«№1 жалпы дәрігерлік тәжірибеде науқастарды жүргізу алгоритмі»


Денсаулық топтары (деңгейлері)



бет61/92
Дата03.05.2024
өлшемі5,23 Mb.
#201726
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
Байланысты:
Экз ответы ОПВ1

Денсаулық топтары (деңгейлері)

  1. Топ - абсолютті дені сау балалар (дамуымен қызмет деңгейі қалыпты, яғни барлық 6 негізгі критерий бойынша ауытқулардың болмауы)

  2. Топ – дені сау, бірақ функционалды және кейбір морфологиялық ауытқулары бар,сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмен балалар

  3. Топ – компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар, ағзаның функциональды мүмкіншілігі сақталған балалар, субкомпенсация сатысындағы, ағзаның функциональды мүмкіншілігі төмендеген; декомпенсация жағдайы, ағзаның функциональды жағдайы айтарлықтай төмендеген.




  1. ДДҰ стандарттары бойынша БМСК «Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронажының әмбебап прогрессивті моделі».

Баланың өміріне, денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптерді анықтау және төмендету, сондай-ақ қаупі жоқ отбасына міндетті бару санын азайту мақсатында жүкті әйелдерді, нәрестелер мен ерте шақтағы балаларды үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыру Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) ұсынған әмбебап-прогрессивті моделінің негізінде жасалады. Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарланған үйге барулармен қатар (әмбебап тәсілдеме) баланың өміріне, денсаулығына немесе дамуына әсері бар медициналық немесе әлеуметтік қауіптің болуына байланысты ерекше қолдауды қажет ететін жүкті әйелдерге, нәрестелер мен балаларға арналған жеке жоспар бойынша қосымша белсенді бару енгізіледі (прогрессивті тәсілдеме).
39. Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі және жүкті әйелдерге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) босануға дейінгі 2 патронаждан және ал балаларға осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес үйде жүкті әйелдерді, нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды жалпы бақылау сызбасы бойынша және МСАК көрсету кезінде деңгейінде МҰ қабылдауда 9 рет барудан тұрады.
40. Прогрессивті тәсіл осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес жүкті әйелдердің және 5 жасқа дейінгі балалар патронажының әмбебап-прогрессивті моделінің сызбасы бойынша (мейіргер ісінің маманының үйге патронаждық баруы) өміріне, денсаулығына , дамуына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық және әлеуметтік сипаттағы қауіптер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейд.
41. Бірқалыпты қауіп анықталған жағдайда (оның ішінде емізуге, қосымша тамақтандыруға қатысты мәселелер, гигиеналық дағды, ойнау, қарым-қатынастағы қиындықтар және т.б.) мейіргер ісінің маманы оны жою бойынша өз бетінше немесе учаскелік дәрігермен бірлесіп жұмыс жүргізеді. Отбасы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жоғары қауіп жағдайында (балаға қатал қарау, зорлық-зомбылық, жақтырмау, мүгедектік және т.б.) мәліметтер әлеуметтік қызметкерге, психологқа және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды, білім беруді, әлеуметтік қорғауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, аумақтық полиция департаменттеріне, үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет