«№1 жалпы дәрігерлік тәжірибеде науқастарды жүргізу алгоритмі»


) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы



бет64/92
Дата03.05.2024
өлшемі5,23 Mb.
#201726
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92
Байланысты:
Экз ответы ОПВ1

3) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы,
физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция), одан 6 айға дейін тек
қана емшекпен қоректендіру, қосымша тамақ беруді 6 айында енгізу мәселесі бойынша
сұрайды;
4) ата-ананы немесе заңды өкілін баланы ойын, сөйлесу, оқу арқылы дамуына
көмектесуге үйретеді; гигиена мәселесі, бала тәрбиесіне ата-анасының екеуінің (бар
болған жағдайда) де бірлесе қатысуына, медициналық көмекке шұғыл жүгінуі қажет
аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді;
5) балалар жасындағы аурудың белгілері туралы (жөтел, диарея, температура және
басқа) ата-ананы немесе заңды өкілін хабардар етеді және олар туындаған жағдайда
консультация береді;
6) вакцинациялау жүргізуге жәрдемдеседі;
7) баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігі мен дамуына қауіп төндіретін
әлеуметтік қауіптерге баға береді және қауіптер анықталған жағдайда ол туралы
емхананың әлеуметтік қызметкерін хабардар етеді.



  1. Баланың денсаулығын және дамуын анықтайтын негізгі факторлар.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027182



Негізгі қауіп топтары:
1-ші топ – ОЖЖ-нің патологиясы даму қаупі бар жаңа туылған балалар
Қауіп факторлары: анасының жасы 16 дан төмен және 40 тан жоғары; анасының зиянды әдеттері және кәсіби зияндылықтары, анасының экстрагенитальды патологиясы; жүктілік және босану патологиясы (токсикоз, түсік тастау, жүктілікті үзу қауіптері, қағанақ суының көптігі, анамнезінде көп ұрықты жүктілік, ұзаққа созылған немесе қарқынды босану); токсоплазмоз және басқа да инфекциялық аурулар; бала дене салмағы 4000г-нан жоғары,мерзімінен артық жүктілік, асфиксия, стигмалар.
2-ші топ – құрсақішілік инфекциялану қаупі бар жаңа туған нәрестелер
Қауіп факторлары: анасының экстрагенитальды патологиясы; гинекологиялық қабыну аурулары; болсану патологиясы ( ұзақ сусыз аралығы, плацента патологиясы); жүктіліктің III триместрде басынан өткізген инфекциялық ( қызылша, токсоплазмоз, цитомегалия, ЖРВИ) и бактериальды аурулар; шала туған балалар, құрсақішілiк дамудың кешеуілдеуі (ҚІДК).
3-ші топ – трофикалық бұзылыстар және эндокринопатия даму қаупі бар жаңа туған нірестелер
Қауіп факторлары: анасының экстрагенитальды патологиясы(қант диабеті, гипотиреоз, семіздік, гипертониялық ауру); болып өткен аборттар; жүктілік патологиясы (айқын токсикоз); 4-ші және одан көп босанулар; туылғандағы дене салмағының үлкен болуы, гипотрофия, шикілік , егіз балалар; анасында гипогалактия , ерте жасанды тамақтандыру, мальабсорбция синдромы; тұрақсыз нәжісі бар балалар, анасының зиянды әдеті бар (шылым шегу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет