. Бұл жанрда Гуанъ Ханъ-цин' ("Доу Э љкпесі"), Ban Ши-фу ("Батыс флигель"), Бо Пу ("Платандағы жаңбыр"), т.б. драматургтер жазды. Юань заманындағы цзацзюй театры сахнасында ең басты орындаушылар — әйелдер болды, бұл басқа театр жанрларынан XX ғасырдың 30-жылдарына дейін осымен ерекшеленіп келді. Бұл мезгілде оңтүстік бағыттағы театрлар (нанъси) дами бастады. Наньсидің драмалық формасы чуанъци деп аталды. Бұнда композицияның, пьеса көлемінің және әуендер санының (әр актіде бірнеше әнші-кейіпкерлер) тұрақсыздығы байқалды. XIV—XVII ғасырларда драматургияға қатал цензура тағайындалды, бірқатар спектакльдердің қойылуына тыйым салынды. Қытай театрының әрі қарай дамуы бірнеше жергілікті театр жанрларымен байланысты. Олар Цзянси провинциясының Цянь театры мен сол провинцияның Куныпань уезінің Куньцюй театры болды. Цянь театрындағы спектакльдер тұрмыстық тақырыптағы, кейінірек танымал романдарының инсценировкасы бойынша жасалған қойылымдар болды (мысалы, Учен-эньнің "Батысца саяхатшысы"). Тарихи көріністерді сахнаға шығару акробатикалық және фехтовалдық техниканың дамуына әкелді. Куньцюй ақсүйектер мен зиялы қауымының театры болып саналды. Бұл театрдың пьесалары, көбінесе лирика-тұрмыстық тақырыпта болып және орындаушының вокал және би техникасының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Қоғамның таңдаулы адамдарына арналғанына байланысты XVIII ғасырдың аяғында бұл театр құлдырай бастайды. Кунь-шань театры жоғары драматургияны, керемет музыкалық, сахналық және актерлік өнерді біріктірген жаңа театрлық түр әкелді.
Куньцюй жанрының дамуына кейін куньцюй театрының вокалдық теориясына айналған "таза ән айту" куньцян теориясын айтып кеткен "Цюй Люй" ("Арияның метрикалық заңдылықтары") атты шығарманы қалдырған танымал актер әрі композитор Вэй Лян-фудың рөлі зор болды. XVIII ғасырдың ортасы мен аяғында куньцюйдің басты орталықтары Янчжоу және Пекин қалалары болды. Осы XVIII ғасырдың аяғында жаңа театр жанры, кейін қытайдың кәсіби театрының жалпы ұлттық түріне айналған — Пекиндік музыкалық драма пайда болды. Пекиндік музыкалық драмада көптеген жергілікті жанрлар бас қосты, солардың ішінде куньцюй ерекше орын алды. XIX ғасырдың ортасында Пекиннің музыкалық драма театры (Пекиндік, немесе астаналық опера) барған сайын Қытайдың классикалық драмасының ұлттық театр сипатын алды. Классикалық театрдың күрделі мәдениеті үлкен көркемдік өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл театр спектакльдерінде декорациялық безендіру мүлдем жоқ болды. XVII—XIX ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинъ-цян, юэцзюй, т.б. кұрылды. XIX ғасырда сол жергілікті театрлар негізінде пекиндік музыкалық драма (цзинси) дүниеге келді. Бұл кейінірек Қытайдың жалпы ұлттык классикалық музыкалы драмасына айналды. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.
Белгілі бір затты қиялда елестету арқылы ойнау, ойды шартты тәсілдермен, қимыл және ым-ишарамен білдіру, ой-қиялдағы заттар мен ойнау және реквизит заттарын аллегориялық-бейнелеулік арқылы қолдану (ескек — қайықпен жүзу), т.б. — қытай театрындағы актерлік өнердің негізгі ерекшелігі болып табылады. Орындаушының арнайы қолданған ым-ишараты, жүріс-тұрысы, гримі, костюмінің түсі мен тігілуі кейіпкердің мінез ерекшелігін, қоғамдағы орнын, т.б. көрсетеді. Грим мен костюмде түр-түстердің символикасына, ою-өрнекке ерекше мән берілді.
Мысалы, қызыл түс — ерліктің белгісі, ақ — зұлымдық пен өтіріктің белгісі болса, ал сары түс — императорлар мен будданың түсі деп саналды. Қытай театрында амплуа жүйесі берік қалыптасқан. Қытай театрының барлық кейіпкерлері төрт топқа бөлінеді: шен — ерлер рөлі, у — әскери адамдар, дань— әйелдер және чоу—комедиялық рөлдер. Осылардың әрбіреуінің өзіндік қимыл-қозғалыс пен драмалық әрекеттер кешені болды. Бұл театрдағы актерлік өнердің жоғары техникасы, дәстүрлі сахналык бейнелердің терең психологиялық трактовкасымен үйлесім табады.
Әлемдегі ең үлкен театр аспан асты елінің астанасы Бейжің қаласында орналасқан. Қытай халық үлкен театры 2007 жылы салынып, дәл сол жылдың аяғында өз шымылдығын ашқан болатын.
Театр 6500 орынды. Ғимарат ұзындығы 212 метр, ені 143 метр, биіктігі 46 метр. Аумағы 100 000 шаршы шақырымға жететін нысанды 22 000 металл қоршаған. Пайдаланатын аумақ 150 000 шаршы шақырым.
Күмбезі титан мен әйнектерден жасалған театр таяз тоған ортасында орналасқан. Жоба авторы сәулетші Поль Андренің айтуы бойынша, тікбұрышты тоған мен оның ортасындағы сопақ ғимарат «Жер мен Көк» деп аталатын көне қытай космологикалық белгіні сипаттайды. Алайда, бұл жоба көпшілік тарапынан бірталай сынға ұшырады. Қытай сәулетшілерінің пікірінше, Тяньаньмэнь алаңы мен Жабық қала жанында орналасқан ғимарат өзінің заманауи келбетімен тарихи ауданның сәнін бұзады. Театр бюджеті 400 млн АҚШ долларын құраған. Қытай халқы жаңа ғимараттың пішінін үйрек жұмыртқасымен салыстырды.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
СҒЗЖ
Тақырыбы: Ежелгі Қытай театры
Орындаған:Төленді Арайлым
Тобы:МS 19-6K2
Қабылдаған:Жандарбеков Әбілқайыр
Шымкент 2021
Достарыңызбен бөлісу: |